Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет22/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

36
ЖАСЫ - 6 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Емшек емумен немесе жасанды тамақ берумен қатар 
балаға қосымша жартылай қатты тамақтарды (көкөніс 
езбесі, ботқа) беріңіз. Әрбір тамақ бергеннен кейін 
немесе ұйықтар алдында баланың тісін тазалаңыз, 
мүмкіндігінше тіс пастасынсыз, шетканың өзімен ғана.
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Емшектегі балаға тек алты ай толғанша емшек береді. Балаға алты ай толған соң 
ана сүтімен бірге жартылай қатты тамақ береді (езбе, ботқа). 
Есте сақтаңыз: 6-8 айлығында ана сүті мен бейімделген қоспа бұрынғысынша 
сәби үшін негізгі тамақ болып қала береді. Сондықтан қосымша тамақты бала 
емшектен шығып кететіндей етіп көп бермеу қажет. Ол үшін мынадай негізгі 
қағидатты сақтаңыз: 
алдымен балаға тамақ бересіз, одан соң емізесіз!
Қосымша тамақты таңдаған кезде жергілікті жерде өндірілетін өнімдерге 
артықшылық берген дұрыс, сонымен қатар берілетін тамақты анасы өз қолымен 
дайындауы және оның жаңа ғана әзірлегнен болуының да маңызы зор
ТАМАҚ МЫНАДАЙ 
БОЛУҒА ТИІС:
• Уақытылы 
• Нәрлі
• Жиілігі 
мен 
көлемі 
жағынан жеткілікті 
• Сақтауы, 
дайындауы 
жағынан қауіпсіз 
• Белсенді түрде желінуге 
(тамақ берген кезде 
ата-ананың қатысуы, 
тамақты қасықпен 
беру, бала қасықты өз 
қолымен ұстауы).
Бала басқа тамақ ішуге 
физиологиялық тұрғыдан 
нақ осы 6 айлығында 
дамып жетілетіндіктен, 
тамақты уақытылы 
берудің маңызы зор. Оның 
энергияға және нәрлі 
заттарға мұқтаждығы 
емшек сүтінен алатын 
заттарға қарағанда арта-
ды.


37
Балаға тамақты ерте беру сәбидің өсуі мен дамуына кері әсер ететінін ұмытпау 
керек: 
• анадан сүт бөліну азаяды,
• тамақ пен су арқылы баланың инфекция жұқтыру қаупі артады, 
• ішектің жетілмеуінен аллергиялық аурулардың пайда болу қаупі күшейеді, 
• рационның энергетикалық тұрғыдан толық болмау қаупі көбейеді, тамаққа 
дәстүрлі түрде энергетикалық және нәрлілік құндылығы емшек сүтінен 
әлдеқайда төмен сұйық ботқалар мен сорпа пайдаланылады. 
Тамақты кеш берген де дұрыс емес, өйткені баланың басқа тамаққа қызығушылығы 
жоғалады, ол жартылай қою, қою және қатты тамаққа дағдыланып алады, 
соның салдарынан нәрлі заттардың, дәрумендердің, минералдардың және т.б. 
жетіспеушілігі дамиды, бұл қан аздығы мен басқа аурулардың дамуына алып 
келуі мүмкін. Тамақ ішуді уақытылы бастамаған балалар әдетте өсуі мен да-
муы жағынан қатарластарынан қалып қояды және денсаулығында кінәраттары 
болады. Қосымша тамақ беру және балаларды тамақтандыру ережесі туралы 
ақпаратты Сіз Балаларды тамақтандыру бойынша ұсынымдар тарауынан таба 
аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет