39
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала өзінің қалауы бойынша қолына
ойыншықты ұстап, оны аузына салады.
Шалқасынан етпетіне аударыла алады,
етпетінен жатып, білезігін таянып,
кеудесін
көтереді. 6 айға қарай енді ол етпетінен
шалқасына аударылады, шалқасынан жатып
басын көтере алады.
6 айға дейін баланың
аяқтары мен қолдарын
бүгуге мүмкіндік беретін бұлшық еттері тар-
тылып тұрады, ал омыртқа және мойын
бұлшық еттері әлсіз болады, сондықтан бала
отыра алмайды. Бірте-бірте аяқ-қолдарының
бұлшық еттерінің тартылуы босап, мойын
мен омыртқаның
бұлшық еттері нығаяды, бала отыра бастайды және еңбектеуге
алғашқы талпыныс жасайды.
5-6 айлығында бала дыбыстар мен дауысқа
еліктейді, әңгімелесушіге түрлі дыбыстармен жа-
уап
қайтарады, жекелеген буындарды айта ба-
стайды. Бала өз адамдарын басқалардан ажы-
рата алады, енді басқаларды жатырқап, қорқуы
мүмкін.
Балаға 6 айдан бастап кітап оқу –
оның дамуы-
на ықпал ететін ең жақсы әдіс. Ауызға салуға бо-
латын жұмсақ винилді немесе матадан жасалған
кітаптарды пайдаланыңыз. Сондай-ақ балаға
тарсылдатып немесе соққылап ойнай алатын-
дай тартуға немесе
ұстауға болатын бөлшектері
бар дөңгелек жиекті ойыншықтарды, айнасы бар
ойыншықтарды беріңіз. Дәрігермен кеңесіңіз
және ОЙЫНШЫҚТАР және БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА
КӨМЕК бөлімін қараңыз (96 және 98 беттер).
Бұл жаста бала 12 ай толғанға дейін күніне орташа есеппен 14 сағат ұйықтайды.
Күні бойына бала 2-3 рет ұйықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: