Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет15/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

Назар аударыңыз! 
Егер 2 екі айлық бала күлмесе, оны міндетті түрде дәрігерге 
көрсету қажет!
ЖАСЫ – 2 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Етпетінен жатып басын көтереді және 
осы қалпында басын ұстап тұра ала-
ды.
Баланы ішіңізге жатқызыңыз. Көзіне 
көзіңізді қадап, онымен әңгімелесіңіз 
немесе ән айтып беріңіз. Бұл баланың 
дамуына ықпал етеді.


23
ҚАУІПСІЗДІК
Ұйықтаған кезде бала шалқасынан жатуға тиіс. Баланы үстелге немесе кереуетке 
тіпті бірнеше секундқа да қалдыруға болмайды. Ваннадағы судың температурасын 
қашан да тексеріңіз. Баланы ешқашан селкілдетпеңіз, ол баланың жүйке жүйесін 
зақымдап, омыртқасына айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін. Шылым шегудің зиян 
екенін еске сақтаңыз, сондықтан үйде/пәтерде шылым шегуге тыйым салыңыз.
ЕГЕР БАЛАДАН МЫНАДАЙ БЕЛГІЛЕР БАЙҚАЛСА:
• емшекті сүлесоқ сорса немесе одан бас тартса;
• қолдары мен аяқтарын аз қозғалтса;
• қатты дауысқа не жарыққа әлсіз жауап қайтарса немесе мүлдем қайтармаса;
• ешбір себепсіз ұзақ жыласа;
• әрбір емгеннен кейін құсса және іші өтсе; 
• ұстағанда денесі ыстық болса (37,5 °С-ден жоғары);
• ұстағанда денесі салқын болса (36,5 °С-ден төмен);
• жиі және ауыр дем алса, ыңырсыса; 
• алақандары немесе табандары сарғыш тартса;
• 2 ай бойына салмақ қоса алмаса, ОНДА ТЕЗ АРАДА МЕДИЦИНА 
ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ АПАРЫҢЫЗ
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер туралы ұмытпаңыз! Медицина қызметкерінен екпе алатын 
нақты уақытты және орнын анықтаңыз. 
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 


24
иӘ 
ЖОҚ 
Сіз киіндіріп жатқанда балаңыз қолдары мен аяқтарын 
қозғап, Сізге қарай ма? 
Онымен сөйлескен кезіңізде езу тарта ма? (Сіз оны алған 
рет қашан байқағаныңызды көрсетіңіз / күні....................) 
Оның көзқарасында, көзінің қозғалысында қандай да бір 
әдеттен тыс ерекшелік бар ма? 
Сіз қозғалған кезіңізде ол Сізді көзімен бақылай ма, оны 
әрірек барып шақырғаныңызда Сіз жаққа қарай басын 
бұруға тырыса ма?
Етпетінен (ішімен) жатқанда басын көтере ме, басын жақсы 
ұстай ма? 
Баланы таза ауаға шығарасыз ба?
Міндетті екпелерін жасаттыңыз ба? 
Бала күтімінде сізге не нәрсе ерекше қиындық туғызады? 
Баланың өсуі мен дамуы бойынша жүргізген бақылауыңызды сипат-
тап жазыңыз, өз ойыңызша, баланы дәрігерге көрсетуді талап етеді деген 
жағдайларды және басқа да маңызды түсініктемелерді келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет