Жеке карточка


-ЖАТТЫҒУ. БИЛЕТУ (4— 6 РЕТ)



Pdf көрінісі
бет12/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

9-ЖАТТЫҒУ. БИЛЕТУ (4— 6 РЕТ).
БҚ: баланың бетін өзіңізге қаратып, қолтығынан ұстап, үстелге 
қойыңыз. Үстелдің қатты бетіне тигендіктен, баланың жарты-
лай бүгіліп тұрған аяғы тізеден және жамбас буынынан реф-
лекторлы түрде өздігінен тіктеледі. Мақсат – аяқтың бұлшық 
еттері мен тіректерін қатайту.


18
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бұл жастағы баланың қозғалмайтын заттарға аз уақытқа 
көзі түседі, ойыншықтың қозғалысын көзімен бақылайды
ішімен жатқан кезде шуға селк етіп, жауап қайтарады, 
басын көтереді, бірнеше секундқа басын ұстап тұра ала-
ды, ара-арасында күледі. Жақсы уілдейді (а-а-а, м-м-м). 
Төрт ай толғанша тәулігіне 14-15 сағат ұйықтайды. Әрбір 
ұйқының арасындағы интервал 4-6 сағатты құрайды.
ТУЫНДАУЫ МҮМКІН ҚИЫНДЫҚТАР
Нәрестелер мен емшек еметін сәбилердің өз талаптарын 
тек жылап білдіретіндіктен жиі жылайтынын есіңізден 
шығармаңыз. 
Бала кекіруі мүмкін. Егер баланы емізіп болғаннан кейін 
құсып тастағанша тік қалпында ұстасаңыз, ол мәселені 
шешуге болады, тек содан кейін ғана баланы кереует-
ке жатқызуға болады. Кекіруді құсудан ажырата біліңіз. 
Егер бала қайталап құсса, онда міндетті түрде дәрігерге 
қаратыңыз!
Іштің ауыруы (шаншу) ішке газдың жиналуына, анасының 
емдәмді бұзуына (егер бала еметін болса) немесе салқын 
ұстап қалуына байланысты болады. Іші шаншыған кез
-
де бала тым кірпияз болып, сіркесі су көтермей, әсіресе 
түнде жылайды. Ішін жеңіл сылаңыз, жылы ұйық кигізііңіз. 
Дәрігерден кеңес алыңыз.
Іштің ауыруы (шаншу) ішке газдың жиналу
-
ына, анасының емдәмді бұзуына (егер бала 
еметін болса) немесе салқын ұстап қалуына 
байланысты болады. Іші шаншыған кезде 
бала тым кірпияз болып, сіркесі су көтермей
әсіресе түнде жылайды. Ішін жеңіл сылаңыз, 
жылы ұйық кигізііңіз. Дәрігерден кеңес 
алыңыз.
Заттардан аз уақытқа 
дейін көзін алмайды.
Еміп болғаннан кейін ба-
ланы құсып тастағанша 
тік қалпында ұстаңыз
Баланы ешқашан селкілдетпеңіз. Бұл 
баланың денсаулығы үшін қауіпті!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет