7
Баланы кеудеге дұрыс ұстау белгілері оның мынадай қалпы болып табылады (4):
• Баланың басы мен денесі тік
• Баланың денесі мен беті анасының омырауына қаратылып, мұрны үрпінің
деңгейінде
• Баланың денесі ананың денесіне жақын
• Ана баланың мойыны мен иығын ғана емес, бүкіл денесін ұстайды
Баланы бауырға алу үшін (3):
• Баланың ерніне емшекті тигізу
• Баланың аузын кең ашуын күту
• Баланың астыңғы ерні барынша емшектің астында қалатындай болу үшін
оны
тез омырауға жақындату керек
Балаңыздың дұрыс соруын тексеріңіз (4):
• Баланың аузы кең ашылған
• Баланың иегі анасының кеудесіне тиіп тұр
• Емшек айналасының көп бөлігі жоғарыдан қарағанда көрінеді
• Төменгі ерні сыртқа қарай шығып тұр
Баланы түрлі қалыпта емізуге болады
8
Үрпі жарылып кетпеуі үшін әр емізген сайын баланың дұрыс ему (4-3-4)
белгілерін тексеріңіз.
• Емізу ұзақтығы әр баланың жеке ерекшелігіне және оның белсенділігіне бай
-
ланысты – нәресте бір емгенде қанша сүт
еметінін өзі реттейді, сондықтан
емізу уақытын қысқартудың қажеті жоқ.
• Әр емізген сайын балаға ең болмағанда бір емшекті тауысып емуге
тырысыңыз, өйткені нақ осы соңғы иірім сүттің
нағыз нәрлі бөлігі болып
табылады, егер оны емгеннен кейін де бала тоймаса, онда екінші емшекті
беріңіз.
• Егер бала бір емшекті тауысып еміп, оған қарны тоймаса оған екінші емшекті
беріңіз. Келесі емізгенде балаға алдыңғы емізген
кезде емген емшектен ба-
стап емізіңіз.
• Кеудедегі сүттің мөлшеріне алаңдап, оны келесі емізгенге «жинаудың» қажеті
жоқ, балаңызға сүтті қаншалықты берсеңіз, сәбидің күн сайын артып отыра-
тын қажеттілігіне орай соншалықты сүт шығады.
•
Бала қанша сұраса, сонша – тәулігіне кемінде 8 рет, күндіз де, түнде де емізе
беріңіз. Баланы түнде 2 ретке дейін емізу оның тамағының түнде тоқ бола-
тынын және өзінің қауіпсіз екенін сезінетінін ғана білдірмейді, ол
сонымен
қатар келесі күн бойында сүттің шығуына көмектеседі.
Егер балаңыз кіші дәретке тәулігіне кемінде 6-8 рет баратын болса; үлкен дәретке
күн сайын баратын болса (кейде әр емген сайын); емгеннен кейін баладан оң
эмоция байқалатын болса; аптасына орташа есеппен 125-150 грамм салмақ
қосатын болса, балаңызға емшек сүтінің жеткілікті болғаны.
Достарыңызбен бөлісу: