Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет35/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

58
БАЛАНЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Баланың тамағы жеміс пен көкөністерге бай болуы өте маңызды. Тәттілерді 
тұтынуды шектеңіз (кәмпиттер, шоколад), оның орнына оған жемістер мен 
құрғақ жемістер ұсыныңыз. Қуырылған тағамдарды, шұжық өнімдерін шектеңіз, 
зауыт шырындарының орнына балаға жаңа сығылған жеміс шырындарын неме-
се қантсыз құрғақ жеміс қайнатпасын беріңіз. 
Баланы тамақтан соң аузын шаюға (әрине, Сіздің 
көмегіңізбен), тісті тіс пастасынсыз жұмсақ тіс 
жөкесімен (щеткасымен) тазалауға үйретіңіз, оны 
ойын түрінде жасаңыз; Сіз тісіңізді жуғанда оны 
қасыңызға отырғызып қойыңыз, оған тіс щеткасын 
беріп, ол Сізге еліктейтіндей болсын. 
Баланың күн тәртібін мынадай етіп тиімді бөлуге 
тырысыңыз: тамақтану, ұйқы, ойын, таза ауада 
қыдыру. 
Бұл жаста ұйқының ұзақтығы - 12-14 сағат. 18-21 
айлық бала бір мезгіл ұйқыға ауысады.
Ата-аналар баланың қалай ұйықтап жатқанын 
қарауы керек, оның ұйқысы бұзылған жоқ па. (сандырақтау, ұйықтап жатып 
шыңғыру, күтпеген жерден жылап ояну).
Егер Сіз жоғарыда айтылған белгілерді байқасаңыз, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. 
БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Бала жақсы жүреді, жүгіреді, үлкендердің көмегімен немесе тіректен ұстап 
аяқтарын басқышқа кезек қоя отырып, баспалдақпен жоғары көтеріледі, 
орындыққа өрмелеп шыға алады, кедергілерден өте алады, үлкендердің 
әрекеттеріне еліктейді, доппен ойнайды, өз бетімен тамақ іше бастайды және 
стақаннан ішеді, шешіне алады, «әке», «апа» дегеннен басқа 2-3 жекелеген 
сөзді айтады, қалаған затын көрсетеді. Бала кітапты дұрыс ұстай алады, зат-
тарды аудара алады, саусақтарын қозғалтады, ұстап көріп, заттарды таниды, 
ойыншықтарды мақсатына қарай пайдаланады, «қайда» деген сұраққа қолының 
қолымен көрсетеді, заттардың формасын ажыратады: доп (дөңгелек), кубиктер 
(төртбұрышты), және басқа. Басқаларға аяушылық танытады. Үлкендермен ой-
найды, егер бір нәрсені орындау барысында қиындыққа тап болса, үлкендерден 
көмек іздейді. Үлкендерге дәретке барғысы келетінін айтады, бірақ әлі де болса 
көмекке мұқтаж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет