Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет38/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

64
БАЛАНЫҢ ТАМАҒЫ
Баланы дұрыс тамақтандыру экологиялық таза өнімдерді және әртүрлі, 
дәрумендерге бай рационды қолданудан тұрады. Әртүрлі дегеніміз – ерекше/
экзотикалық деген емес, керісінше, жергілікті жердің бірнеше ұрпақты өсірген 
тағамдарына артықшылық беру керек. Бұл жаста балалар тез өсетін, көп энергия 
жұмсайтын болғандықтан, оларды дамыту үшін алуан түрлі тағамдар беру қажет. 
Балаңыз отбасымен бірге таңертеңгі, түскі және кешкі асын ішеді, отбасының 
барлық мүшелері ішетін тамақты ішеді. Баланың рационына отбасы дастарха-
нынан мынадай тамақтар кіруге тиіс: 
• ет, бауыр, балық, бұршақ тұқымдас дақылдар, піскен жұмыртқа
• түрлі көкөністер, көк, жемістер, жаңғақтар;
• сүт және сүт өнімдері (сүзбе, ірімшік, қатық және айран).
Сәбидің порциясы бұл кезеңде жеткілікті мөлшерде көбірек болуға тиіс, балаға 
әрбір тамақтандырған сайын кемінде 300 мл (шамамен 1,5 стақан) тамақ беру 
керек.
Қосымша 2 рет тамақ беру бұрынғыша қала береді: жемістер, бөлкемен қатық 
немесе айран ет немесе ішек-қарын қосылған самса, қаймақ жағылған құймақ. 
Балаға тәтті тағамдарды (кәмпит, шоколад, тәтті нан, торт), оның ішінде газдалған 
тәтті сусындарды беруге болмайды. Балаға чипстерді немесе қуырылған фри 
- картопты бермеңіз. Тым тұзды, қышқыл, ащы немесе дәмдеуіштер салынған 
тамақты беруге болмайды. Бала ойнап немесе жүгіріп жүрген кезде тамақ беру-
ге болмайды. Тамақ ішкен кезде бала тыныш отырып жеуі керек. Бұл кезде оны 
ересек адамдардың қарап отырғаны дұрыс. Бұл жаста баланың тәбеті жақсы бо-
луы да, нашар болуы да, сонымен қатар тамақ жеумен байланысты басқа да 
проблемалары болуы мүмкін – бұл әбден қалыпты жағдай. Бала тамаққа өзіндік 
қарым-қатынасы арқылы өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Сөйтіп, оның 
бойында тәуелсіз болу сезімі қалыптасады, ол бәрін де өзі істегісі келеді. Сөйте 
жүріп ол бәрін былғайды, көптеген артық қимылдар жасайды, бірақ мұның 
бәрінің де баланың дамуы үшін маңызы бар. 
Осы жаста балалардың барлығы қажетті тағам мөлшерін (1,5 стақан) өз 
беттерімен жей алатын халде екенін ұмытпау керек, сондықтан ата-ана-
лар мен отбасының бала күтімімен айналысатын барлық мүшелері «белсенді 
тамақтандыру» қағидатын пайдалануға тиіс. Бұл балаға тәрелкеден тамақты теріп 
жеуге көмектесу, оны мақтау, ойын компоненттерін пайдалану – тамақтандыру 
үдерісіне отбасы мүшелерін тарту, ойыншықтар және т.б. көмектесу қажет екенін 
білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет