Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет40/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ҚАУІПСІЗДІК
Жағдайдың қауіпсіздігінің ұсынымдарға сәйкестігін тағы бір рет тексеріңіз. 
Баланың теледидар алдында өткізетін уақытын шектеңіз:
• Балалар бөлмесінде теледидар болмауы керек;
• Баланың 1-2 сағатқа дейін теледидар немесе компьютер алдында отыра
-
тын уақытын шектеңіз. Бұны кезең-кезеңмен жасауға болады. Бала көбірек 
белсенді болуды қажет ететін іспен айналыссын. Балаға орындаған кезде 
рахаттанатындай тапсырмалар беріңіз (мысалы, сурет салсын немесе ма-
шинамен ойнасын);
• Егер бала теледидардың немесе компьютердің алдында уақытын аз 
өткізетін болса, ақылға қонарлық мадақтау жүйесін ойластырыңыз (мы-
салы, оны қосымша аттракциондар саябағына апаруға уәде беріңіз);
• Тамақтанған кезде теледидарды өшіріп қойыңыз;
• Балаға ұйықтардан 2-3 сағат бұрын теледидар көруге тыйым салыңыз;
• Сіз өзіңіздің де теледидарды аз көретініңізді және уақытыңыздың көп 
бөлігін оқуға және балаңызбен ойнауға жұмсау арқылы балаңызға үлгі 
көрсетіңіз. Баламен үстел үстінде ойналатын ойындарды ойнау – ең 
дұрысы. 
ЕГЕР СӘБИІҢІЗ:
• сұйық іше алмаса немесе тамақ жеуден және ішуден бас тартса
• әдеттен тыс ұйқы басса немесе оны ояту мүмкін болмаса
• әрбір тамақ ішкеннен кейін құсатын болса
• ауырған кезде аяқ-қолы құрысса
• тамақтан немесе сұйық ішуден бас тартса
• ұстағанда денесі ыстық болса (38 және одан жоғары) және қызуы түспесе;
• жөтелген кезде дем алысы қиындаса, жиі немесе сырыл болса, тұншыға 
бастаса
нәжісі қан аралас, сұйық болып іші өтсе,
• айналаға қызығушылық танытпаса, ересектермен қарым-қатынас жасай 
алмаса;
• жүрген кезде өзінің салмағын ұстай алмаса;


67
жарақат алған, тұйық болса, денесінде көгерген дақтар, күйіктің орны, 
тырналған сызықтар болса, әсіресе бала басқа адамдардың қарауында 
болған жағдайда;
нашар ұйықтаса;
• шамадан тыс белсенділік танытса;
• дамуы кенжелеу болса;
• 10 минут бойында назар қойып ойнауға қабілетсіз болса, ТЕЗ АРАДА МЕ
-
ДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚАРАЛЫҢЫЗ.
КЕЛЕСІ ҚАДАМДАР
Жоспарлы екпелер жалғасады. Медицина қызметкерімен алдын ала хабарла-
сып, екпе жасайтын уақыт пен орынды келісіңіз. 2 жастан 3 жасқа дейін баланың 
физикалық және психоәлеуметтік дамуын әрбір 6 ай сайын өлшеу қажет.
Дәрігерге баруға тиіс (күн, уақыт): 
Дәрігерден сұрау керек: 
Екпе алу үшін бару керек (қашан, қайда): 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет