180
5-тарау.
ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ
МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
25- тәжірибелік
сабақ. Құс өндірістерінде індетке қарсы
шараларды ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты
– студенттерге құс фабрикалары мен шаруашылық-
тарында инфекциялық ауруларға қарсы жалпы және арнайы күрес
шараларын ұйымдастыру ерекшекліктеріне талдау жүргізу.
Орны және жүргізу әдістемесі.
Сабақ кафедра дәрісханасында , жақын
орналасқан құс фермаларында немесе фабрикаларда жүргізіледі. Студент-
терден сұрау арқылы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық
және арнайы шаралар талданады. Жаппай
диагностикалық зерттеулер, бел-
сенді және иммундеу жұмыстарын атқаруға қажетті жабдықтар дайындайды.
Құс шаруашылықтарында түрлі балау әдістерін, қан алуды,
аллергиялық
зерттеуді, иммундеу тәсілдерін тәжірибеде қолдануды, сауықтыру шарала-
рының жоспарын құруды үйренеді.
Құс өндірістерінде індетке қарсы шаралар жүргізу принциптері.
Мал шаруашылығының басқа салаларына қарағанда
құс өсіруде заманауи
өндірістік мамандандырылған технология (ет, жұмыртқа өндіру, асыл
тұқымды балапандар шығарып, сату) кең түрде қолданылады.
Нәтижесінде
шағын территорияда бірнеше мыңдаған құс шоғырланады. Сондықтан құс
өсіру мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық,
ветеринариялық-санита-
риялық және арнайы шараларды кешенді түрде, қатаң орындау қажеттілігі
туындалған. Індетті қадағалау шараларының босаңсуы бұл саланы үлкен
экономикалық шығындарға ұшыратады.
Құс өсіруде тұрақты ветеринариялық саулықты сақтау үшін өндіріс
технологиясына байланысты (құс фермасы,
фабрикасы, шаруа қожалығы)
жұқпалы ауруларды дауалау шараларының арнайы жүйесі дайындалуы
қажет. Инфекциялық ауруларды дауалау, яғни олардың дер уақытында алдын
алу мәселесі, індетке қарсы күрес шаралар кешенінде өте маңызды.
Ірі құс фабрикаларында індетті
Достарыңызбен бөлісу: