Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет104/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары.
Тешен ауруын дауалау 
ветеринариялық-санитариялық шараларды дұрыс орындаудан тұрады. Ол 
үшін:
6)
сырттан тек қана Тешен ауруынан сау шаруашылықтардан жануарлар 
әкелінуі қажет; 
7)
доңыз өсіру технологиясы және ветсанитариялық тәртіп, малды 
дұрыс азықтандыру технологиясы сақталуы тиіс; 
8)
шамадан тыс малды топтастырмау қажет; 


177 
9)
ферма жабық мекеме ретінде саналып, ішкі және сыртқы 
санитариялық режимдер сақталуы керек.
Тешен ауруы анықталғанда, індет ошағына карантин қойылып, қатер 
төнген аймақ шекарасы анықталады. Індет ошағындағы барлық жануарлар
жойылып, қора-жай қидан тазартылып, 2-3 %-ды күйдіргіш натрдың ыстық 
ерітіндісімен дезинфекцияланып, санацияланады.
Қатер төнген аймақта шектеу қойылып, ондағы барлық доңыз 
эмулденген арнайы штамнан дайындалған формолвакцинамен иммунделеді. 
Доңыздың везикулярлы ауруы
(Morbus vesicularis suum, везикулярная 
болезнь свиней) – дене температурасының көтеріліп, безгектенумен, везику-
лалардың (күлдіреуіктердің) тұяқ арасында, ауыз қуысының кілегей қабық-
тарында, желінде байқалуымен орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен 
ерекшеленетін, жіті өршитін аса жұғымтал вирустық ауру. 
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – пикорновирус тұқымдасына жататын 
РНК-лы энтеровирус жоғары температураға төзімсіз, қида 4 айға дейін, 
тоңазытылған доңыз етінде бірнеше жыл сақталады. Қышқылдар мен сілті-
лерге (басқа вирустаға қарағанда) жоғары төзімділігі, оның ұзақ уақыт сырт-
қы ортада вирулентілік қасиетін сақтауына мүмкіндік береді. 
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде бұл аурумен жасына, 
жынысына, тұқымына қарамастан барлық доңыздың ауыратыны, негізінен 
жанасу арқылы, және вируспен зарарланған азық арқылы жұғатыны, маусым-
дылығының болмайтыны ескеріледі. Ауырған доңыздардың арасынан өлімге 
(5% жағдайда) көбінесе енесінің бауырындағы торайлар шалдығатыны
назарға алынады. 
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і екі фазада өтеді. Бірінші фаза 48-72 
сағатқа созылады. Бұл аралықта жануардың құты кетіп, қызуы көтеріліп, 
тістің қызыл еттерінде, танауында, ауыз маңында везикулдер (күлдіреуіктер) 
пайда болады. Ауыздан сілекей ағып, ауыз қуысының тері асты ұлпалары 
қабығып, домбығады.
Күлдіреуіктердің жарылуымен дене температурасы қалыпқа келеді. 
Ауырудың екінші фазасында күлдіреуіктер тұяқ арасында пайда болып, 
қабыну процесінің әсерінен ауырсынып ауру жануар ақсаңдайды. 
Індеттанулық, клиникалық белгілері арқылы доңыздың везикуларлы 
ауруын: аусылдан, везикуларлы стоматиттен, везикуларлы экзантемадан 
ажырату қиындықтар тудырады. Сондықтан ауыру жануарлардың кан 
сарысулары серологиялық тесттермен зертеледі. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т е у күлдреуіктерден вирусты бөліп 
алып, оның түрін идентификациялаудан тұрады. Вирус антигенін ажыратуға 
серологиялық реакциялар (ГАР. КБР; КҰБР, ИФР; ИФТ түрлі варианттарда) 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет