Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дизентерияны дауалау, ауру жануарды емдеу, індет ошағынан



Pdf көрінісі
бет101/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Дизентерияны дауалау, ауру жануарды емдеу, індет ошағынан 
арылу шаралары. 
Дизентерияны дауалау, жалпы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды дұрыс орындаудан тұрады. Ол үшін:
1)
сырттан тек қана дизентериядан сау шаруашылықтардан жануарлар 
әкелінуі қажет; 
2)
доңыз өсіру технологиясы және ветсанитариялық тәртіп, малды 
дұрыс азықтандыру технологиясы сақталуы тиіс; 
3)
шамадан тыс малды топтастырмау қажет; 
4)
фермада санитариялық режимдер сақталуы керек; 
5)
қора-жай тұрақты түрде санациялануы тиіс.
Дизентерия алғаш рет анықталғанда, індет оашғындағы барлық жану-
арларды етке өткізіп, қора-жайды санациялау тиімді саналады. Ал бұл 
аурудан тұрақты сау емес фермаларда профилактикалық шаралар жалпы 
ветсанитариялық тәртіптерді дұрыс орындаудан және телімді емдеу препа-
раттарын қолданудан тұрады.
Дизентерияны дауалауға және емдеуге көптеген телімді дәрі-дәрмектер 
қолданылады. Оларды қолдану схемалары жануарлардың жастық ерекше-
ліктеріне байланысты әртүрлі болады (арнайы нұсқауларға қараңыз). 
Вирустық трансмиссивті гастроэнтерит
(Дойл және Хитчингс ауруы) 
– 3 аптаға дейінгі торайлардың диарея, құсықпен сипатталатын аса жұғымтал 
вирустық ауруы. 
Торайларда вирусты гастроэнтерит бактериалды инфекциялармен, 
әсіресе (40 % жағдайда) колибактериозбен араласып байқалады.
Вирустық гастроэнтериттің нозологиялық балауы індеттанулық, клини-
калық, патология-анатомиялық зерттеулерді кешенді түрде қолдану арқылы 
қойылады. 
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде торайлардың барлық тобы 
азықтануларына, бағып-күтулеріне қарамастан жаппай ауыратыны, ауыру-
дың маусымдылығының болмайтыны және өте жоғары жұғымталдығы 
ескерілуі қажет.
Негізгі к л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і іш өту, анасының бауырындағы 
сүтпен қоректенетін торайларда өте ауыр өтеді. Торайлардың өлімге шал-
дығу пайызы өте жоғары. Патология-анатомиялық өзгерістер гастроэнтерит 


175 
түрінде байқалады. Пат.материал ретінде жарақаттанған ішек және парен-
химатозды ағзалардан алынған кесінділер вирусологиялық және бактерио-
логиялық әдістермен зерттеледі. 
Аурудың нақтылы балауын қоюда жас торайларға биологиялық сынама 
қою маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет