173
қызыл дақтар саусақпен басып көргенде жоғалады. Аурудың созылмалы
түрінде терінің некроздануы кездеседі (36-сурет).
П а т о л о г и я л ы қ ө з г е р і с т е р
тілмеде айқын емес, әйтседе
теріде қызыл дақтар қалады, асқазан мен аш ішекте және лимфа түйіндерінде
гиперемия, жүрек клапанында фибринозды үйінділер (сүйелденген эндокар-
дит), қарын түбі кілегейлі қабығының домбығып, нүктеленіп қанталануы (35-
сурет) анықталады.
Тілменің нақтылы балауы бактериологиялық зерттеумен расталынады.
Е м і.
Ауырған доңызды телімді гипериммунды қан сарысуымен, анти-
биотиктермен, симптоматикалық дәрі-дәрмектермен емдейді.
Дауалау мақсатында түрлі вакциналық штамдардан (ВР-2, Конев, т.б.)
дайындалған, сонымен қатар ГОА формулвакцинасын жылына 2 рет
қолданады.
Індет ошағында шектеу қойылып, ауруға шалдыққан жануарлар оқшау-
ланып емделеді, саулары арнайы вакциналармен егіледі, ветсанитариялық
шаралар орындалады.
23- тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: