170
фектанттар ретінде күйдіргіш натрдың және формальдегидтің 2-3%
ерітінділері қолданылады.
Індеттанулық зерттеу
жүргізгенде обамен үй және жабайы
доңыздардың жасына, жынысына, тегіне қарамай ауыратыны назарға
алынады.
34-сурет. Доңыз обасы.
А – терідегі қанталаулар; Ә - лимфа түйініндегі қанталаулар;
Б – жұтқыншақтағы қанталаулар; В – Еуропа обасында талақтағы
инфаркттар; Г – бүйректің нүктелі қанталаулары; Ғ – тоқ ішектің кілегей
қабығындағы «бутондар».
Ауру қоздырушысының бастауы ретінде
вирусты тасымалдаушылар,
ауырып жазылған доңыздар басты рөл атқаратыны ескеріледі. Талдықорған
обылысының шаруашылықтарында 1980 жылдары бұл аурудың шығуына
европалық мемлекеттерден әкелінген ет-сүйек ұнтақтары (витаминді-
минералды азықтар) себеп болған.
Обаға індеттанулық тұрғыдан талдау жүргізгенде
шаруашылықтың
немесе індет анықталған ауылдық округтің басқа аймақтармен шаруашылық-
экономикалық байланыстары, ол өңірлерден мал өнімдерінің қалдықтары
171
әкелінгендігі, әкелінсе ондай азықтардың залалсызданғандығы анықталады.
Шаруашылыққа жануарлардың өзге өңірлерден әкеліп, әкелмегендігіне назар
аударылады. Обаның ошағын табиғатта жабайы доңыздардың сақтайтыны
назарға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: