Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет94/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Клиникалық балау. 
Паратуберкулезге тән клиникалық белгілердің бірі 
– малдың ішінің өтуі. Ауырған малдың сүті азайып, малдың іш өтуі күннен 
күнге ұлғая береді, малдың өте қатты күшенуінен омыртқасының 
майысатыны байқалады. Нәжісі – кілегейлі болып, көпіршіктеніп, тіпті қан 
араласу жағдайы да байқалады. Нәжісте жағымсыз иістер болады. Малдың 
тұрақты ішінің өтуіне қарамастан, дене температурасы өзгермейді және 
азыққа деген тәбеті жоғары болады. Аурудың соңғы кезеңінде малдың 
азыққа тәбеті төмендеп, қатты шөлдейді.
Ауруға нақтылы балау қою үшін бактериологиялық зерттеу жүргізіледі. 
Ол үшін тік ішектің кілегей қабығынан жағынды алып (аз дегенде 10 сынама) 
Силь-Нильсен бояуымен бояп қарайды. Теріс нәтиже алынған жағдайда 
малды сойып, аш ішекті мұқият зерттеп, жарақаттанған ішектің сілекейінен 
жағындылар жасалып, микроскопияланады, сонымен қатар гистологиялық 
зерттеу жүргізіледі. 
Бұл індеттен сау емес шаруашылықтарда инфекциялық процесс латентті 
түрде байқалатыны ескеріліп, жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер 
байқалмаған жағдайда аллергиялық сынама қойылады. Осы мақсатта 
алдымен табындағы мал туберкулезге аллергиялық зерттеледі. Оң нәтиже 
көрсеткен малдар оқшауланып, қалғандары құстарға арналған альттубер-
кулинмен тексеріледі.
Қойлар 3 айынан бастап құсқа арналған туберкулинмен зерттеледі.
Туберкулин көздің төменгі қабағының тері астына жіберіледі. Соңғы 
жылдары қойға құс туберкулинін жамбастың ішкі жағының тері ішіне 
жібереді. Реакция нәтижесі 48 сағаттан кейін есепке алынады. Туберкулин 


165 
еккен жерде қабыну ошағының пайда болуы, оң нәтиже деп саналады. 
Ғылыми деректерде КБР әдісін қолдану ұсынылған.
 
Табынды сауықтыру шаралары.
Ауру анықталған жағдайда шаруа-
шылыққа шектеу қойылып, клиникалық, аллергиялық, серологиялық зерттеу-
лердің нәтижесі бойынша оң нәтиже көрсеткендерін оқшаулап, жояды. 3 
айдан кейін қайталап малды жаппай аллергиялық әдіспен тексереді. 
Тек табын бойынша алынған 2 реткі теріс нәтижеден кейінгі бақылау-
лық мерзімдегі тексерулерде ауру мал анықталмаған жағдайда ғана, қоры-
тынды дезинфекция жүргізіліп , шектеу алынады. 
33-сурет. Сиыр аурулары. 
А – паратуберкулез қоздырушысы; Г – зілді катаральды қабынудағы 
конъюнктиваның жарақаттануы; Б – жұғымтал плеропневмонияда өкпенің 
жарақаттануы (гепатизациялану сатылары); В – вирустық диарея кезінде 
ауыз қуысының, танау айнасының жарақаттануы; Г – сиыр обасында 
еріннің жарақаттануы; Ғ – қарасан қоздырушысы. 
23-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет