Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Кампилобактериозды балау және
дауалау шаралары
 
Керекті жабдықтар.
Мақта тампондар, жыныс органдарынан сілекей 
алуға арналған ыдыстар, пробиркалар, жағынды алуға төсеніш шынылар, 
микроскоп, антибиотиктер, басқа да антибактериальды препараттар. 
Жүргізу орны және әдістемесі. 
Сабақ сиыр фермасында, қасапханада 
немесе ветерианриялық клиникада жүргізіледі. Студенттер клиникалық 
зерттеу тәсілдерін меңгеріп, кампилобактериозға зерттеуге малдың 
қынабынан, жатыр мойнынан, бұқалардың шыбық қабынан арнайы қасық, 
түтікшелер арқылы сынамалар алуды меңгереді. 
Індеттанулық балау 
жүргізгенде табындағы малдың осы аурудан 60% 
жағдайға дейін қысыр қалатыны ескеріліп, олар күйлесе де ұрық ұста-
майтыны және сервис кезеңінің ұзаруы назарға алынады. Бұндай малдар 3-4 
рет күйлегеннен кейін барып, ұрық ұстаулары мүмкін.


163 
Кампилобактериозға тән басқа бір классикалық белгі – малдың буаздық 
кезеңінің кез-келген кезінде, әсіресе 3-6 айлығында іш тастауы. Іш тастаған 
малдарда шудың ұзақ уақытта түспеуі жиі байқалады.
Сиырдың қысыр қалу себептерін анықтағанда, қандай бұқамен шағы-
лысқанын, болмаса қандай бұқаның ұрығымен ұрықтанғанына назар 
қойылады. Егер қолдан ұрықтандыру қолданылса, онда 1 бұқаның ұрығымен 
түрлі шаруашылықтарда іш тастау жағдайлары болып-болмағаны анықта-
лады.
Лабораториялық зерттеуге жаңадан алынған түсік, қағанақ, оның суы 
немесе тірі малдың жатыр мойнынан стерильді тампон арқылы алынған 
кілегей алынады. Зерттеуге алынған материал тез арада лабораторияға 
жеткізілуі қажет, болмаса төменгі температурада сақталуы керек. Мүмкіндік 
жағдай болғанда алынған материал практикалық жағдайда, тез арада қоректік 
ортаға себілуі тиімді саналады.
Серологиялық зерттеуге 
қынаптан алынған кілегей агглютинация 
әдісімен зерттеледі. Бұл әдісті қынап кілегейімен агглютинация реакциясы 
(ҚКАР) деп атайды, орысша атауы (РАВС). Қойларда қан сарысуы АР-мен 
зерттеледі. ҚКАР практикада қосымша әдіс ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет