Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет89/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Клиникалық белгілер 
бұл ауруда айқын байқалады. Аурудың негізгі 
белгісі малдың температурасының көтеріліп мезгіл-мезгіл безгектенуі. Бұн-
дай жағдай инфекциялық процестің бастапқы белгісі. Аурудың жіті өршуін-
де малдың температурасы 41˚С көтеріліп кейбір жағдайда малдың өлуіне 
дейін соқтырады. Ауырған малдардың температурасы ауытқып отырады. 
Әсіресе таңертеңгі температурадан кешкі температурасы айтарлықтай 
жоғары болады. Сондықтан жұқпалы анемияға секем болған жағдайда әр күн 
шаруашлықтағы малдың дене температурасы екі рет тексеріліп отырылуы 
ұсынылады. Мал температурасын зертеу нәтижелері аурудың нозологиялық 
балауын қоюда маңызды рөл атқарады. 
Патология-анатомиялық өзгерістер
жұқпалы анемияның жіті, жітіден 
төмен өршуі кезінде өлген өлекседе ішектің кілегей қабықтарының нүктелі 
қанталаулары, көкбауыр көлемінің бірнеше рет ұлғайып, қанға толып 
қызаруы, қара бауырдың өзгеріске ұшырауы, әсіресе аурудың созылмалы 
түрінде оны кесіп қарағанда тіліктер түрінде (мускатность) айқындалуы (33-
сурет) байқалады. 
Жұқпалы анемияға шалдыққан жылқылар тез шаршайды, әсіресе 
ипподромдағы шабыс аттардың жылдамдығы күн санап азая береді. Тіпті 
кейбіреуінің аяқтарында, ен шылауында, төсінде домбығулар байқалады. Бұл 
ауруда малдың жүрек соғуы ритмі бұзылады. Аускультация жасағанда жүрек 
тез қағады. Жүрек жұмысының ауытқуын анықтау үшін 100-метрге жылқы-
ны шаптырып, басында және аяғында жүрек ритімін өлшейді. Ауруға шал-
дыққан жылқыда ауытқулар минуттың бірінші және соңғы секундтарында 
айқын байқалады. 
Гематологиялық зерттеу 
нозологиялық балау әдістері ішінде маңызды 
рөл атқарады. Зерттеуді динамикада жүргізу қажет. Қанды зерттегенде 
анықталатын көрсеткіштер: эритроциттердің отыру жылдамдығы, эрит-


158 
роциттер мен лейкоциттердің саны, гемоглобин мөлшері, сонымен қатар 
лейкоцитарлық формула. Қанның нәтижелерін бағалағанда төмендегі дерек-
тер басшылыққа алынады (7-кесте). 
7-кесте. Жұқпалы анемияда қан көрсеткіштерінің өзгеру мөлшері 
Көрсеткіштер 
Сау малдікі 
Жұқпалы анемиямен 
ауыратын малдікі 
Гемоглобин 
13-14 г/100 мл 
25-45% төмен 
Эритроциттер 
5-6- млн.- 9 млн. дейін 
25-45% төмен 
Лейкоциттер 
7000-10000 
өзгеріссіз 
Эритроциттердің 
отыру жылдамдығы 
сағатына 45-60 
сағатына 66-80 
Лимфоциттер 
28-35% 
65-75% 
Қан көрсеткіштерінің өзгеріске ұшырауы, әсіресе малдың безгек-
тегеннен кейінгі мерзімінде айқын байқалатыны ғылыми деректерде 
көрсетілген.
Патология-анатомиялық өзгерістер бұл ауруда айқын емес, бірақ бұл 
ауруға тән өзгерістер: лимфа түйіндері қызарыңқы, нүктелі қанталаулар 
байқалады, талақ, қара бауыр көлемі аздап ұлғаяды, нүктелі қанталаулар, 
сонымен қатар бүйректе кездеседі, жүрек еті әлбетте дегенерацияланады.
Гистологиялық өзгерістер жүректе, бүйректе, талақта, қарабауырда 
айқын көрінеді. Қазіргі кезде экономикасы өркендеген мемлекеттерде бұл 
ауруды балауға ИФР, ГАР, ДПР, ИФТ әдістері кең түрде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет