162
3-тарау
. СИЫР, ҚОЙ, ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Сиыр, қой, түйе шаруашылықтарында (фермаларында) бірнеше түлікке
ортақ инфекциялық аурулармен (бруцеллез, туберкулез, трихафитоз, топа-
лаң, сарып, аусыл, лептоспироз, листериоз, пастереллез, анаэробты инфек-
циялар, Ауески ауруы, сальмонеллез, т.б.) қатар күйістілерге тән инфекция-
лық ауруларға қарсы күрес шаралары жүргізіледі. Бірнеше түлікке ортақ
инфекциялық ауруларды балау, дауалау және індет ошағынан арылу
шаралары арнайы бөлімде көрсетілген.
Күйістілерге тән инфекциялық ауруларға: сиыр мен қойдың кампило-
бактериозы, паратуберкулез, түйенің обасы, қара сүйел (эктима), лейкоз,
сиыр мен қойдың обасы, сиырдың жұғымтал плевропневмониясы, қарасан,
сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, қойдың хламиоздық іш тастауы, қойдың
катаральды қызбасы (блютанг, көктүл), сиырдың вирустық диареясы,
парагрипп-3, аденовирустар, реовирустар, риновирустар қоздыратын сиыр
аурулары, баяу инфекциялар (энцефалопатия, скрепи, висна-маеди, адено-
матоз), т.б. жатады.
Қазақстанның сиыр және қой, түйе шаруашылықтарында аталған
аурулардың ішінде кездесетіндері: кампилобактериоз, паратуберкулез, қара
сүйел, қойдың хламиоздық іш тастауы, сиыр лейкозы, түйе обасы және
респираторлы вирустық аурулар. Бұл инфекцияларға қарсы күрес шараларын
жоспарлы түрде орындау қарастырылған.
Күйістілердің инфекциялық ауыруларының ішінде сиыр мен қойдың
кампилобактериозы, қойдың хламиоздық іш тастауы, қозының қара сүйелі,
сиырдың лейкозы шаруашылық экономикасына елеулі нұқсан келтіреді.
22-зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: