Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Студенттердің өзіндік жұмыстары
ретінде түрлі індеттік жағдайды 
шешуге арналған жаттығулар төменде көрсетілген. 
1. Індеттік жағдай. 
Кеген ауданы, Жалағаш ауылдық округінде 
орналасқан «Ұзақ» жеке шаруа қожалығында 100 жылқы бар. Оның 30-ы ат, 
олар көлік ретінде қолданылады, қалғаны биелер мен тайлар, төрт айғыр 
бар. Жылқылар арнайы фермада ұсталады. Ферма төңірегі толық қоршалған. 
Мал көктемде және күзде маңқаға аллергиялық әдіспен зерттеліп, топалаңға 
қарсы арнайы вакцинамен егіледі. Көктемде 4 тайдың аяқ астынан ауырып, 
оның екеуінің өлімге шалдыққаны анықталды. Ауырып тұрған тайлардың 
дене температурасы қалыпты жағдайдан жоғары, жақ асты лимфа түйіндері 


156 
домбығып ісінген, ұстағанда ісіктің жергілікті температурасы көтеріңкі, 
пальпациялағанда малдың қатты ауырсынатыны байқалады. Жылқышының 
айтуына қарағанда бұрынғы жылдары осындай клиникалық белгілермен 
бірнеше тай ауырып өлімге шалдыққан. Қорыта айтқанда, бұл ауылдық 
аймақтың сақаудан таза емес екендігі белгілі болды.
Алдын-ала қойылған балау - сақау. 
Т а п с ы р м а :
а) аурудың нақтылы балауын қою үшін қандай зерттеулердің жүргізілуі 
қажет; 
б) Індет ошағынан арылу шараларының жоспарын құру. 
2.
Індеттік жағдай. «
Қабанбай» ауылының жекеменшік шаруа қожалы-
ғына қарасты жылқылардың арасында арбаға жегіліп жүрген бір айғырдың 
ақсап ауырғаны анықталды. Клиникалық зерттеу арқылы жылқының 
алдынғы аяқтарында ісіктердің бар екені белгілі болды. Ісіктердің бірінен 
кейін бірі қатарласып орналасқаны, кейбіреуінің аузы жарылып, олардан ірің 
аққаны байқалады. Ауырған жылқының азыққа тәбеті төмендеген, дене 
темпреатурасы қалыпты. Мал иесінің айтуына қарағанда малдың ақсауы 
бұдан жарты ай бұрын байқалған.
Алдын-ала қойылған балау - індетті лимфангит. 
Т а п с ы р м а :
а) Індетті лимфангитті клиникалық белгілері, індеттік ерекшеліктері 
және басқа да ауруға тән белгілері бойынша ажыратып балау кестесін 
толтыру. 
б) Індет ошағынан арылу шараларының қысқаша жоспарын құру. 
3. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет