Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Листериозды балау, дауалау және індет



Pdf көрінісі
бет84/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Листериозды балау, дауалау және індет
ошағынан арылу шаралары 
 
 Керектi жабдықтар
. Шыны сауыттар, қоректiк орталар, жарық микрос-
коптары, төсенiш шынылар, Анилин бояулары, қояндар, ақ тышқандар, 
шприц, инелер, спирт шамы, пипеткалар, биопрепараттар, иодты калий
көрнектi құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары. 
Орны және жүргiзу тәртiбi
. Сабақ кафедра дәрiсханасында жүргiзiледi. 
Студенттерден сұрау арқылы ауруды балау әдiстерiне таладау жасалынып, 
iндеттiң таралу ерекшелiгіне мән берiледi. Студенттер материал алу, зерт-
теуді игерiп, дауалау арылу шараларына арналған жаттығуларды орын-
дайды. 


151 
Листериоздан ада елдi мекендерде ауруды алғаш рет балағанда 
iндеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық және лаборотория-
лық әдiстер жүйелi түрде қолданылады. 
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Листериозға хайуанаттардың 92 түрi 
бейiм. Соңғы жылдарда Қазақстан республикасының солтүстiк және шығыс 
аймақтарының мал шаруашылықтарында бұл ауру көктемнiң алғашқы 
айларында сиыр мен қой арасында оларды сүрлеммен азықтандырғаннан 
кейiн бой көрсететiнi байқалып жүр. Мұндай жағдай листерилердi дене-
лерiнде алып жүрген тышқан тектестердiң жаппай өрбiп сүрлемдi 
ластауларынан туындалады. Листерилер әсiресе әзiрлеу технологиясы 
бұзылғандығынан бүлiнген сүрлемдерде көп уақытқа дейiн сақталады. 
Iндеттанулық талдау жүргiзгенде листериоз ауруының дала аңдары және 
насекомдар арқылы таралатыны және олар арқылы iндеттiң табиғи 
тұйықтылығы белгiлi бiр өңiрде сақталатыны да ескерiлуi қажет. 
Листериозға тән к л и н и к а л ы қ белгiлер жануарлардың арасында
әсiресе қойда айрықша байқалады. Ауырған қойдың басы жотасына қарай 
қайырылып, танау қуысынан көбiк ағады. 
П а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер айқын байқалмайды. 
Аурудың нақтылы балауы патологиялық материалды бактериологиялық 
әдiспен зерттеу арқылы расталынады. Бактериологиялық зерттеу: матери-
алды микроскопиялаудан, листерилердiң өсiндiсiн арнайы тығыз немесе 
сұйық қоректiк орталардан бөлiп алудан, олардың морфологиялық, 
биохимиялық, серологиялық қасиеттерiн анықтаудан тұрады. 
Патологиялық материал ретiнде жарақаттанған (өзгерiске ұшыраған) 
ағзалардың кесiндiлерi және өлексенiң миы толығымен алынады. Материал 
форфор тостағанында келсаппен ұнтақталып одан физиологиялық ерiтiндiде 
езiндi (1:5) дайындалады. 
Дайындалған езiндi Пастер түтiгi арқылы қоректiк орталарға себiлiп, ақ 
тышқандардың терi астына немесе құрсақ қуысына 02-05 см
3
көлемде 
енгiзiледi. Патологиялық материалда листерилер болса, сынамадағы ақ 
тышқандар ауруға тән клиникалық белгiлер берiп 2-7 күнде өледi. Өлген 
тышқандардың бауырларынан, бүйрегінен некрозданған ошақтар анық-
талады. Олардан патологиялық материал алынып қоректiк орталарға себiледi. 
Листерилер агар қосылған тығыз қоректiк орталарда шық тәрiздес, 
шеттерi тегiс көгiлдiр түстi өсiндер түзедi. Ал сұйық қоректiк орталарды 
(хотингер, еттi пептон сорпалары) жеңiл түрде лайлайды. Қоректiк орталарда 
өскен өсiндiлерден төсенiш шыныға жағынды алып, анилин бояуларымен 
бояп қарағанда, листерилер үтiр тәрiздес грам оң таяқшалар түрiнде айқын 
көрiнедi. 
Листерилердiң патогендiгi биологиялық сынамалар арқылы анықталады. 
Ол үшiн қоректiк ортада өсiрiлiп бөлiнiп алынған листерилер өсiндерiнен 
(колониялар) дайындалған езiндi қоянның немесе теңiз тышқаны көзiнiң 


152 
астыңғы қабығына (дорбасына) 2-3 тамшы тамызылады. Көздiң қабықта-
рының қабынып, iрiңнiң пайда болуы листерилердiң патогендiлiгiн көрсетедi. 
Листериоздан ада емес шаруашылықтарда бактериологиялық әдiстi 
қолдану арқылы дәндi дақылдар, сүрленген мал азықтары, және топырақ 
зерттеледi. Зерттеу әдістемелері, патологиялық материалды зерттегендегiдей. 
Д а у а л а у ж ә н е і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы
жоспарлы түрде шаруашылықтың, елдi мекеннiң листериоздан iндеттiк 
жағдайына байланысты жүргiзiледi (30-сурет).
ДдДдДДАДдД 
1.
Мекен жайдың листериоздан iндет 1. Ауруға шалдыққан жану- 
ахуалын анықтау. арларды анықтап, оларды оқшау 
лап биомицин, тетрациклин және 
2.
Сырттан алынған жануарларды иодты калимен емдеу.
карантиндiк мерзiмде оқшаулап Қалғандарын вакциналау. 
ұстап, қан сарысуын серология - 2. Емдеуге жарамайтындарын
лық әдiстермен листериозға зерттеу. сойып, етiн қайнатып қолдану.
3.Сапасы төмен сүрлемдi және дәм- 3. Ерiксiз сойылған жануар-
дi дақылдарды бактериологиялық лардың терiсiн зарарсыздандыру.
зерттеуден өткiзу. 
4.Мал азықтары сақталатын обьек- 4. Iндет ошағын күйдiргiш
тiлерде тышқан тектес кемiргiшгiш- натридiң 3%-ды ыстық ерiтiн- 
терге қарсы арнайы күрес жүргiзу. дiсiмен дезинфекциялау. 
5. Ауру шығатын қауiп болса жануар- 5. Бұзылған немесе сапасы 
ларды күз айларында листериозға қарсы төмен сүрлемдi және малдың 
арнайы күрес жүргiзу. қиын биотермиялық жолмен 
зарарсыздандырып, тыңайтқыш 
ретiнде пайдалану. 
30-сурет. Листериозға қарсы қолданылатын шаралардың
жалпы кестесi. 
6. Ауру шығатын қауiп болса 
жануарларға күз айында листери-
озға қарсы АУФ штамынан дайын-
далған вакцинамен иммундеу.
6. Адамның листериозға
бейiмдiлiгi ескерiлiп, iндет
ошағында аурудан сақтану
шаралары орындалуы қажет. 
Дауалау шаралары 
Арылу шаралары 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет