150
Д а у а л а у ж ә н е а р ы л у ш а р а л а р ы. Осы мақсаттармен
жүргiзiлетiн жалпы және арнайы шаралар нұсқауларда көрсетiлген ереже-
лерге сәйкес жүргiзiледi.
Трихофитон саңырауқұлақтары қоздыратын бұзаутазды дауалау
мақсатында сиыр малы (әсiресе бұзау 1 айлығынан бастап) – ЛТФ-130,
жылқы – СП-1, терiсi бағалы аңдар мен қоян – “Ментовак” вакциналарымен
егiледi. Сонымен қатар мал қораларында зоогигиеналық микроклимат
(әсiресе ылғалдылық) және басқада санитариялық нормативтер қатаң түрде
сақталуы қажет.
Бұзаутаз орын алған шаруашылықта немесе жеке ауладағы барлық
жануарлар клиникалық әдiспен тексерiлiп, ауруға шалдыққандары саулардан
оқшауланып, емделедi. Спецификалық ем ретiнде бұл iндеттi дауалау мақса-
тында қолданылатын арнайы вакциналар ауырған малға 2 рет ұлғайтылған
дозада салынады. Мал немесе аң терiлерi өте қатты зақымданса, жоғарыда
аталған телімді вакциналар 2 рет ұлғайтылған дозада 2-3 рет қайталанып
қолданылады. Емделген малдың жарасының бетiндегi қабыршықтарды
жұмсарту үшiн балық майы, вазелин, өсiмдiк майлары жағылады.
Вакцина пайдаланбаған жағдайда малдың жаралары 5-10%-ды салицил
майымен немесе 10%-ды салицил спиртiмен, 10%-ды йод тұнбасымен,
фенолмен, күкiрт ангидридiмен, йодоформмен, бiр хлорлы йод, фунузан,
брадовен, 3-10%-ды карбол қышқылдарымен, “Ям” майымен емделедi.
Малдың күйiн көтеру үшiн түрлi витаминдер, гризеофульвин антибиотигi
жеммен берiледi. Соңғысы жемге 20 мг (малдың тiрi салмағының әр
килограмынан) қосылып, малға 1-2 апта бойы берiледi.
Микроспорум және ахорион саңырауқұлақтары қоздырған бұзаутаздың
адамға жұғымталдығы ескерiлiп, iндет ошағында жұмыс iстейтiн адамдар
зооантропонозды жұқпалы аурулардан сақтану ережелерiн қатаң түрде
орындаулары шарт.
19-зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: