Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Шешектi балау, дауалау және
одан арылу шаралары 
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р. Жарық және электронды микроскоптар, 
Морозов немесе Пашен әдiстерiнде қолданылатын бояулар (реактивтер), 
жағынды алуға арналған төсенiш шынылар, Пастер түтiгi, тауықтың 3-4 
айлық балапандары, пияла таяқшасы немесе тiс щеткасы, биопрепараттар, 
көрнекi құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы, шешектiң түрлi жануарлар мен 
құстағы ерекшелiктерiне талдау жасалынады. Студенттер патологиялық 
материалдарды алу оны лабораториялық зерттеуге жiберу тәртiптерiн игерiп, 
микроскоптар арқылы жағындылардан қарапайым денешiктердi, вирион-
дарды анықтауды, биологиялық сынама қоюды үйренiп биопрепараттармен 
танысады. Дауалау және арылу шараларына арналған жаттығуларды орын-
дайды. 
Ш е ш е к т i б а л а у. Iндет алғаш рет орын алған шаруашылықта 
аурудың түбегейлi балауы iндеттанулық, клиникалық, лабораториялық әдiс-
тердi жүйелi түрде қолдану арқылы қойылады. 
I н д е т т а н у л ы қ т а л д а у жүргiзгенде шешектiң жануарлар мен 
құстардағы таралу ерекшелiктерiне мән берiледi. Мысалы, iндет сиыр малы 
арасында байқалса, адамдардың вакцинамен егiлгендiгi анықталады. Доңыз 
бен құстың шешегi жәндiктер арқылы таралатындығы ескерiледi. 
К л и н и к а л ы қ б е л г i л е р i арқылы шешектiң классикалық түрiн 
балау көп қиындық тудырмайды. Вирус эпителитропты, ауруға тән белгілер 
бірнеше сатыда байқалады. Кілегей қабықтары мен теріде алдымен 1-2 күн 
ішінде 1) розеолдар (қызарған дақтар); 1-3 күн аралығында; 2) папулалар 
(қызыл дақтардың түйіндерге айналуы); 5-6 күнде сарысуға толған; 3) 
күлдіреуіктер пайда болады (бұл сатыда дененің безгектенуі бәсеңсиді); 
келесі 3 күн ішінде күлдіреуіктегі сарысу іріңге айналады (визикула-пустула 
сатысы); 4) круст – кепкен пустуланың орнына қабыршықтар түзіліп, эпите-
лий қалпына келеді. Ал өте терең жарақаттанғанда тыртық пайда болып, 
қабыршықтар түседі. Шешектің мұндай сатылары адамда, сиырда, жылқыда 
айқын байқалады. Ал қой мен доңызда көпшілік жағдайда визикула-папула 
сатылары байқалмай, бірден қабыршықтанады. Бұл ерекшеліктер қой-ешкі
доңыз шешегін балауды қиындатады.
Iндеттен сау шаруашылықтарда шешекке тән болжамдар байқалған 
жағдайда, аурудың түбегейлi балауы лабораториялық әдiстердi қолдану 
арқылы расталынады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у: вирусскопиядан, биологиялық 
сынама қоюдан және патологиялық материалды арнайы торшалар өсініне 
немесе тауықтың эмбрионына жұқтырудан (вирустың түрiне байланысты) 
тұрады. 


143 
Патологиялық материалды алу және оны зерттеу әдістемелері. Материал 
алмас бұрын шешектiң әртірлi кезеңiндегi жарақаттардың (везикула папула, 
пустула) бетi спирттелген немесе эфирленген дәкемен сүртiледi. Везику-
ланың сұйығы, папула мен пустуланың қырындылары Пастер түтiгiне алы-
нып, түтiктiң аузы қыздырылып дәнекерленедi. Жарақаттардан төсенiш 
әйнектерге де жағынды дайындалады. Алынған патологиялық материалдар 
жаз айларында мiндеттi түрде мұзы бар термоспен жiберiлуi қажет. 
Гистологиялық зерттеуге алынған материал iшiнде 50%-ды глицерин
10%-ды формалин ерiтiндiлерi бар пиала сауытқа салынып жiберiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет