146
немесе iсiктi жарып жарақаттанған бұлшық еттен кесiндi (05-1см) алынады.
Алынған материал қыздырылған тұз, вазелин не болмаса 30%-ды глицерин
ерiтiндiлерiнiң бiрiмен консервацияланады.
С е к i р т п е, ж ы б ы р л а қ, қ о з ы н ы ң а н а э р о б т ы д и з е н-
т е р и я с ы н д а жуық арада өлген малдың өлексесiнiң iшегi жынымен бiрге,
ұлтабардың, аш iшектiң; iшкi ағзалардың кесiндiлерi, жүрек қаны (арнайы
түтiкке алынып аузы дәнекерленедi) алынады. Жас төлдердiң өлекселерi
бүтiн күйiнде жiберiледi.
С а р ы п т а (бақайқұртта) тұяқ арасындағы жаралардан жағындылар
алынып, Грамм әдiсiмен боялып микроскоп арқылы қаралады. Қажет болса,
қозыларға биологиялық сынама қойылады.
Ш і р і к б а қ а й д а (жегіде) зақымданған терінің қырындылары
алынып 30%-ды глицерин ерiтiндiсiмен консервацияланып жiберiледi.
Сiреспеде зерттеуге жараның экссудаты, iрiңi, жарақаттанған телімнің
кесiндiлерi және iндет ошағынан алынған топырақ жiберiледi.
Б о т у л и з м г е тән болжамдар байқалса, зерттеуге жануарлардың
жегенiнен қалған азығы (бұзылғаны) тышқан тектестердiң қиы (топырақпен
бiрге), олардың өлекселерi (бүтiн күйiнде) жiберiледi. Материалды орап
жiбергенде, оны күн сәулесiнен, кебуден сақтау қажет.
Анаэробты инфекцияларды қоздыратын микробтарды топырақтан және
судан анықтау әдістемелері патологиялық материалды зерттеудегiдей. Тек
зерттеуге сынамаларды дұрыс алу маңызды.
С у - астындағы лай батпағымен бiрге стерильденген шыны ыдысқа
алынады. Топырақтың алдымен беткi кебу қабаты қырылып тасталынып,
оның астыңғы қабатынан куб тәрiздес формада (ұзындығы 5-8 см) қазылып
алынған топырақ жiберiледi.
19- тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: