Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет85/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

2-тарау
ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ 
АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ
Жылқы шаруашылықтарында (фермаларында, ипподромдарда, қымыз 
өндіретін шаруа қожалықтарында) бірнеше түлікке ортақ инфекциялық 
аурулармен (бруцеллез, лептоспироз, құтырық, тұмау, сальмонеллез, микро-
споридиоз, аспергеллез, т.б.) қатар жылқы малына тән: маңқа, індетті 
лимфангит, ринопневмония, инфекциялық (жұқпалы) анемия, тұмау, делбе, 
сақау ауруларына қарсы күрес шаралары жүргізіледі. 
Бірнеше түлікке ортақ инфекциялық аурулармен күрес шаралары 
арнайы бөлімде көрсетілген. 
Қазақстанда індеттік жағдайларға байланысты жылқы ауруларынан:
маңқаға, індетті лимфангитке, сақауға қарсы күрес шараларын жыл сайын 
жоспарлы түрде жүргізу қарастырылған. Соңғы жылдары асыл тұқымды 
жылқы фермаларында сонымен бірге : инфекциялық анемияға, тұмауға қарсы 
арнайы шаралар қолданылып жүр. 
20-тәжірибелік сабақ.
 Маңқаны, сақауды, індетті лимфангитті балау.
Дауалау және сауықтыру шаралары 
 
Сабақтың мақсаты. 
Жылқы ауруларына қарсы түрлі шаруашылық 
субьектілерінде аталған инфекцияларға қарсы күрес шараларын ұйым-
дастыру.
Қажетті құралдар.
Рефлектор айна, маллеин, көзге препарат тамызғы 
түтікше, спирт тампондары, сынамалар алуға қажетті құрал-жабдықтар. 
Орны жүргізу әдістемесі. 
Сабақ жылқы зауыттарында, ипподромдарда, 
болмаса қымыз өндіретін жылқы фермаларында жүргізіледі. Студенттер 
шаруашылық субъектілерінде маңқаның, індетті лимфангиттің, инфекция-
лық анемияның, тұмаудың, делбенің, т.б. жылқы ауруларының індеттік ахуа-
лын анықтап, індеттанулық, клиникалық зерттеу әдістемелерін меңгереді. 
Інтеттанулық талдау жүргізгенде маңқамен тек қана жылқы емес басқа 
да тақ тұяқтылар, атап айтқанда: есек, қашыр басқа да жабайы аңдар 
(арыстан, жолбарыс, сілеусін, мысық) ауыратыны ескеріледі. 
Маңқаға к л и н и к а л ы қ б а л а у қою қиындықтар тудырмайды. 
Клиникалық зерттеу жүргізгенде бұл аурудың танаулық, терілік, өкпелік 
формаларда байқалатыны назарға алынады. Танау қуысын ашып қарағанда, 
кілегей қабықтарының қабынып, тамырлары қанға толып, ісінген ойық 
жаралар көптеп анықталады (31, 32-сурет). Бұндай ойық жараларды бастың, 
мойынның, аяқтардың, ұманың терілерінен кездестіруге болады. Өкпенің 
қабынуынан мал жөтелгенде қанды-іріңді қоймалжыңдар танау қуысынан 
шығады.
Патология-анатомиялық өзгерістер аурудың өршуіне байланысты 
әртүрлі. Теріде, танау қуысында, маңқаға тән түйіндер және іріңдеген 


154 
жаралар немесе тыртықтар кездеседі. Бауырда, өкпеде және лимфа 
түйіндерінде әйнек тәрізді қанталаулармен оратылған некроздалуға жақын 
түйіндер мен капсула түзген ошақтар кездеседі (32-сурет).
31-сурет. Маңқаға тән белгілер мен 
өзгерістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет