Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет97/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 
 
Студенттің өзіндік жұмысына. Тапсырма: 
1. Сиырдың респиратолық вирустық ауруларына: індеттік ерекшеліктері, 
негізгі клиникалық белгілері, патология-анатомиялық өзгерістері бойынша 
ажыратып балау кестесін құру. Кестені құрау тәртібі төмендегідей. Кестенің 
вертикалды (тік) бағанасындағы толтырылуға берілген көрсеткіштер: бейім 
малдың түрі, жастық бейімділігі, негізгі жұғу жолдары, індет процесінің 
қарқыны, тыныс жолдарының жарақаттануы, өкпенің жарақаттануы, ас 
қорыту мүшелерінің жарақаттануы, басқа да ауруға тән клиникалық белгілер 
(аборт,артрит т.б.), серологиялық балау әдістері, қолданылатын вакциналар. 
Аталған көрсеткіштер кестенің горизонтальды бағанасындағы аурулар 
(сиырдың жұқпалы ринотрахеиті, вирустық диареясы, парагрипп-3, 
аденовирустар, реовирустар, риновирустар) бойынша толтырылады.
 
 
 
 
 
 
 


169 
4-тарау. 
ДОҢЫЗ ФЕРМАСЫНДА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН 
КҮРЕС ШАРАЛАРЫ 
 
Доңыз өсіретін фермаларда, шаруа қожалықтарында бірнеше түлікке 
ортақ инфекциялық аурулармен (топалаң, бруцеллез, лептоспироз, пасте-
реллез, сальмонеллез, анаэробты энтеротоксемия, колибактериоз, шешек, 
оба, т.б.) қатар осы жануарға тән, атап айтқанда: тілме, оба, вирустық 
гастроэнтерит, дизентерия, жұқпалы атрофиялық ринит, энзоотикалық пнев-
мония, энзотикалық энцефалит (Тешен ауруы) ауруларына қарсы күрес 
шаралары жүргізіледі. 
Қазақстанда індеттік жағдайға байланысты негізінен тілмеге, обаға, 
вирустық гастроэнтеритке, дизентерияға, жұқпалы атрофиялық ринитке
энзоотикалық пневмонияға, энзоотикалық энцефалитке (Тешен ауруына), 
доңыздың везикулярлық ауруына қарсы күрес шараларын жоспарлы түрде 
жүргізу қарастырылған. 
24-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет