Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Сиырдың респираторлы вирустық ауруларын



Pdf көрінісі
бет96/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Сиырдың респираторлы вирустық ауруларын 
балау, олармен күрес шаралары 
 
Қажетті жабдықтар. 
Арнайы вакциналар, диагностикумдар жиынтығы, 
антибиотиктер, сульфаниламидтер, иммунды глобуллиндер, препараттарды 
аэрозольды жолмен қолдануға арналған құрал-жабдықтар.
Сабақ кафедрада жүргізіледі. 
Респираторлы ауруларды б а л а у ж ә н е а ж ы р а т ы п б а л а у. 
Респираторлы аурулар (тыныс, ас қорыту жолдарының, көздің және 
қынаптың кілегей қабықтарының қабынуымен ерекшеленетін вирустық 
аурулар тобы) тізіміне: вирустық ринотрахеит, диарея, парагрипп-3, 
аденовирустар, реовирустар және риновирустар қоздыратын инфекциялар 
жатады. Бұларға тән заңдылықтар - олардың бір мезгілде қосалқы инфекция 
түрінде байқалуын бірін - бірі асқындыруы, ал кейбір жағдайда олармен 
микоплазма және бактериялар қоздыратын инфекциялардың қабаттасуы. 
І н д е т т а н у л ы қ з е р т е у негізінде індет процесінің қарқыны, 
олардың шығу және таралу себептері, күтімі мен азықтандырылуы талда-
нады. 
К л и н и к а л ы қ з е р т т е у инфекциялық аурудың нозологиялық 
балауын қоюға мүмкіндік бермейді. Алайда, байқалатын клиникалық белгі-
лер індеттің табиғатын нақтылы анықтауға қажетті зертеу материалдарын 
дұрыс алуға керек. 
Аурудың жалпы балауын қоюда, өлген және еріксіз бауыздалғандарын
ж а р ы п з е р т е у қажеттілігі пікірталастар тудырады. 
Вирустық аурулардың нозологиялық балауында лабораториялық эерттеу 
шешуші рөл атқарады. Оларға жалпы індеттану бөлімінде көрсетілген (ОІЕ 
ұсынған тестер) әдістермен белгілі бір малдан 10 күн аралатып алынған қ о 
с қ а н с а р ы с ы н серологиялық зерттеу жатады. Екі рет зерттегенде қан 
сарысуларында антиденелер титрі деңгейінің динамикада өсуі, организмде 
телімді антигеннің әсерінен инфекциялық процестің туындағаны анық-
талады.
Вирусты бөліп алып, түрін анықтау арудың нақтылы балауын дәл қоюға 
мүмкіндік береді. Зерттеу материалы ретінде танау қуысының, көздің, 
қынаптың кілегей қабықтарынан қырынды,шайынды ал, диареяда – тік 
ішектен алынған нәжіс қолданылады. Өлген, еріксіз сойылғандарының ішкі 
ағзаларынан (өкпе, бауыр, бүйрек т. б.), лимфа түйіндерінен, ішектен кесін-
ділер эерттеледі. Материал жаңа болу кажет. 
Вирустық дираеяда гепаринделген немесе цитратталған қан, мезен-
териалды лимфа түиіндері, ішек бөлімдерінің, өкпе мен талақтың кесінділері 


168 
зерттеледі. Егерде материал антибиотиктер қосылған Хенк ерітіндісіне 
бірден салынбаса, оны лабораторияға мұзы бар термоспен тасымалдайды. 
Балаулық зертеулерде қосалқы инфекциялар ескеріліп, бактериоло-
гиялық тексерулер де жүгізіледі. 
Д а у а л а у і н д е т о ш а ғ ы н а н а р ы л у ш а р а л а р ы. Сиыр 
малының респираторлық ауруларын дауалау және емдеу мақсатында аталған 
инфекциялармен ауырып жазылған малдың қан сарысулары қолданылады. 
Қан сарысулары індет ошағындағы сойылған малдан алынады. Арнайы 
дайындалған гипериммунды қан сарысуларын да тиімді пайдалануға болады.
Қосалқы инфекцияларға қарсы: антибиотиктер, сулфаниламидтер, судың 
шала тотығы, сүт қышқылы т. б. қолданылады. 
Аталған дәрмектерді вирустық ауруларда аэрозол түрінде пайдаланған 
тиімді. Ол үшін мал тұрған қора толық тұмшауланып (герметикаланып), 
қолданылатын дәрі-дәрмектер суда ерітіліп, арнайы қондырғылар (генерато 
рлар, бүріккіштер) арқылы тозаңдатылады. Аэрозолды ортада мал 60 мин. 
ұсталады (түрлі препараттарды аэрозолды қолдану технологиясы арнайы 
нұсқауларда көрсетілген). 
Вирустық ауруларды телімді дауалауға қазіргі кезде поли вакцина-
лардың кең түрде қолданылуы қарқынды тенденция алуда. Мысалы,
ринотрахеитке, парагрип-3, вирустық диареяға қарсы осы аурулардың 
антигендерінен дайындалған поли вакциналар практикада кең түрде 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет