Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары



Pdf көрінісі
бет102/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Дауалау және індет ошағынан арылу шаралары 
жүйесінде 
ветсанитариялық шаралардың сақталуы, сырттан әкелінген жануарларды 
дауалық карантиндеу, жануарларды дұрыс, құнарлы азықтармен азықтан-
дыру, таза сумен суару маңызды саналады.
Індет ошағы анықталған жағдайда ветсанитариялық шаралар тәртібін 
қатаң сақтап, ауру мал тобын оқшаулау қажет.
24- тәжірибелік сабақ. 
Доңыздың жұқпалы атрофиялық ринитін мен 
вирустық энзоотикалық ауруларын балау, олармен күрес шаралары
Керекті жабдықтар.
Диапозитивтер, слайдтар, видеофильм, фотосу-
реттер.
Орны және жүргізу әдістемесі.
Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, түрлі індеттік жағдайға байланысты 
құрылған іскерлік ойын тапсырмаларын орындайды.
Инфекциялық атрофиялық ринит 
(Rhinitis infectiosa atrophica, 
инфекционный атрофический ринит) – танаудың кілегейлі қабығының қабы-
нуымен, түшкірумен, көзден жас ағумен, соңында кеңсіріктің, жақ сүйекте-
рінің қисайып өзгеріске ұшырауымен ерекшеленетін, созылмалы түрде өтетін 
инфекциялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы – Bordetella bronchiseptica, қозғалмайтын 
Грамм теріс таяқша, сыртқы ортаға төзімді, тиімді дезинфектант ретінде 
күйдіргіш натрдың 3%-ды, креолин эмульсиясының 5%-ды ыстық ертінділері 
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде негізінен 1-3 апталық 
торайлардың ауруға жиі шалдығатыны, індет созылмалы түрде байқалатыны, 
аэрогенді және алиментарлы жолмен жұғатыны ескеріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р бұл ауруда өте тән. 15 күнге дейінгі 
торайларда катаральды ринит түрінде өтеді. Ауырған торайлар жиі түшкіріп, 
тұмсықтарын қабырғаларға сүрткілеп, 1-2 аптада біразі өлімге шалдығады. 
Кейбіреуінде іріңді отит байқалып, жүйке жүйесінің зақымдалуынан 
туындайтын белгілер байқалады. Аурудың соңғы кезеңдерінде кеңсіріктің 
және үстіңгі жақ сүйектерінің атрофиялануы анықталады.
Өлекселерді сойып қарағанда п а т о л о г и я л ы қ-а н а т о м и я л ы қ
өзгерістер негізінен кеңсірікте, жақ сүйектерінде көрінеді. Танау қуысының 
сүйектерінің семуімен қатар іріңді эррозиялар, қанталаулар байқалады.


176 
Аурудың нақтылы балауы індеттанулық, клиникалық және патология-
лық-анатомиялық өзгерістер, пат.материалды микроскопиялау негізінде 
расталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет