181
Қазіргі кезде заманауи технологиялар қолданылатын құс шаруашы-
лықтары мен фабрикаларында жуқпалы аурулардан ветеринариялық
саулықтың сақталу кепілі: вет.санитариялық режимдердің (ішкі, сыртқы
қоршау, мекемеге тек қана ветсан жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл арқы-
лы қатынасу, т.б.) сақталып, қатаң орындалуы; індеттік жағдайға байланысты
түрлі ауруларға вакциналарды негізінен аэрозольды тәсілмен қолдану;
егілгендерінің иммундық фонын заманауи серологиялық тесттерді (ДПР,
ГАР, ИФР, ИФТ, т.б)
қолданып анықтап отыру; құс өсіру технологиясында
«барлығы бос-барлығы бос емес
қағидасын сақтау. Соңғысының мағынасы
мынадай. Құс фабрикалары мен шаруашылықтардың әр қорасында тек қана
бірдей жастағы құстар ұсталып, өсіріліп, жетілдіріліп
сойылады немесе
жұмыртқа алу мақсатында әрі қарай қолдану үшін жұмыртқалау бөліміне
біртіндеп емес, толығымен ауыстырылады. Бос қалған қора-жайды механи-
калық тазалап, жуып, дезинфекциялап, жөндеуден өткізіп, санация-лайды.
Бұл мерзім аз дегенде 1 аптаға созылады. Тек
қана аталған процеду-ралар
орындалғаннан кейін ғана таза қораға жаңадан басқа топтағы құс
орналастырылады. Бұндай жүйе індетке қарсы шаралар тұрғысынан өте
тиімді. Себебі індет ошағы анықталған жағдайда онда кардинальды түрде
инфекциядан арылу шараларын (барлығын жою немесе етке сою) қолдануға
болады.
Құстар көптеген инфекциялық аурулармен (Ньюкасл, тұмау, шешек,
жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит,
Марек ауруы, лейкоз, үйректің
инфекциялық гепатиті, синуситі, риниті, Гамборо ауруы, орнитоз, микоплаз-
моз, пастереллез, туберкулез, салмонеллез, анаэробты инфекциялар, т.б.)
ауырады.
Қазіргі кездегі құс өндірістерінде автоматтандырылған
технологияның
қолданылуынан, бұл мекемелерде құстың өте қысқа мерзімде ұсталаты-
нынан, оларда кездесетін көптеген инфекциялар өзектілігін жоғалтты. Бірақ
қайсібірлері интенсивті технологиямен құс етін, жұмыртқа өндіретін фабри-
каларда әлі де болса кең түрде кездесіп, оларға айтарлықтай экономикалық
нұқсан келтіріп отыр. Олардың қатарына: пуллороз,
сальмонеллез, тұмау,
Ньюкасл ауруы, лейкоз, орнитоз, Марек ауруы, инфекциялық (жұқпалы)
бронхит, жұқпалы бурсит (Гамборо ауруы) жатады.
Жалпы алғанда, жұқпалы ауруларды дауалаудың әмбебап (универсалды)
жүйесі жоқ. Сондықтан түрлі инфекцияларға қарсы жалпы және арнайы
шаралар індеттік жағдайға байланысты жоғарыда көрсетілген принциптер
негізінде, телімді құрылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: