Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Өлексенi сою, одан патологиялық материал алу



Pdf көрінісі
бет12/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 Өлексенi сою, одан патологиялық материал алу 
Сабақтың мақсаты.
Өлексенi союды ұйымдастыру, бактериологиялық, 
вирусологиялық, гистологиялық зерттеулер үшiн патологиялық материал 
алу, оны консервациялау және лабораторияға жiберу ережелерiн үйрену. 
Қажеттi жабдықтар.
Арнайы өлтiрiлген немесе өлген лабораториялық 
жануарлардың өлексесi, 30% глицерин, 10% фармолин, банкiлер, целлофан 


18 
қаптар, төсенiш шыны, қайшы, скальпель, пинцет, Пастер түтiктерi, спирт 
шамы. 
Сабақтың жүргiзiлу орны, әдiстемесi. 
Сабақ кафедрада немесе 
шаруашылықтың өлексе утильдейтiн орнында, қасапханада жүргiзiледi.
Патология-анатомиялық диагноз қоюда гистологиялық өзгерiстердi 
анықтау маңызды. Гистологиялық зерттеу өте жiтi өтетiн инфекцияларда 
(шошқа обасы, т.б. есептемегенде) көмекшi әдiс ретiнде саналады. 
Сабақтың барысында iндеттiк жағдайларға байланысты шаруашылық-
тарда өлексенiң немесе күдiктi малдың диагнозын нақтылау мақсатында 
соятын жердi анықтауды, қалдықтарды утильдеу тәсiлдерiн үйренедi. 
1. Патологиялық материалды алу және консервациялау тәртiптерi: 
- материал стерильдi құралдармен залалсыздандырылған ыдысқа 
алынады; 
- патологиялық материалды лабораторияға алынған күйiнде немесе 
консервациялап жiбередi. Бактериологиялық зерттеулер үшiн материалды 
глицериннiң судағы 30%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды, ал вирусоло-
гиялық зерттеулер үшiн материалды глицериннiң 0,85%-ды хлорлы 
натрийдегi 50%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды. Материал мен консер-
ванттың қатынастары 1:4 шамасындай болу керек (вирустық ауруларды 
патологиялық материал алу, оны лабораториялық зерттеуге жiберу 
ерекшелiктерi вирусологиялық зерттеу тақырыбында көрсетiледi); 
- жiлiктердi жiберу үшiн сiңiр мен еттен жақсылап тазартып, сыртынан 
5%-ды карбол қышқылының ерiтiндiсiне малынған дәкемен орайды; 
- iшектердi нәжiсiнен тазалап, шеттерiн бекiтiп байлап глицериннiң 
судағы 30%-ды ерiтiндiсi бар ыдысқа салады; 
- мал өлексесiнiң нәжiсiн iшекпен бiрге екi шетiн байлап жiбередi; 
- терiнiң көбiрек зақымданған жерiнiң көлемi 10х10 см болатындай 
кесiндiлер түрiнде алып, таза ыдысқа салып аузын дәнекерлеп жiбередi; 
- қан, iрiң, сiлекей, кiлегейлi зат, экссудат, зәр, ет және басқа патоло-
гиялық материалдарды ұшы балқытылып бекiтiлген Пастер түтiкшелерiне, 
стерильдi шыны құтыларға, пробиркаларға салып, аузын стерильдi 
тығындармен бекiтiп жабады; 
- өлексенi сыртқы тамырларынан алынған қаннан арнайы әйнекке 
жағынды дайындап, ауада кептiредi. 
2. Гистологиялық зерттеулер үшiн материал алу 
Патологиялық өзгерiстерге ұшыраған мүшелердiң (ұлпалардың) әр 
жерiнен 2х2 см көлемде кесiндiлер алады. Зақымдалған жерлердi олармен 
шекаралас бүлiнбеген ұлпамен бiрге кесiп алады. Алынған материалды 
бекiту үшiн формалиннiң судағы 10%-дық ерiтiндiсiне салады. Материал мен 
бекiткiштiң қатынас мөлшерi 1:10 болу керек. 
3. Патологиялық материалдарды орналастыру және жөнелтуге әзiрлеу 
тәртiптерi: 


19 
- патологиялық материалды дайындап, 5%-дық карбол қышқылының 
ерiтiндiсiмен ылғалданған дәкеге орап, ағаш ұнтағы салынған жәшiкке 
салады; 
- сұйық және ағзалардан алынған патологиялық материалдарды шыны
құтыларға салып, аузын тығыз тығындап жауып, сыртынан балауыз құйып 
бекiтедi; 
- жiлiктердi 5%-дық карбол қышқылының ерiтiндiсiмен ылғалданған 
дәкеге орап жәшiкке орналастырады; 
- iшiнде сұйық материалы бар, ұштары балқытылған бекiтiлген Пастер 
түтiкшелерiн сынбайтындай қылып мақтаға орап шыны құтыға салып, содан 
кейiн оны темiр сауытқа орналастырады; 
- жағындыларды екi-екiден бiрiктiрiп (сiлемдерiн iш жағына қаратып, 
араларына сiрiңке шилерiн қояды), пергамент, целофан қағаздарға орап, 
жiппен байлайды; 
- материал салынған жәшiктiң iшiне алынған материалдардың нөмiр-
ленуi бойынша тiзiмi салынып, жабылып, бекiтiлiп қақпағына "шыны", 
"жоғары", "байқаңдар", "зарарлы" деген белгiлер жазылады. 
Лабораториялық зерттеуге жiберiлген материалға жолдама құжат 
толтырылады, онда зерттеуге жiберiлген мекеменiң аты-жөнi, бөлiмi, мекен 
жайы, шаруашылықтағы (ауылдық аймақтағы, елдi мекендегi) немесе басқа 
патматериал алынған обьектінiң аты, ондағы iндеттiк жағдай, мал басы, 
негiзгi клиникалық белгiлері, өлген, ауырып тұрған мал саны, негiзгi 
патология-анатомиялық өзгерiстер, алдын ала қойылған диагнозы, патоло-
гиялық материал алынған уақыты, қандай аурулардан ажыратылуы 
қажеттiлiгi, материал жiберiлген шаруашылықтың немесе клиниканың аты-
жөнi көрсетiледi. 
Патологиялық материалға толтырылатын жолдама құжат 
үлгiсi
төмендегiдей: 
Үржар аудандық ветеринария лабораториясының бактериология 
бөлiмiне. Үржар ауылы, Архатбаев көшесi №36 үй.
Жолдама 
Мақаншы ауылына қарасты "Қылыш" елдi мекенiнде ерiксiз сойылған 
жылқыдан алынған патологиялық материал: көкбауыр, бауыр, жүрек 
кесiндiсi, iшек, терiнiң пұшпағы, лимфа түйiндерi, бүккiш және жазғыш 
бұлшықеттерiнен алынған сынамалар, сонымен қатар азық ретiнде 
қолданылған бұзылған арпа зерттеуге жiберiледi. 
Iндеттiк жағдайы: аталған мекендегi биебауда 8 бие, 6 құлын, сонымен 
қатар екi айғыр үйiрi бар. Малшының айтуына қарағанда 2 жылқы аяқ 
астынан ауырып, тыпырлап, колик тәрiздес клиникалық белгiлер берiп 
(тышқаншық), ерiксiз сойылған. 


20 
Негiзгi патологиялық өзгерiстер: қан жақсы ұйымаған, лимфа 
түйiндерiнде нүктелi қанталаулар бар. Көк бауырдың көлемi аздап ұлғайған, 
талақты тiлiп қарағанда қалыпты жағдайда көрiнетiн ақ және қызыл рең 
сақталмаған, торша структурасы езілген, қою қарамай реңді қан ағады. 
Алдын ала қойылған балау - топалаң. Материал 28.04.08 жылы сағат 
12.00-де алынды. 
Топалаңға, азықтан улануға, токсикоинфекцияға зерттелуiн сұраймын. 
«Едiл» шаруа қожалығының
малдәрiгерi (қолы) Байшолақов Ертай 
Е с к е р т у. Лабораторияда патологиялық материал арнайы қабыл-
данып алынып, жеткiзiлген уақыты бойынша арнайы журналда тiркелуi 
қажет.
2-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет