21
- арнайы диагностикалық сарысуларды
қолдану арқылы серологиялық
реакциялардың көмегiмен антигендiк ерекшелiктерiн анықтайды.
3. Биологиялық сынама қою. Зардапты материалдан немесе алынған
өсiннен езiндi дайындап, оны 2-3 лабораториялық жануарға (қоян, теңiз
тышқаны, ақ тышқан т.б.) егедi.
Аурудың белгiлерiн бақылап, жануар
өлгеннен кейiн (немесе арнайы өлтiрiп) өлексенi сойып, ондағы өзгерiстердi
анықтап, микроскоппен зерттеп, қоректiк орталарға себедi.
4. Қорытынды. Жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде бактериологиялық
балау расталынып, күдiктенген аурулардан ажыратылады.
Қажет болған
жағдайда ауру қоздырушысының типi идентификацияланады. Мысалы
туберкулез қоздырушысының типiн анықтау өте маңызды. Практикада бұл
iндеттiң мал арасында таралуына туберкулезбен ауыратын адамдардың себеп
болатыны жиi кездеседi.
Топалаң, пастереллез, т.б. жiтi өршитiн инфекциялық аурудың нақтылы
балауы бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiнде қойылады.
Түрлi инфекциялық ауруларға патологиялық материалды толық
бактериологиялық зерттеу мерзiмi “Ветеринариялық заңдылық” кiтапта-
рында көрсетiлген. Бактериолог аса қауiптi инфекциялық ауруларда (топалаң,
т.б.) алғашқы зерттеу нәтижелерiн (микроскопиялау, преципитациялау)
мүмкiндiгiнше (1-2 сағатта) шаруашылыққа хабарлауы мiндеттi.
Бактериологиялық зерттеу нәтижесi
патологиялық материалдың дұрыс,
ерте алынуына байланысты.
3-зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: