23
иммунологиялық реакциялар деп аталатын серологиялық реакциялардың
инфекциялық ауруларды балаудағы телiмдiлiгi басқа әдiстерге (клиникалық,
патология-анатомиялық, аллергиялық, т.б.) қарағанда өте жоғары.
Жалпы серологиялық реакциялар дегенiмiз – антиген мен гомологты
антидененiң in vitro әрекеттесуi. Серологиялық әдiстер тек қана қан
сарысуын
ғана емес, сүттi, ағза экстрактыларын, ликвор, басқа да организм
сұйықтарын зерттеуге кең түрде қолданылып келдi.
Малды жаппай серологиялық әдiстермен зерттеу арқылы инфекциялық
аурулардың таралу деңгейiн, жасырын ауру малды анықтауға болады. Соңғы
жылдары қос қан сарысуының титрлерiнiң ұлғаюына байланысты серология-
лық балау қойылып жүр. Ол үшiн алдымен
аурудың жiтi өршу кезiнде,
екiншi рет 15-20 күннен кейiн қосақталған қан сарысуларын зерттегенде
антидене титрлерi 4, одан да жоғары еселенсе аурудың серологиялық балауы
қойылды деп саналады. Мұндай зерттеулер көптеген инфекциялық аурулар
(лептоспироз, вирустық аурулар, т.б.) бой
көтергенде олардың iндеттiк
жағдайын талдауға мүмкiндiк бередi. Созылмалы түрде өтетiн жұқпалы
инфекцияларда бiр жолғы серологиялық зерттеу арқылы аурудың нозоло-
гиялық балауын қоюға болады.
Серологиялық балау әдiстерiмен иммундыглобулин кластарын (Ig, IgM)
зерттеу арқылы инфекциялық процестiң динамикасын анықтауға болады.
Аурудың бастапқы сатысында IgM антиденелер анықталады.
Қазiргi кезде серологиялық балау эпизоотологтарға тек қана
инфекциялық
аурулардың, оның iшiнде әсiресе вирустық инфекциялардың
нозогеографиялық таралуын ғана емес, вакциналық иммундық фонды,
қадағалауға кең түрде қолданылады.
Серологиялық
реакциялар жай, күрделi, бiр, екi, үш және т.с.с.
компоненттi, антиген немесе антидене анықтауға қолданылатын немесе
лизистенуi, нейтрализациялануы, тұнбаға түсуi бойынша топтарға бөлiнедi.
Серологиялық реакциялардың түрлi феномендерде байқалу механизм-
дерi Т.С.Сайдулдиннiң "Основы серологии" (1991) монографиясында
көрсетiлген.
4-зертханалық сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: