Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-тарау.  ІНДЕТТАНУЛЫҚ МОНИТОРИНГ



Pdf көрінісі
бет27/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

3-тарау
ІНДЕТТАНУЛЫҚ МОНИТОРИНГ
 
1-тақырып. Iндеттанулық балау, оның инфекциялық
ауруларға қарсы күрес шаралары жүйесiндегi маңызы
 
Практикада инфекциялық ауруларды балауға қолданылатын клини-
калық, патология-анатомиялық, серологиялық, аллергиялық, бактерио-
логиялық (вирусологиялық) әдістерді қолдану арқылы табында, отарда, басқа 
да жануарлар тобында жұқпалы аурулардың бар-жоғы, яғни назалогиялық 
балауы анықталады. Қолданылуы арнайы нұсқаумен бекітілген әдістерді 
пайдалану арқылы ауруды (топалаң, сіреспе, бруцеллез, туберкулез, т.с.с.) 
анықтау – 
«нозологиялық
балау»
деп аталады. Нозологиялық балау, оның 
әдістері алдыңғы тарауда қарастырылған.
Індеттанулық мониторинг (зерттеу) жұқпалы аурулардан сау шаруа-
шылық, елді мекен (ауыл, қала), ауылдық округ, аудан, облыс, республика 
деңгейінде індеттік жағдайды анықтау, қадағалау, індетке қарсы шаралардың 
тиімділігін бағалау мақсаттарында іске асырылады. Ал індет ошағы орын 
алған жағдайда індеттанулық мониторинг арқылы аурудың шығу, таралу 
себептері, індет процесінің негізгі қозғаушы күштері (инфекция 
қоздырушысының бастауы, берілу тетіктері, ауруға бейім малдардың 
иммундық жағдайы) індеттен сау емес пункттің құрамы (індет ошағы, қатер 
төнген аймақ), олардың шекаралары, т.б. деректер түгелдей анықталып (яғни 
індеттанулық балау қойылып), індетке қарсы шараларды іске асырудың 
нақтылы жолдары көрсетіледі. 
Сонымен, 
«індеттанулық балау» 
арқылы індет процесінің негізгі 
қозғаушы күштеріне (инфекция қоздырушысының бастауы, берілу жолдары, 
ауруға бейім жануар) және індет ошағына толық сипаттама беріледі. 
6-тәжірибелік сабақ. 
Iндеттанулық балау, iндет ошағының
шекарасын анықтау
 
Сабақтың мақсаты.
Iндеттанулық балаудың негiзгi мазмұнын ұғып, 
iндеттанулық мониторинг жүргiзгенде: iндеттен сау емес пункт, iндет ошағы, 
оның ядросы, қатер төнген аймақ категорияларының шекараларын 
анықтауды меңгеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет