58
Екінші серологиялық зерттеуге 1542 мал қамтылып, оның 5-уі АР-мен
бруцеллезге шыққан. Зерттелген 33 иттің біреуі ауруға оң нәтиже көрсеткен.
Барлық ауылдағы мал бойынша бруцеллезге 2 рет теріс нәтижелер
алынбай, серологиялық зерттеулерден кейін 860 м
2
мал объектілері дезин-
фекцияланып (лабораториялық сараптамалар №234-294, 20.11.2001),
қыркүйек-қазан, соңы қараша айларында бұрын бруцеллезге қарсы вакцина
қолданылмаған (иммунды фоны жоқ), буаздық кезеңнің 2-жартысындағы
1496 сауын сиыр, 438 құнажын штамм 82 SR вакцинасымен жаппай егіліп,
бруцеллезден сау емес пункттен карантин алынып, 3 айға шектеу қалды-
рылған. Алайда, бруцеллезді дауалау және одан арылу шаралары нұсқауы-
ның 8.4.2.1.3. пунктінде көрсетілген ереже бойынша бруцеллезден сау емес
пункттегі барлық мал ауруға 2 рет теріс нәтиже бергенде ғана карантин
алынып, 3 айға шектеу қалдырылып, бұл мезгілде бруцеллезге қатарынан 2
рет (әр бір жарым айда) барлық мал бойынша теріс нәтиже алынған жағдайда
ғана штамм 82 SR вакцинасымен егілуі керек еді. Сауықтыру шараларын
жүргізген «Кард» ЖШС мамандары нұсқаудағы ережелерге сәйкес құрылған
сауықтыру жоспарындағы көрсетілген арнайы шаралардың дұрыс орындал-
мауының себебінен, індеттен сау емес пунктті 1 жылда сауықтыруға бөлінген
тендерлік қаражатты жыл соңына дейін игеру қажеттілігімен түсіндіреді.
Сауықтыру жоспарындағы арнайы шаралардың дұрыс орындалмауына
байланысты 2001 жылы желтоқсан, 2002 жылы қаңтар айларында
«Бастаушы» ауылында буаздық кезеңінің соңғы айларында иммунделген
1934 мал арасынан 26 сиыр мен құнажынның іш тастағаны анықталды. Іш
тастаған малдың 17-сі 5-10 жасар сиырлар, 9-ы бірінші рет бұзаулайтын
құнажын мен дөнежін мал, түсіктің абсолютті көпшілігі уақытынан ерте
туылған немесе өміршең емес (туғаннан кейінгі бірінші күндері өлген)
төлдер екені белгілі болды. Іш тастаған малда бруцеллезге тән клиникалық
белгілер: шудың түспеуі, эндометрит байқалған. Лабораториялық зерттеуге
11 түсік жіберіліп, олардың 5-уінен бруцеллез қоздырушысы анықталған.
ҚОРЫТЫНДЫ. Бруцеллезден сау емес пункті сауықтыруға қажетті
бақылаулық зерттеулердің жүргізілмеуіне байланысты, анықталмай қалған –
бруцеллез қоздырушысын жасырын тасымалдаушы мал организмінде,
инфекциялық процестің жіті өршуіне (малдың іш тастауына) вакцинаның
малға соңғы буаздық айларында қолданылуы түрткі болған.
Қолтаңбалар:
Студенттердiң өзiндiк жұмысына тапсырма:
1.
Шаруашылықта немесе ауылдық округте, болмаса басқа да жануарлар
фермаларында (аң, құс, балық, т.б.) iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, акт
толтыру, келесi сабақта оны талдау, қорғау.
8-тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: