Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет33/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 
Қолтаңбалар
2-үлгi
Iндеттанулық зерттеу актiсi 
1 шiлде 2001. Қабанбай ауылы 
Бiз, Үржар ауданының бас малдәрiгерлiк инспекторы Сатай Б., 
“Қабанбай” ауылдық округтың вет.инспекторы Н.Нұрғалиев, Қазақ Аграрлық 
университетiнiң доцентi Е.Қасымов аталған елдi мекенде бруцеллездiң iндет 
ошағы анықталуына байланысты iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.
“Қабанбай” ауылдық округы
оңтүстiгiнде Алматы облысымен, шығы-
сында Қытай мемлекетiмен, солтүстiгiнде Қарабұлақ ауылдық округымен 
шектеседi. Ауылдық округтың әкiмшiлiк территориясы 80-100 шақырым 
алқапты қамтиды, орталығы “Жарбұлақ” ауылы Алакөлдiң шығысында 
орналасқан. Ауылдағы “Жарбұлақ” совхозы таратылып, үлкендi-кiшiлi 40-
тан аса жеке шаруа қожалықтары құрылған. Бұл ауылдағы жеке сектордағы 
сиыр малы 10 табын болып құралып, сәуiрден желтоқсан айына дейiн 
жайылымдарда бағылады.
1.07.2001 жылы жүргiзiлген iндеттанулық зерттеу кезiнде, 8921 қой-
ешкi, 280 жылқы, 2644 сиыр малы тiркелген, оның 874-i сауын сиыр, 47-сi 
бұқа, 153-i ұрықтандыру жасындағы тайыншалар және 843-i бiр жасқа 
дейiнгi бұзау-тайыншалар. Бұл округте “Жарбұлақ” ауылынан басқа, мал 
ұстайтын 32 елдi мекен бар. Ауылдық округ орталығынан ең алыс 
“Жалаңашкөл” маңында орналасқан “Алтыншы” және “Қарағаш” елдi 
мекендерi, бұларда малдың толық санаққа алынбай, таңбаланбағаны 
анықталды. 
2000 жылы бруцеллезге тексерiлген 1778 сиыр малының 17-сi 
бруцеллезге шыққан (“Құмғанбаев”, “Қойшыбай” шаруа қожалықтарынан 6, 
қалғандары Жарбұлақ ауылы тұрғындарының аулаларынан). 2001 жылы 
сәуiр, мамыр айларында зерттелген 1809 малдың 46-сы ауруға шығып

Үржардың
 
ет комбинатына өткiзiлген. Бруцеллез мал анықталған табындарда 
аурудың клиникалық белгiлерi (iш тастау, т.б.) байқалмаған. Ауруға шыққан 
малдардың қан сарысуларында агглютинин титрлерi: 16-сында 1:400, 10-
ында 1:200, 13-iнде 1:100, ал комплемент байланыстырушы антидене тирлерi 
1:5-1:160 сұйылтындыларда 12 малда анықталған. Бруцеллездiң iндет ошағы 
ауылдық округке қарасты “Қарағаш”, “Алтыншы” елдi мекендерiнде 
орналасқан “Қойшыбай”, “Бағатай”, “Ахметжан” шаруа қожалықтары мен 
“Жарбұлақ” ауылынан анықталған. Округтағы басқа 25 шаруа қожалықтары 
бруцеллезден таза болған, олардың iндет ошағындағы табындардан бөлек 
жерлерде бағалатыны, бiрақ қыс айларында қыстақтардың жақын орнала-


54 
суына байланысты мал жайылған жағдайда, олардың араласып жататыны 
белгiлi болды. Ауданның ветеринариялық есептерiнде, барлық бруцеллез мал 
шыққан қора-жай дезинфекцияланып, санацияланған. Ауылдық округте сиыр 
малының бруцеллезге шалдығуы көктемгi зерттеу бойынша 3,8% құрайды.
30 мамыр 2001 жылы аудан әкiмiнiң 326 - шешiмi негiзiнде, “Қабанбай” 
ауылдық округы тұтастай бруцеллезден сау емес деп жарияланған. Бұндай 
кең ауқымды территорияны 1 жыл iшiнде сауықтыру өте күрделi. Округке 
қарасты елдi мекендердегi шаруа қожалықтары мен жеке сектордағы 
табындардың 8 ай бойы жайылымдарда бiр-бiрiмен қосылмай бағылуларына 
байланысты, сауықтыру шараларын бруцеллез мал анықталған жеке табын 
бойынша төмендегiдей схемамен жүргiзу тиiмдi саналады:
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкiмшiлiкке 
қарасты барлық территория бойынша емес, бруцеллез мал анықталған 
табынның орналасуы бойынша нақтылап, сау емес пунктте күрес шараларын 
дифференцациялап жүргiзу; 
-
сау емес пункттегi бруцеллез мал анықталған, орналасқан “Жарбұлақ”, 
“Алтыншы”, “Қарағаш” елдi мекендерiне - карантин қойып, сау емес 
табындарды жүйелi серологиялық зерттеу арқылы сауықтыру; 
-
қатарынан екi рет табын бойынша бруцеллезге терiс нәтиже алынған 
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру; 
-
бақылаулық мерзiмде терiс нәтиже алынған жағдайда ғана, iндет 
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;
- қатер төнген аймақта орналасқан бруцеллезден сау табындардағы (та-
быншылар: Хайранов К.–168, Бибишев Ж.-184, Омаров Н.-313, Малаев Б.-
143, Бодауов Д.–119 сиыр) малды бiздiң ұсынған штамм 82 SR- вак-
цинасымен (“Дауа” ЖШС кәсiпорнында даярланған) шiлде айынан 
қалдырмай, иммундық фонына, 1-2 айлық буаздығына қарамастан жалпылай 
егу; 
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу, табынның бiр-
бiрiмен қосылмауын қадағалау, бруцеллездiң жұғу, таралу, одан сақтану 
жолдарын насихаттау.
Iндеттанулық зерттеу бойынша ұсынылған сауықтыру шаралары 
ауылдық аймақты бруцеллезден сауықтыру жоспарын тиiмдi құруға 
арналған.
Қолтаңбалар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет