3.
Індет ошағы шекарасын анықтау
4.1. Індет ошағы дегеніміз – инфекция қоздырушысының бастауы
(мысалы, туберкулез, бруцеллезде ауру мал) және берілу тетіктері әрекет-
50
тесетін кеңістік, қысқаша айтқанда, малдың ауруға шалдығу мүмкіншілігі
бар зарарлы территория (аумақ).
4.2. Бруцеллездің індет ошағына инфекция қоздырушысының бастауы,
тасымалдаушылары және берілу факторлары (көң, төсеніш, шу) арқылы
зарарланған ауру мал оқшауханасы, қоралары, аулалар, жайылым, т.б.
территориялар жатады.
4.3. Індет ошағының шекарасы ауру қоздырушысының бастауы, берілу
тетіктері және тасымалдаушылардың орналасуына байланысты анықталады.
4.4. Індет ошағы құрамына инфекциялық ауру (бруцеллез) мал жайылған
жайылымдар да кіреді.
4.5. Кең алқапта орналасқан ірі сиыр шаруашылығында індет ошағының
ядросы анықталды. Індет ошағының ядросы ретінде бруцеллез қоздырушы-
сы ең көп шоғырланған жер, атап айтқанда бруцеллез мал тұрған оқшаухана,
төлдету (туыт) қора және бруцеллездің себебінен мал іш тастаған телім
алынады.
4.6. Індеттен сау емес пункттегі індет ошағы сыртында орналасқан
территория қатер төнген аймақ болып есептелінеді.
4.7. Індеттен сау емес пункттің топографиялық картасы жасалынады.
Онда қатер төнген аймақтың, індет ошағының, қажет болса оның ядросының
(мәйегінің) шекаралары белгіленіп, оларда орналасқан мал саны көрсетіліп,
індет ошағына қойылатын карантиндік бекеттердің, дезинфекциялық
тосқауылдардың, қоршаулардың орындары, айналма жолдар белгіленеді.
Бруцеллезде індет ошағында карантин, қатер төнген аймақта шектеу
қою арқылы сауықтыру шараларының тиімділігін арттыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Індеттанулық талдау нәтижесі акт түрінде толтырылып, оның
қорытынды бөлімінде мыналар көрсетілуі тиіс:
- инфекциялық ауруға (бруцеллезге) қойылған нозологиялық балаудың
дәлелділігі;
- инфекцияның шығу және таралу себептері;
- жануарларды инфекциялық ауруларға (бруцеллез) тексерулердің нәти-
желері (сау, ауру және ауруға дүдәмал мал сандары, ауруға шалдығу индексі,
т.б.), індеттің таралу тетігі жөніндегі болжау және малдың ауруға қарсы
вакциналармен егілуі;
- індет ошақтарының саны (олар бірнеше болған жағдайда), олардың
сипаттамасы және ондағы ауру, ауруға бейім малдар саны;
- індет ошағын оқшаулап, оны жоюға бағытталған індетке (бруцеллез)
қарсы шаралар жүйесі;
- қатер төнген аймақтағы мал саны, оларды инфекциядан қорғау
мақсатында қолданылатын арнайы шаралар (бруцеллезде вакциналар
қолдану).
51
2. Індеттен сау емес пунктті індеттанулық зерттеу актісіне тіркелетін
құжаттар:
- барлық мал басының түрі, жасы, жынысына қарай бөлінгендегі саны,
оның ішіндегі бруцеллезге егіліп, егілмегені, алдағы уақытта егілетіні,
қайталанып егілетіні және арнайы әдістермен бруцеллезге тексерілетін мал
саны кесте түрінде беріледі;
- лабораториялық сараптамалар, ветеринариялық куәліктер мен
сертификаттардың көшірмелері.
3. Індеттен сау емес пункттегі індеттанулық зерттеулерді әдетте
аудандық ветеринария станциясының эпизоотологы немесе бруцеллез және
туберкулезбен күресу жөніндегі экспедиция маманы, не болмаса осындай
тексерулер жүргізуге рұқсаты (лицензиясы) бар мал дәрігерінің жүргізуі
шарт.
Індеттен (бруцеллезден) сау емес пункттегі індеттанулық зерттеу актісі
мемлекеттік ветеринариялық инспекция қызметін атқаратын мекемелерге
тапсырылуы қажет.
Iндеттанулық зерттеу iндет ошағы анықталған жағдайда, одан арылу
жоспарын құруға қажетті iндеттанулық балау қою үшін ғана емес, жұқпалы
аурулардан сау шаруашылықтарда, ауылдық округтерде немесе белгiлi бiр
аймақта iндеттiк жағдайды қадағалау мақсатында да жүргiзiледi. Төменде
түрлi мақсатта жүргізілген iндеттанулық зерттеу нәтижелеріне толтырылған
актiлер, үлгi ретiнде көрсетiлген.
1-үлгі
Iндеттанулық зерттеу актiсi
14 маусым 2001. Үржар ауданы,
Южный ауылы.
Бiз, Үржар ауданының бас малдәрiгерi Сатай Б., “Благодатненский”
ауылдық округтың вет.инспекторы Тұраров Қ.Қ., Қазақ Аграрлық универси-
тетiнiң доцентi Қасымов Е.И. бруцеллезден сау емес пункт деп саналатын
“Благодатненский” ауылдық округiнде iндеттанулық зерттеу жүргiздiк.
Бұл ауылдық округте екi елдi мекен орналасқан (“Южный”, “Тасарық”
ауылы), бруцеллездiң iндет ошағы “Южный” ауылында 2001 жылғы
көктемдiк зерттеуде анықталып, “Тасарық” елдi мекенi бұл аурудан таза
болған.
Iндет ошағы ретiнде есептелген “Южный” ауылы Шығыс Қазақстан
облысы, Үржар ауданының орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. 14
мамыр 2001 жылғы статистикалық есеп бойынша, жеке меншiк секторда
1221 сиыр малы, 2268 қой, 262 жылқы, 45 шошқа тiркелген.
2000 жылы бұл ауылдық аймақта 4 айдан 1 жасқа дейiнгi тайыншалар
штамм 82 SR- вакцинасымен (препарат “Дауа” ЖШС кәсiпорынында
даярланған) егiлiп, ұрықтандыру жасындағы мал ревакциналанған. Ал, сауын
52
сиырлар көктемде, күзде серологиялық реакциялармен бруцеллезге
зерттелiп, малдың ауруға шалдығуы 0,9%-дан 0,1%-ға дейiн төмендеген.
Табындарға бұқалар сәуiр айынан бастап қосылған. Жыл соңына дейiн 2-3
айлық буаздық кезеңде егiлген құнажындар арасынан, вакцинаның себебiнен
малдың iш тастауы анықталмаған.
Жеке меншiк сектордағы мал (жасына, жынысына, физиологиялық
ерекшелiгiне байланысты бөлiнбей) сәуiр айынан бастап жайылымда болып,
алғашқы қар түскенге дейiн (қазан, қараша) табындар бiр-бiрiне қосылмай,
бөлек бағылады, қыста қолға ұсталады. Сиырды қолдан ұрықтандыру жолға
қойылмаған, мал табиғи жолмен ұрықтанады. Әр табынға бруцеллезге екi рет
серологиялық реакцияларда терiс нәтиже берген меншiк бұқалар қосылады.
Округтың “Южный” ауылында көктемгi зерттеуде (сәуiр 2001) бруцеллезге
15 мал шығып, 30 мамыр 2001 жылы “Благодатненский” ауылдық округының
әкiмшiлiкке қарасты барлық территориясы орналасқан елдi мекен бруцел-
лезден сау емес деп жарияланып, карантин қойылған. Кең алқапта орналас-
қан бұл ауылдық округтегi табындардың жеке бағылатынына байланысты
сауықтыру шараларын бруцеллезден сау емес пункт шеңберiнде емес iндет
ошағындағы жеке табындар бойынша төмендегiдей схемада жүргiзу тиiмдi
саналады:
- бруцеллезден сау емес пункт құрамын, оның шекараларын әкімшілікке
қарасты барлық территория бойынша емес, бруцеллез мал анықталған
табынның орналасуы бойынша нақтылап, бруцеллезден сау емес пунктте
күрес шараларын дифференцациялап жүргiзу;
-
сау емес пункттегi бруцеллез мал анықталған “Южный” ауылындағы
iндет ошағы анықталған мал табындарында - карантин қойып, сау емес та-
бынды жүйелi серологиялық реакциялар кешенi (АР, КБР) және СР-дi
қолдану арқылы сауықтыру;
-
қатарынан екi рет табын бойынша бруцеллезге терiс нәтиже алынған
жағдайда iндет ошағынан карантиндi алып, 3 ай шектеу қалдыру;
-
бақылаулық мерзiмде терiс нәтиже алынған жағдайда ғана, iндет
ошағындағы сиыр табынын штамм 82 SR- мен иммундеу;
- iндет ошағы мен қатер төнген аймақ ретiнде саналған “Тасарық” елдi
мекенiндегi 4-6 айлық тайыншаларды штамм 82 S-, ұрықтандыру жасындағы
малды штамм 82 SR-, сонымен қатар қатер төнген аймақтағы сауын сиырды
иммундық фонына қарамастан штамм 82 R- вакцинасымен (“Дауа” ЖШС
кәсiпорнында даярланған) иммундеу;
- сиыр малын толық таңбалау, басқа түлiктен бөлек бағу, табынның бiр-
бiрiмен қосылмауын қадағалау, бруцеллездiң жұғу, таралу, одан сақтану
жолдарын насихаттау;
- iндет ошағында сауықтыру шараларын жеке табын бойынша орындау.
- әр серологиялық зерттеуден кейiн бруцеллез мал анықталған аулалар-
ды арнайы дезинфекциялау.
53
Iндеттанулық зерттеу бойынша ұсынылған сауықтыру шаралары
ауылдық аймақты бруцеллезден сауықтыру жоспарын тиiмдi құруға
арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |