Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет40/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


64 
4-тарау. 
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР
 
Жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын күрес шараларының 
мақсаты

-
мал арасында инфекциялық аурулардың алдын алу (дауалау); 
-
індет ошағы анықталған жағдайда, одан арылу (індет ошағын жою, 
табынды, отарды, т.б. індеттен сауықтыру); 
-
адамдардың жануарлар мен адамға ортақ (зооантропонозды) инфек-
цияларға шалдығуына жол бермеу. 
Індетке қарсы шараларды іске асырудың негізгі принциптері. 
Инфекциялық ауруларды дауалау немесе одан арылу шаралары 
шаруашылықтың (ұжымдық, жекеменшік) немесе елді мекеннің (ауыл, 
ферма, т.б.) осы аурудан індеттік жағдайына байланысты алдын ала құрылған 
жоспар бойынша індет процесінің негізгі қозғаушы күштеріне бағытталып,
кешенді түрде жүргізіледі (8-сурет).
Яғни жұқпалы ауруларға қарсы күрес шараларының маңызды бір 
негіздері олардың: 
кешенді және жоспарлы 
түрде жүргізілуі.
Індетке қарсы шаралардың үшінші басты бір негізі - олардың мемлекет 
тарапынан белгіленуі және қолдау көрсетілуі, яғни – 
мемлекеттік сипаты

Індет ошағы анықталған жағдайда аудандық (қалалық) әкімшілік шешімі 
бойынша карантиндік және шектеу территориясы белгіленеді.
Адам мен жануарларға ортақ инфекциялық ауруларда бір күн ішінде 
территориялық санитариялық-эпидемиология мекемесіне хабарлануы мін-
детті. Аса қауыпты жұқпалы аурулардан (бруцеллез, туберкулез, т.б.) сау 
емес пунктті індеттанулық зерттеу, аудандық ветеринария істерінің эпизо-
отологы немесе осындай тексерулер, сауықтыру шараларын жүргізуге 
рұқсаты (лицензиясы) бар мал дәрігерінің жүргізуі шарт. Індетке қарсы 
шаралардың дұрыс іске асуына ауылдық округтің әкімшілігі көмек көрсетуі 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет