67
Карантиндiк шаралар жүргiзiлетiн территория шекарасы бруцеллез
анықталған табынның орналасуына байланысты емес ауылдық округтың
әкiмшiлiк территориясы
бойынша белгiленiп, шаруашылыққа қарасты бар-
лық аймақ бруцеллезден сау емес деп жарияланған. Кең алқапта күрес
шараларын орындау өте күрделi.
Сондықтан, бруцеллез мал анықталған шаруашылықтың (9-сурет) сүт
фермасын (№1) – iндет ошағы, ал оның сыртқы
аумағындағы бойдақ мал
фермаларын (№2,3), бұл ауылдағы тұғындардың мал табындары, жайы-
лымдары орналасқан ауқымды территорияны (Қарамұрт ауылын) – қатер
төнген
аймақ ретiнде санап, бiрiншiсiнде – карантин, екiншiсiнде – шектеу
шараларын жүргiзу, тиімді әдіс ретінде танылған
СР-ді қолдану арқылы
«Киров» шаруашылығы 1 жылда сауықтырылды (Қасымов Е.И., диссертация
авторефераты, 2003).
Сонымен, iндеттен сау емес пункт құрамы, олардың шекаралары
әкiмшiлiк
территориясы бойынша емес, ауру қоздырушысының бастауы,
берiлу тетiктерi,
бейiм малдың, яғни iндет процесiнiң негiзгi буындарының
орналасуына байланысты анықталуы қажет.
Инфекциялық ауруға қарсы күрес:
ұйымдастыру-шаруашылық,
ветеринариялық-санитариялық және арнайы
(балау
және малды иммун-
деу)
шаралар
жүйесінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы бірнеше салаға
бағытталған кешенді құрайды. Аталған күрделі кешен індет процесінің
негізгі буындарына (инфекция қоздырушысының бастауы, берілу механизмі,
ауруға бейім мал) бағытталып жүргізіледі.
1-тақырып. Инфекциялық ауруларға қарсы ұйымдастыру-
шаруашылық шаралары
Достарыңызбен бөлісу: