78
Кiрiп-шығатын транспортқа арналып
дезинфекциялық тосқауыл
құрылады. Оның ұзындығы – 9 м, тереңдiгi – 25 см болуы қажет.
Зауыт территориясы 2 бөлiмге бөлiнедi. Бiрiншiсi санитариялық жағдай
бойынша сау емес, екiншiсi – сау. Сау емес зонада сырттан әкелiнген
өлекселер, сонымен қатар арнайы қазандар орналасады. Ал екiншi сау зонада
өлексенi өңдейтiн, дайын зауыт өнiмдерiн сақтайтын орындар орналасады.
Зауыт жабық мекеме түрiнде жұмыс iстейдi.
Зауытта ветсанитариялық шараларды бақылауда негiзiнен әр зонаның
оқшаулануына баса назар аударылады.
Санитариялық жағдай бойынша сау зонада
дезинфекцияны ай сайын
жүргiзiп отырады. Осы мақсатта күйдiргiш натрий, хлорлы әк, формальдегид
ерiтiндiлерi қолданылады.
Сау емес зонада дезинфекция 5 күнде 1 рет 4%-ды күйдiргiш натрийдың
ыстық ерiтiндiсiмен немесе хлорлы әктiң 3%-ды ерiтiндiсiмен жүргiзiледi.
Соңғы ерiтiндiнi қолданғанда ондағы хлордың белсендiлiгi 3%-дан кем
болмауы керек.
Жұқпалы аурулардың белгiлi бiр мемлекет аралық шекарасы болмайды.
Бұл тұрғыда Қазақстан мемлекетi халықаралық ұйымдардың (FAO, WHO,
OIE) зоосанитариялық ережелерi мен iндеттi бақылау моделiн жүргiзiлген
ғылыми iзденiстер негiзiнде елiмiздiң экономикалық жағдайына, табиғи ерек-
шелiктерiне, өндiрiлетiн биологиялық препараттарға байланысты сәйкестiрiп
қолдануы кажет.
Ветеринария-санитариялық шаралар жұқпалы ауруларды дауалау немесе
одан арылу мақсатында жүргізілетін шаралар кешенінде маңызды орны бар.
Оларға шаруашылық фермаларын инфекциядан қорғау (дезинфекциялық
тосқауыл, ветсанитариялық жібергіш, зоналарға бөлу, бос, бос емес
қағидаларын сақтау, т.б.), жануарлар тұратын нысандарды дезинфекциялау,
дезинсекция,
дератизация, қиды биотермиялық жолмен зарарсыздандыру,
сүтті пастеризациялау, т.б. жатады.
Індеттің таралу механизміне қарсы арнайы ветеринариялық-санита-
риялық шараларды жүргізгенде, ауру қоздырушысының негізгі таралу
жолдарына мән берілуі керек .
Санитариялық тұрғыдан сүт фермасы мен кешені сыртқы және ішкі
қорғаныстармен қамтамасыз етілген жабық кәсіпорындар қатарына жатады.
Сондықтан, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық
тосқауыл мен санита-
риялық жібергіш арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма территориясы ақ
және қара зоналарға нақты бөлініп, мал тұратын - өндірістік, яғни ақ зонаға
санитариялық өткел арқылы өту қарастырылуы қажет.
11-тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: