76
раптау үшiн гипосульфит, сiлтiлiк ерiтiндiлер үшiн
сiрке қышқылы,
формалин үшiн мүсәтiр спиртiнiң ерiтiндiлерi қолданылады. Басқа дезинфек-
танттарда бейтараптау ерiтiндiсi ретiнде стерильдi су қолданылады. Сына-
малар алынғаннан кейiн 2 сағаттың iшiнде лабораторияға жеткiзiлiп, сол күнi
зерттеуден өткiзiлуi тиiс (бактериологиялық зерттеу тәсiлi “Ветеринариялық
заңдар” жинағында көрсетiлген).
Е С К Е Р Т У: Сынамалар мiндеттi түрде механикалық тазаланып,
дезинфекция жүргiзiлген қора едендерiнен, т.б. алынады.
Егер дауалау және қорытынды дезинфекциядан кейiн барлық алынған
сынамаларда белгiленген тесмикробтарының өсуi байқалмаса, ал
тежеу
дезинфекциядан кейiн алған сынамаларын 90%-да өсiндi болмаған жағдайда
олардың нәтижесi қанағаттандырарлық деп табылады.
2. Залалсыздандыру техникасы. Дезинфекция, дезинсекция орындауға
қолданылатын техникаға қойылатын негiзгi талаптар:
- жоғары өнiмдiлiгi;
-
жұмыстың жоғары санитариялық сапасын қамтамасыз етуi.
Жылжымалы дезинфекциялық агрегаттар: ВДМ-2, АДА, АДВ, ЛСД, УД-
ф-20, ДУК, ОППК, өндiрiстiк негiздегi кешендер мен фермалар үшiн УДП-М,
УДС, ОМ-5359-01, ОМ-22613,ОМ-22614; аэрозольдi генераторлар: АГ-УД 2,
ТАН, ПАК-1, ПАК-2, САГ-1, РДВ-1, ОМП-2, КЗ- гидропульттi, автомакс
(қысқартулар механизмдердiң орыс атауларынан алынды).
Студенттердiқ өзiндiк жұмысы:
1. Мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша жұмыстық ерiтiндi дайындау.
2.
Дезинфекцияның сапасын бақылау үшiн түрлi
объектiлерден сынама
алу.
3.
Жүргiзiлген дезинфекцияға актi толтыру.
ІСКЕРЛІК ОЙЫН. Сәйкес жауаптарын табыңыз:
А) Дауалық және лажсыз дезинфекция сапасы ішек таяқшасы бойынша
анықталатын аурулар:
Ә) Дауалық, қорытынды дезинфекция сапасы стафилакоктар бойынша
анықталатын аурулар:
а) бруцеллез;
ә) туберкулез;
б) аусыл;
в) тілме;
г) лептоспироз;
д) қой шешегі.
1-А-а,б,в; 2-Ә-б,г,д; 3-Ә-а,в,г; 4-А-а,б,г; 5-Ә-а,б,д; 6-А-б,г,д; 7-Ә-
а,б,в; 8-А-а,б,д; 9-А-ә,б,в; 10-Ә-ә,б,в; 11-Ә-ә,б,в; 12-А-ә,б;д.