1 зертханалық жұмыс «Дұрыс геометриялық формадағы заттардың тығыздығын анықтау» Жұмыстың мақсаты



бет1/6
Дата25.06.2020
өлшемі37,78 Kb.
#74485
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 zerthanalyk zhumys


1 - зертханалық жұмыс

«Дұрыс геометриялық формадағы заттардың тығыздығын анықтау»

Жұмыстың мақсаты: Заттың тығыздығын анықтауды, тығыздықтың қандай шамаларға тәуелділігін білу. Зерттеу жұмыстарының әдістемелерін меңгеру.

Жұмыстың міндеттері: Екі иінді таразымен заттың массасын өлшеуді және өлшеу кезіндегі жіберілетін қателіктерді анықтау. Штангенциркуль және микрометрмен өлшеуді үйрену.

Керекті құрал – жабдықтар: штангенциркуль, микрометр, дұрыс геометриялық пішіндегі заттардың жиынтығы, таразы және кір тастары.
Бөлшектерді штангенциркульді қолданып, абсолютті әдіспен өлшеу

Өлшенетін шаманы абсолютті әдіспен өлшегенде, оның мәні аспаптың тікелей көрсетуімен анықталады. Осы әдіспен өнімнің өлшемдері штангенциркульмен, микрометрмен, ұзындық өлшеуіштерімен өлшенеді.

Ол үшін бөлшектің шақтама қойылған барлық өлшемдерін, сонымен бірге геометриялық формасының дұрыстығын тексеру қажет. Бөлшекті барлық жағынан өлшеу үшін штангенциркуль қолданылады. Өлшеу құралын таңдап алғанда ол берілген өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету керек. Оның шекті ағаттығы кестеде көрсетілген шақтама өрісінің аясында болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет