Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет51/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Жәндіктермен күрес шаралары.
Дезинсекция әдістері 
 
Сабақтың мақсаты.
Жануарлар фермаларында жәндіктерді жою 
әдістерін оқып, инсектицид препараттармен танысып, оларды қолдану 
тәсілдерін меңгеру.


79 
Керекті құралдар.
Жәндіктер жиынтығы, инсектицид препараттар
оларды қолдануға арналған құрал-жабдықтар. 
Орны және жүргізу әдістемесі.
Сабақ кафедрада және түрлі шаруа-
шылық субъектілерінде жүргізіледі. Студенттер сабаққа келесі сұрақтар 
бойынша дайындалып келулері қажет: 
1.
Дезинсекция, оның әдістері. 
2.
Қандай инфекциялар жәндіктер арқылы беріледі? Олардың берілу 
механизмдері. 
3.
Трансмиссивті инфекцияларда қандай көрсеткіштер індет процесінің 
қарқынына әсер етеді? 
Дезинсекция (французша des – жоямын, латынша insectum – жәндік) – 
жұқпалы аурулардың қоздырушыларын тасымалдайтын сыртқы ортадағы 
жәндіктерді жою. 
Дезинсекцияның жеке жұқпалы ауруларда (оқыра, пысқырық, эстроз, 
гастрофиллез, тейлериоз, т.б.) қолданылуы паразитология сабағында арнайы 
оқытылады. Індеттану пәнінде дезинсекцияға қатысты жалпы сұрақтар және 
инфекциялық аурулар қоздырушысын тасымалдаушы насекомдармен күрес 
шаралары қарастырылады.
Қансорғыш жәндіктер (шыбын-шіркей, маса-сона, кене, бит-бүрге) 
малдың мазасын ғана кетірмей, көптеген бактерияларды, вирустарды, 
микоплазмаларды, риккетсияларды тасымалдайды. Сондықтан зиянды 
жәндіктермен күрес жүргізу індетке қарсы ветеринариялық-санитариялық 
шаралардың басты бір бөлімі болып табылады.
Зиянды насекомдармен қарсы күресте механикалық, физикалық, 
биологиялық және химиялық әдістер кең түрде қолданылады.
М е х а н и к а л ы қ ә д і с т е р г е қоралар мен мал ұстайтын 
орындарды көңнен уақытылы тазалау, малдың қалдықтарын зарарсыз-
дандыру, мал өлекселерін уақытында утильдеу, биотермиялық апандардың 
бетін үнемі жабық ұстау, көң қоймаларын мал қораларынан 200-300 м 
қашықтықта орналастыру, т.с.с. шаралар жатады. Зиянды жәндіктерді толық 
жою мүмкін емес, бірақ олардың мөлшері реттелуі қажет. Осы мақсаттарда 
жоғарыда айтылған шаралармен қатар шыбын-шіркейге қарсы әртүрлі 
жабысқақ қағаздар қолданылады.
Ф и з и к а л ы қ ә д і с (қайнату, ыстық буды қолдану, қажет болған 
жағдайда күйдіру) көбінесе кене, бит-бүргелерге қарсы қолданылады.
Б и о л о г и я л ы қ ә д і с к е насекомдардың табиғи жауларын (құс, 
кейбір жәндіктер мен микробтарды) қолданып жатады. Мысалы тауық 
көптеген насекомдардың құрттарын жояды. Бірақ бұл әдістің қолданылу 
аясы өте тар.
Х и м и я л ы қ ә д і с жәндіктерге қарсы арнайы химиялық препарат-
тарды қолдану арқылы іске асырылады. Инсектицидтер тікелей жанасу 
(контактті), ішек арқылы (жәндіктердің ішегіне арнайы азық арқылы енеді), 
фумигантты (ауа арқылы жәндіктердің тыныс алу органдарына әсер етуі), 


80 
үркіту арқылы әсер етеді. Химиялық препараттар эмульсия, ерітінді, аэрозоль 
немесе құрғақ ұнтақ (дуст) ретінде қолданылады. Мал қораларындағы түрлі 
жабдықтарды, жер телімін, малдың үстін дезинсекциялау үшін арнайы құрал-
жабдықтар пайдаланылады. Қазіргі кезде ауа арқылы емес, тікелей жанасу 
механизмі арқылы әсер ететін химиялық препараттар (Блотик, Неоцидол, 
Байтикол, Байкенотокс, Бутокс, т.б.) практикада кең түрде пайдаланылады. 
Олардың қолдану жолдары қасиеттеріне байланысты алуан түрлі болып 
келеді. Ол жайында паразитология пәнінде жан-жақты оқытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет