Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Аурудың табиғи ошағының құрылымын, шекарасын анықтау



Pdf көрінісі
бет37/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Аурудың табиғи ошағының құрылымын, шекарасын анықтау. 
Табиғи ошақ ретінде сол аурудың қоздырушысы айналымда болатын ең 
шағын территорияны қабылдайды. Бұл территорияда ауру қоздырушысы 
ұзақ уақыт өніп-өсіп, өзінің тіршілігін сақтай алады.
Табиғи ошақтың құрамына кіретін территория 3 түрлі алқапқа бөлінеді: 
а) тұрақты түрде аурудан таза емес алқап (онда ауру қоздырушысы 
өзінің өніп-өсуіне қажетті жануарларға беріліп, табиғи айналымда болады); 


60 
ә) ауру қоздырушысының уақытша, оқтын-оқтын таралуына мүмкіндігі 
бар алқап; 
б) қодырушының иесі мен тасымалдаушысының тіршілігі үшін қолайлы 
жағдай жоқ территория.
 
Аурудан тұрақты таза емес аумақ –
 аурудың табиғи ошағының ядро-
сы
(мәйегі) деп аталады. Аурудың өршіген сәттерінде патогенді микроб ошақ 
ядросынан оның маңындағы алқапқа берілуі ықтимал. Нәтижесінде табиғи 
ошақтың шекарасы да өзгеріп, мөлтек ошақтар пайда болады.
Ветеринариялық практикада табиғи ошақтың ядросын анықтау індетке 
қарсы күрес шаралар жүйесінде маңызды. Мысалы кең далада кеміруші 
жануарлар арқылы қалыптасқан табиғи ошақтардың ядросы сол өңірдегі су 
көзі болып табылады. Ауру қоздырушысының тасымалдаушылары сол көл-
шіктің маңында шоғырланады. Яғни кеміргіштерге қарсы күресті нақтылы 
сол алқапта жүргізсе, аз қаражатпен тиімді нәтиже алуға болады. 
Табиғи ошақтың түрлері:
а у т о х т о н д ы (адамның әрекетіне 
тәуелсіз сақталатын ошақтар), а н т р о п у р г и я л ы қ (адамдардың табиғи 
ортаны шаруашылық аймағына тартуына байланысты, бұндай ошақтарда 
қалыптасқан індет процесіне үй жануарлары да қатысады), с и н а н т р о п – 
т ы қ (адам мен жануарларға жақын тіршілік етуге бейімделген 
кемірушілердің қатысуымен туындалған), қ а б а т т а с қ а н (бір алқапта 
бірнеше табиғи ошақты аурулардың кездесуі, мысалы туляремия, 
лептоспироз, Ку-қызбасының анықталуына тышқан тектес кемірушілердің 
бір ортаға шоғырлануынан туындалады), ш а ш ы р а н д ы (ауру 
қоздырушысының жануарлардың бірнеше түрлерінің арасында таралуы) 
болып бөлінеді. Соңғысына мысал ретінде листериоз ауруының таралу 
жолдарын (7-сурет) қарастыруға болады.
Листериоздың табиғи ошағының ауысуы жыл маусымдарына 
байланысты. Жылдың суық мерзімдерінде листерилерді тасымалдаушы 
кемірушілер даладан мал обьектілеріне (қора-жайға, сүрлем қоймаларына, 
т.б.) қарай көшеді. Практикалық жағдайда індет процесінің бұғауларына үй 
жануарлары қатысады. Бұл құбылысқа көктемнің алғашқы айларында қой 
отарларына сүрлем берген кезде листериоз ауруының энзоотия түрінде 
байқалуы дәлел бола алады.
Жұқпалы аурудың табиғи ошағы белгілі бір ландшафқа баланысты 
болады. Бірінікі жазық дала болса, басқа бірінікі таулы-қырат немесе 
ылғалды жерлерде болады. Мысалы, түйе обасының ошағы құрғақ даламен
байланысты болса, лептоспироздікі жасанды көлшіктермен байланысты. 
Бұларды ландшафтық ошақтар деп атайды.


61 
7-сурет. Листериоздың жұғу жолдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет