49
немесе тек қана СР, не болмаса ИФТ-мен тексеріледі. Қой мен ешкі –
кешенді АР, КБР, КҰБР, РБС-пен және аллергиялық әдіспен, жылқы –
кешенді түрде АР, КБР, КҰБР, РБС-пен, шошқа – кешенді түрде АР, КБР,
КҰБР және аллергиялық әдіспен, ит пен басқа жануарлар – кешенді түрде
АР, КБР-мен зерттелінеді.
3.3. Бруцеллез қоздырушысының бастауы анықталғаннан кейін ауру
және сау малдың тікелей немесе тастанды ұрық, шу, нәжіс, мал өнімдері
және қалдықтары, құрал-сайман, мал күтуші адамдар, гинекологиялық
аспаптар, сауу құралдары, ыдыстар мен тышқан тәріздес кемірушілер
арқылы жанама жанасулары талданып, ауру қоздырушысының берілу
тетіктері анықталды. Талдау жүргізгенде мынадай жәйттерге мән берілді:
- төлдету қорасына кіргізу алдындағы жануар денесінің санитариялық
тазалығы;
- мал төлдету бөлімінің ветеринариялық-санитариялық жағдайына, атап
айтқанда, көңнің шығарылуы және мал төлдеген жердің дезинфекциялануы;
- көңнің, іш тастаған жағдайда тастанды ұрықтың, шудың зарарсыздан-
дырылуы және соңғылардың жойылуы;
- сүт сауу құралдары мен аспаптарының және сүт ыдыстарының
зарарсыздандырылуы;
- малдан алынған сүт, ет өнімдері қалдықтарының зарарсыздандырылу
сапасы;
- малды қолдан ұрықтандырғанда және акушерлік көмек көрсеткенде
қолданылатын аспаптардың (қынап айнасы, шприц-катетр, акушерлік жіптер,
ілмектер, қысқыштар, т.б.) зарарсыздандырылу сапасы;
- жүргізілген дезинсекция, дератизацияның реттілігі және нәтижелілігі.
3.4. Бруцеллезге бейім жануарлардың вакцинамен егілуін, ветерина-
риялық мәліметтердегі арнайы актілерді талдау арқылы анықтайды.
Нәтижесінде:
-
бруцеллезге қарсы егілген жануарлардың түрі, жасы және жынысына
қарай бөлінгендегі саны, қолданылған вакцина түрі, вакциналау және
ревакциналау мерзімі, егілуге тиісті мал саны;
-
вакциналау және ревакциналау мерзімінің сақталуы, егілетін малдың
жасына, буаздығына, т.б. талаптарға сейкестілігі;
-
меншік түріне қарамастан бруцеллезге бейім барлық жануарлар балау
әдістерімен тексеріліп, ауру мал саны және инфекция қоздырушысының
берілу тетіктері анықталады. Вакциналанған, вакциналанатын және балаулық
зерттеулер жүргізілетін жануарлардың жасы және жынысына қарай
бөлінгендігі саны арнайы кесте түрінде көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: