Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет73/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

«бруцеллездің індет 
ошағының ядросы» 
ұғымы ұсынылып (авторлық куәлiк №399, 1996), ҚР 


128 
АШМ ғылыми-техникалық кеңесiнiң шешiмiмен практикаға енгiзiлдi 
(17.06.1997 ж, хаттама №1). Территориясы кең ауқымды бруцеллезден сау 
емес шаруашылықтарда індет ошағының ядросы ретінде – ауру қоздыру-
шысы ең көп шоғырланған телім, әдетте, бруцеллез мал тұратын оқшаухана, 
бруцеллез себебінен мал іш тастаған қора-жайдағы телім, төлдету қора, ал 
жеке секторларда ауру мал анықталған қорайжай – «iндет ошағының ядросы» 
деп белгiленiп (21-сурет), бұл объектiлерде дезинфекция және басқа да 
ветеринариялық-санитариялық шаралар қатаң орындалады. Мал iш тастаған 
немесе төлдеген телiм әркез жергiлiктi дезинфекцияланып, шу, қағанақ су 
жиналып, зарарсыздандырылады. Бруцеллезде індет ошағының ядросын, 
яғни ауру қоздырушысы ең көп шоғырланған шағын телімді тиімді 
дезинфекциялау арқылы індет процесінің негізгі буындарының бұғауын туыт 
қорада тиімді үзіп, нәтижесінде сыртқы ортада бруцеллалардың таралуын 
тежеуге болады. 
Бруцеллезден сау емес пункт
Қатер төнген аймақ
Бруцеллездің індет ошағы
Я-1 – оқшаухана; Я-2 – төлдету қорасы; Я-3 – бруцеллездің себебінен 
мал іш тастаған телім.
21-сурет. бруцеллезден сау емес пункттің құрамы. 
Бруцеллезден сау емес пункт құрамының індет ошағы ядросымен 
толықтырылуы індет ошағы ауқымының тарылуына, шоғырлануына, ауру 
қоздырушысының індет ошағы ішінде айналымының шектелуіне ықпалын 
тигізеді және зардапты микробтың малға, күтуші адамға жұғу қаупін 
төмендетеді. Індет ошағының ядросын жоюға қаражат аз жұмсалады және 
індет ошағының ядросын (ауру қоздырушысы ең көп шоғырланған объек-
тілерді) тиімді дезинфекциялау арқылы бруцеллалардың сыртқы ортада 
таралуын тежеуге болады.
Мал бруцеллезiмен күресу, жүргiзiлген iндеттанулық талдау нәтижелерi 
бойынша бруцеллезден таза немесе таза емес (сау емес, ада емес) пункттерге 
Я
-1 
Я
-2 
Я
-3 


129 
жатқызылған жануарлар табынының (отарының) белгiленген аумағында 
жүргiзiледi. Соңғысының құрамына iндет ошағы және қатер төнген аймақ 
кiредi. Бруцеллезден сау емес пункттiң жетiлдiрiлген толық құрамы 21-
суретте көрсетiлген. 
Індеттанулық категория ретінде –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет