Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет69/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Бруцеллезді балау әдістері
К е р е к т i ж а б д ы қ т а р. Қан алуға арнайы пробиркалар, инелер, йод 
тұнбасы, 20%-ды спирт, тампондар; аллергиялық тексеруге: бруцеллин, 
шприцтер, инелер; бактериологиялық зерттеуге материал алатын ыдыстар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ ветеринария 
клиникасында немесе мал фермасында және кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттер әртүрлi малдан қан, арнайы сойылған малдан 
материал алуды, оларды лабораториялық зерттеуге жiберу тәртiптерiн 
меңгередi. Малды аллергиялық әдiстi қолданып, клиникалық белгiлерi 
арқылы (әсiресе қошқарды жұқпалы эпидидимитке) балауды үйренедi. 
Кафедра дәрiсханасында алынған материалмен лабораториялық зерттеулер 
жүргiзiледi
Б р у ц е л л е з д i б а л а у ғ а қ о л д а н ы л а т ы н н е г i з г i ә д i с- 
т е р. Бруцеллезге тән клиникалық белгiлер: малдың буындарының қабынуы, 
буаз малдың iш тастауы қазiргi кезде вакцина кең түрде қолданыла-
тындықтан өте сирек кездеседi және де буаз малдың iш тастауы басқа да 
жұқпалы ауруларда кездесетiн клиникалық белгi. 
Бруцеллездi дауалау және одан арылу шараларына арналған нұсқау 
бойынша бұл ауруды балауға: бактериологиялық, серологиялық, аллер-
гиялық, клиникалық және iндеттанулық зерттеу әдiстерi қолданылады. 
Патология-анатомиялық өзгерiстер бруцеллезде айқын байқалмайды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен “Адам және жануарлар 
үшiн ортақ жұқпалы аурулардың алдын алу және күресу” жөнiндегi 
ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес (Астана, 2004) жануарлар 
бруцеллезге жаппай мына әдiстермен тексерiледi: 
1) сиыр, марал, зебу – серологиялық: агглютинация реакциясымен (АР), 
комплементтi байланыстыру реакциясы (КБР), комплементтi ұзақ байла-
ныстыру реакциясымен (КҰБР), роз-бенгал сынамамен (РБС), аллергиялық 
зерттеумен кешендi түрде немесе тек қана Сайдулдин реакциясымен (СР) 
немесе тек қана иммунды-ферменттi талдаумен (ИФТ); 
2) жылқы, түйе, қой-ешкi және шошқа серологиялық: АР, КБР, КҰБР, 
РБС әдiстерiмен; мұнымен қатар қой малы бруцеллезбен бiрге жұқпалы 
эпидидимитке (қошқардың ен шылауының қабынуы) КҰБР-мен;
3) ит және басқа да жануарлар түрлерi серологиялық: АР және КБР 
әдiстерiмен;
Сауын сиырдың жиналған сүтi базарлардағы лабораторияларда шығыр-
шық реакциясымен (ШР) тексерiледi.
Бактериологиялық тәсiлмен мал және жануарлар iш тастаған жағдайда 
олардың түстiгi (тастанды төл) бруцеллезбен қатар мiндеттi түрде трихо-
моноз, кампилобактериоз, листериоз, сальмонеллез (қылау), лептоспироз, 
хламидиоздық iш тастауға зерттеледi.


119 
Жануарлардың патологиялық материалдарынан (түсiк) бөлiнiп алынған 
бруцелла өсiндерi республикалық немесе облыстық ветеринариялық лабо-
раторияларға жiберiлiп, ауру қоздырушысының типі анықталуы шарт.
Бруцеллез алғаш рет анықталған жағдайда ауданның мемлекеттiк 
ветеринариялық бас инспекторы, санитариялық эпидемиологиялық маман-
дармен бiрге iндеттанулық зерттеу жүргiзедi.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Iндеттанулық зерттеу жүргiзiп, 
бруцеллезге iндеттанулық балау (аурудың шығу, таралу себептерiн, iндет 
процесiнiң негiзгi буындарын, iндет ошағының, қатер төнген аймақтың, 
бруцеллезден сау емес пункттiң, шекараларын анықтау) қою арқылы сауық-
тыру шараларының тиiмдiлiгiн арттыруға болады. 
Шаруашылыққа iндеттанулық талдау жүргiзгенде аналық малдың 
табындары қалай құралатыны, олардың жеке меншiктегi және көршiлес 
шаруашылықтағы малдармен өрiстегi, суаттағы қатынастары, сырттан 
қабылданған малға дауалық карантиндiк мерзiмде арнайы шаралардың жүргi-
зiлгендiгi анықталады. 
Шаруашылыққа сырттан қабылданған асыл тұқымды тайыншалар ара-
сында бруцеллез қоздырушысын жасырын түрде алып жүргендерi бiр айлық 
дауалық карантиндiк мерзiмде серологиялық әдiстердiң толық жүйесiмен 
тексергенде, бруцеллезге терiс реакция көрсетiп, ұрықтанғаннан кейiн, яғни 
құнажын болғанда аурудың жiтi өршуiне байланысты iш тастап, немесе оң 
нәтижелi серологиялық реакция беруi практикада байқалып жүр.
Бруцеллез қоздырушысының негiзiнен мал төлдегенде таралатыны 
назарға алынып, мал төлдейтiн қора-жайдың тазалығы және ондағы жүргiзi-
летiн ветеринариялық-санитариялық шаралардың (дезинфекция, дезинсек-
ция, дератизация) қалай орындалатыны тексерiлуi керек. 
С е р о л о г и я л ы қ б а л а у. Практикада бруцеллездi балауға қолда-
нылатын серологиялық әдiстер: 
А г г л ю т и н а ц и я р е а к ц и я с ы (АР). Бұл реакцияны Райт деген 
ғалым ұсынған. Бiрiншi рет (1897) АР Мальта қызбасын анықтауға қолда- 
нылды. 
АР жануарлардың қан сарысуымен қойылады. Қан малдың күре тамы-
рынан арнайы инелер арқылы алынып жаңа кезiнде немесе консерва-
цияланған күйiнде тексерiледi (гемолизденген немесе тұрып қалған, ескi қан 
сарысуы зерттеуге жарамайды). Практикада консервант ретiнде бор қышқы-
лын құрғақ күйiнде (2%) қолдану қолайлы. 
Сиыр малының, жылқының, түйенiң, шошқаның, иттiң қан сарысуларын 
зерттегенде, фенолданған физиологиялық хлорлы натрийдiң ерiтiндiсi (0,5% 
фенол мен 0,85% хлорлы натрий), ал буйволдың, қой-ешкiнiң қан сарысу-
ларын зерттегенде, ас тұзының 5%-ды, бұғының қан сарысуын тексергенде
осы тұздың 10%-ды ерiтiндiсi қолданылады. Шошқаның, қойдың, ешкiнiң, 
бұғының, иттiң қан сарысулары 1:25, 1:50, 1:100, 1:200, ал сиырдың, 


120 
жылқының және түйенiң қан сарысулары 1:50, 1:100, 1:200, 1:400 рет 
сұйылтылып тексерiледi. 
АР, КБР (ҚҰБР) әдiстерiн қоюға биофабрикада дайындалған стандарт 
антиген қолданылады. 
АР-де бруцеллез антиденесiнiң титрі ретiнде, кем дегенде 2 плюс (++) 
дәрежесiнде реакция беретiн ең соңғы пробиркадағы сарысудың сұйыл-
тындысы қабылданады. Ол халықаралық бiрлiкпен (ХБ) парапар саналады. 
Ең төменгi оң реакция ретiнде сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкi, буйвол, 
бұғы, итте-50 ХБ; терiсi құнды аңдар мен теңiз шошқасында-10 ХБ саналады. 
Бастапқы екi топтың 50 және 25 ХБ-гi күдiктi (дүдәмал) деп есептеледi. 
Қан сарысуы дүдәмал реакция берген мал 2-4 аптадан кейiн қайталанып 
тексерiледi. Бруцеллезден ада мал шаруашылықтарында екiншi рет дүдәмал 
реакция берген мал бруцеллезден сау, ал аурудан ада емес шаруашылықта 
бруцеллез деп саналады. 
Р о з б е н г а л с ы н а м а (РБС). Бұл әдiс арнайы жасалған эмальдi 
пластинкада қызыл күлгiн бояумен боялған бруцеллез антигенiмен қойы-
лады. РБС-ның тиiмдiлiгi: бiрiншiден жылдам және жеңiл қойылады, екiншi-
ден – нәтижесi қолма-қол белгiлi болады. Брузеллездi балауда РБС-ның 
сезiмталдығы пробиркада қойылатын АР-ден жоғары. 
Қ о ю т ә р т i б i. Пластинканың ойығына бiр тамшы қан сарысуын 
тамызып жанына сиырдың, жылқының, доңыздың қан сарысуларын 
зерттегенде 0,03 см
3
, ал қой мен ешкiнi зерттегенде 0,015 см
3
боялған 
бруцеллез антигенiн тамызып, екi тамшыны араластырғаннан кейiн, төрт 
минут қолмен немесе арнайы аспаппен баяу шайқайды. 
Реакцияның нәтижесiн көзбен қарап бағалайды. Егер қоспада қызыл-
күлгiн түстi түйiршiктер түзiлiп сұйықтың ортасы мөлдiрленсе, зерттеудiң 
нәтижесi – оң, ал керiсiнше түйiршiктер түзiлмей сұйық орта лайланған 
қалпында қалса нәтижесi терiс (-) деп бағаланады. 
РБС-мен жаңадан алынған қан сарысуы ғана зерттелуi тиiс. Ескiрiп, 
тұрып қалған қан сарысуы жалған нәтиже беруi мүмкiн. 
С ү т п е н қойылатын ш ы ғ ы р ш ы қ р е а к ц и я с ы (ШР). 
Серологиялық пробиркаға 2 см
3
сүт құйып оған боялған бруцеллез антигенiн 
қосып, мұқият араластырып, су қобдиына (37-38
0
С) 1 сағат қояды. Реакция-
ның дұрыс қойылғандығын оң және терiс нәтиже беретiн бақылау сынама 
арқылы анықтайды. Оң бақылау бруцеллездiң оң қан сарысуымен, ал терiс 
бақылау сау малдың сүтiмен қойылады. Егерде тексерiлетiн сүтте специфи-
калық агглютинин болса, онда ол боялған антигенмен әрекеттесiп көк түстi 
сақина тәрiздес жолақ түзiп, сүттiң бетiне қалқып шығады, ал пробиркадағы 
сүттiң төменгi бөлiгi боялмай бастапқы қалпында қалады. Керiсiнше сүтте 
спецификалық агглютинин болмаса, сүттiң беткi қабатында көк жолақ сақина 
түзiлмей оның барлық деңгейi (бойы) бiрiңғай көк түске боялады. Бiрiншi 
жағдайда реакцияның нәтижесi оң, ал екiншiсiнде – терiс деп бағаланады. 


121 
Шығыршық реакциясымен тексерiлген сүт боялған антигенмен оң 
нәтиже көрсетсе, табында бруцеллезбен ауыратын малдың барлығы жайында 
жорамал туады. Ондайда, табындағы әр мал серлогиялық әдiстiң толық 
жүйесiмен (АР, КБР, КҰБР, РБС) немесе тек СР – мен, немесе тек ИФТ мен 
бруцеллезге тексерiлiп, фермаға iндеттанулық талдау жасалып, малдың 
клиникалық белгiлерiне мән берiледi. Табындағы малдың қан сарысуларын 
серологиялық реакциялармен зерттегенде нәтижелерi терiс болса, табынды 
бруцеллезден ада деп санап, сүтi шығыршық реакциясымен оң нәтиже берген 
малды табында қалдырады. 
К о п л е м е н т т i б а й л а н ы с т ы р у р е а к ц и я с ы. Реакцияны 
Борде мен Жангу деген ғалымдар бактериолиз және гемолиз феномендерiне 
негiздеп жасаған. КБР арқылы қан сарысуынан антидененi, ал патологиялық 
материялдан антигендi анықтауға болады. 
Серологиялық реакциялардың класификациясында (Сайдулдин Т.С., 
1981) КБР қосымша факторлардың қатысуымен жүретiн реакциялар тобына 
жатқызылған. 
Реакцияның компоненттерi: I)антиген, 2)зерттелетiн қан сарысуы, 
3)комлемент (теңiз тышқанының қан сарысуы), 4) гемолизин, 5) қой эриттро-
циттерi. 1,2,3 – компоненттер бактериолиз, ал 3, 4, 5 – гемолиз феноменiн 
құрайды. Егер мал ауру болып, зерттелген қан сарысуында телімді антидене 
болса, онда ол антигенмен қосылып, иммунды кешен (антиген-антидене) 
түзiп, өзiне комплементтi адсорбциялайды. Ақырғысы комплементтенген 
иммунды кешен деп аталады. Ал, керiсiнше зерттелген қан сарысуында 
телімді антидене болмаса, онда иммунды кешен түзiлмей, комплемент бос 
қалады. Комплементтiң дербес – антиген немесе антиденемен әрекеттеспей, 
тек қана екеуiнен құралған иммунды кешенмен ғана әрекеттесуi арнайы 
заңдылық.
Реакцияда иммунды комплекстiң түзiліп, түзiлмегенiн көзбен көру үшiн, 
оған анықтағыш индикатор ретiнде эритроцит және гемолизиннен тұратын 
индикаторлық жүйе қосылады. Егерде, гемолитикалық жүйенi қосқанда 
эритроциттер толық түрде гемолизденбесе, онда зерттелген қан сарысуында 
бруцеллез қоздырушысының антигенiне қарсы антидененiң пайда болып, 
комплементтенген иммунды кешеннiң түзiлгенi, керiсiнше эритроциттер 
толық түрде гемолизденсе – зерттелген қан сарысуында телімді антидененiң 
болмай, бос қалған комплементтiң гемолитикалық жүйедегi эритроциттi 
гемолиздегенi. КБР-де қолданылатын гемолитикалық жүйені, оның реакция-
дағы қызметіне байланысты индикаторлық жүйе деп атаған дұрыс саналады. 
Р е а к ц и я н ы ң н ә т и ж е с i н б а ғ а л а у. Пробиркадағы 
эритроциттер толық түрде (100%) гемолизденбесе төрт оң таяқшамен (++++), 
жартыдан жоғары дәрежеде (75%) гемолизденсе үш оң таяқшамен (+++) 
жартылай (50%) және шамалы 25% ғана гемолизденсе екi (++) немесе бiр (+) 
оң таяқшамен, ал толық түрде (100%) гемолизденсе, терiс (-) таяқшамен 
белгiленедi.


122 
Р е а к ц и я н ы ң н ә т и ж е с i н е с е п к е а л у. Пробиркадағы қан 
сарысуының сұйындыларының 1:5 екi оң таяқша және одан жоғарғылары 
(1:5+++, 1:5++++, 1:10, 1:20, 1:40) бруцеллезге оң, 1:5-ке бiр ғана оң таяқша 
бергенi – дүдәмал, ал терiс таяқша бергендерi – терiс нәтиже деп саналады. 
Дүдәмал реакция берген малды 15-30 күннен кейiн қайталап бруцеллезге 
тексередi. Аурудан ада емес (сау емес) шаруашылықта екiншi рет дүдәмал 
реакция берген малды бруцеллезге балайды.
К о м п л е м е н т т i ұ з а қ б а й л а н ы с т ы р у р е а к ц и я с ы. 
КҰБР-дың негiзгi мәнi КБР-мен бiрдей, айырмашылығы КҰБР-да 
комплементтенушi иммунды кешен 16-18 сағат аралығында салқын жерде 
(40С) байланысады, ал келесi күнi КБР-дағыдай гемолитикалық жүйе қосы-
лып су қобдиында ұсталады. Бұл реакцияның сезiмталдығы КБР-дан жоғары. 
Реакцияның нәтижесiн бағалап, есепке алу тәртiбi КБР-дағыдай.
А л л е р г и я л ық ә д i с. Бруцеллездi аллергиялық әдiспен балау 
организмнiң баяу типтi сезiмталдығына негiзделген. Бұл әдiспен бруцеллезге 
сиыр, буйвол, қой, ешкi, шошқа, солтүстiк бұғысы ВИЭВ аллергенiн қолдану 
арқылы тексерiледi (аллергеннiң атауы қысқартылып алынған орыс тiлiндегi 
нұсқасымен аталды, ол Кеңес Одағы кезiнде қалыптасқан эксперименталды 
мал дәрiгерлiгi институты деген мағына бередi). Аллерген шошқаның 
құлағының сыртқы жағының терi iшiне 0,2 см
3
көлемiнде, басқа малдың 
көзiнiң астыңғы қабығының терi астына (көздiң сыртқы бұрышы жағынан 
кiрпiктен 1 см-дей төмен) мына көлемде енгiзiледi: қой-ешкiге, бұғыға – 0,5 
см
3
, сиырға, буйволға – 1 см
3
немесе аллерген құйрық түбiне енгiзiледi. 
Дозасы: қой-ешкi, бұғыға – 0,2, сиыр мен буйволға – 0,3 см
3

Реакцияның нәтижесi сиыр, буйвол, қой мен ешкi, бұғыны тексергенде 
48 сағат, ал шошқаны – 24 және 48 сағат өткеннен кейiн есепке алады. 
Аллергендi енгiзген терi аймағында iсiк (домбығу) пайда болса, онда 
бруцеллезге – оң, ал керiсiнше iсiк болмаса – терiс реакция деп бағаланады.
Бруцеллезден ада мал шаруашылықтарында аурудың түбегейлi балауы 
арнайы қоректiк ортада өсiрiлiп, одан бөлiнiп алынған бруцеллез қоздыру-
шысының таза өсінімен, немесе биологиялық сынаманың оң нәтижесiмен 
нақтыланады. Соңғы жылдары ғылыми еңбектерде бруцеллездi балауға 
бiрнеше сезiмтал серологиялық әдiстер: гемагглютинация (ГАР), иммунды-
флуоресценция (ИФР), Кумбс (КР), иммунды ферменттi талдау (ИФТ), 
Сайдулдин реакциясы (СР) тиiмдi қолданылып, лабораториялық практикаға 
ұсынылды. Бастапқы төртеуi, негiзгi компоненттерiнiң шығарылуы немесе 
қойылу әдістемелерінің күрделiлiгiнен практикада кең қолданылмады.
1975 жылы ҚРҰА академигі, профессор Т.С.Сайдулдин ұсынған 
конглютининдеушi кешендi байланыстыру реакциясы (кейiннен автордың 
атымен аталған) реакциясы лабораториялық практикада кең түрде сыналып, 
оның бруцеллездi балауға қолайлы және тиiмдi әдiс екендiгi дәлелдендi. 
Реакцияның басқа серологиялық әдiстерден тиiмдiлiгi, бiрiншiден СР-ға 
қажеттi жабдықтар мен компоненттер және оның қойылу методикасы лабора-


123 
ториялық практикада қолданылатын КБР-дағыдай. Тек қана КБР-да қолданы-
латын теңiз тышқанының қан сарысуы (комплемент) СР-да сиырдың қан 
сарысуымен (конглютининдеушi қан сарысумен) алмастырылған. Екiншiден, 
конглютининдеушi қан сарысуын өндiрiсте дайындап шығару, теңiз тыш-
қанының комплементiн дайындап шығарудан екi-үш есе арзан. Бұл екi жағын 
есептемегенде реакцияның негiзгi тиiмдiлiгi, оның практикада қолданылатын 
серологиялық реакциялар жүйесiнен (АР, КБР, КҰБР, РБС) жоғары 
сезiмталдығында. Бруцеллез орын алған сиыр шаруашылықтарында АР, КБР, 
КҰБР, РБС әдiстерiмен бруцеллезге оң реакция берген малды СР толық 
(100%) түрде анықтап, оған қосымша бруцеллез қоздырушысын денесiнде 
жасырын алып жүрген 1-1,5 есе көп малды көрсете алады. 
СР-дың диагностикалық тиiмдiлiгi әртүрлi iндеттiк жағдайда соңғы 
жылдары практикаға қолдануға ұсынылған жаңа әдiстермен салыстырмалы 
түрде сыналды.
Бiрiншi тәжiрибеде, вакцина қолданылмаған бруцеллезден сау емес 
шаруашылықтарда: ИФТ, СР, ГАР, ИФР, КР, АР, КБР, КҰБР, РБС 
әдiстерiмен 3 түрлi мал топтары (42 сиыр бруцеллез изоляторынан, 96 сиыр 
бруцеллезге АР, КБР-мен оң реакция берген, 134 сиыр СР-мен оң, ал АР, 
КБР-мен ауруға терiс реакция берген) зерттелдi. 
Барлық бруцеллез мал топтарында СР 100% жағдайда ауруға оң реакция 
берді. ИФТ, алдыңғы екі топта СР-дегідей нәтижелер көрсетіп, 3-ші топта 
97,01% жағдайда бруцеллез малды анықтады. Бұл әдістерге жақын көрсет-
кіштер КР-де алынды. Бастапқы екі топта ГАР және КҰБР әдістерінің 
бруцеллезге оң көрсеткіштері үшінші топқа қарағанда жоғары болды. 
Бруцеллез малды ең төменгі дәрежеде АР және РБС әдістері анықтады. Ең 
жоғарғы деңгейде бруцеллез антиденелері ИФТ-мен СР-де алынды. 
Зерттелген мал топтарында ИФТ мен СР-дің көрсеткіштері бір-біріне жақын, 
яғни елеусіз (Р 

0,01) болды, ал бұлардың орта титрлері басқа реакция-
лардың (КР, ГАР, ИФР, КҰБР, КБР, РБС, АР) орта көрсеткіштерінен 
анағұрлым жоғары болды. Соңғы топтағы реакциялардың орта титрлері мен 
СР, ИФТ әдістерінің көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтар айқын 
байқалды (Р < 0,01). 
Зерттеу нәтижелері негізінде, сиыр бруцеллезін балауға қолданылатын 
әдістер (АР, КБР, РБС, ГАР, ИФР, КР, ИФТ, СР) ішіндегі тиімдісі – ИФТ мен 
СР екені анықталды. Бұл екі әдістің бруцеллезді балаудағы сезімталдық 
деңгейі басқаларынан бірнеше рет жоғары, бірақ телімділігі және нарықтық 
құны жағынан – СР тиімді.
Қазiргi кезде реакцияда қолданылатын негiзгi компонент – конглюти-
ниндеушi қан сарысуын өндiрiстiк жағдайда жасап шығару технологиясы 
жолға қойылды. ТМД мемлекеттері мен Қазақстанның мал дәрiгерлiгi 
лабораторияларында сиырдың бруцеллезiн балауында СР кең түрде сыналып, 
оны практикада қолданылатын: АР, КБР, КҰБР, РБС кешенінің орнына 
қолдануға болатыны комиссиялық сынақтарда расталды. СР-ды қолдану 


124 
арқылы табынды бруцеллезден сауықтыру мерзiмi АР, КБР, РБС кешенiн 
қолданғанға қарағанда, екi-үш есе қысқаратыны практикалық жағдайда 
дәлелденген . 
ҚР ауылшаруашылығы министрлігі бекіткен «Жануарлар мен адамға 
ортақ жұқпалы аурулардың (бруцеллез) профилактикасы және олармен 
күресу бойынша ветеринариялық-санитариялық және санитариялық-
эпидемиологиялық ережелері» құжатында СР-дің АР, КБР, КҰБР, РБС 
кешенінің орнына тек өзін қолдану бекітілген (Астана, 2004). СР-ді ветерина-
риялық практикада сиыр бруцеллезін балауға ИФТ-ның альтернативі ретінде 
қолдануға болады (Е.И.Қасымов, 2003).
Б а к т е р и о л о г и я л ы қ з е р т т е у г е м а т е р и а л а л у. Әр 
түрлi жағдайда мынандай материал алынады: 
1.
Мал iш тастағанда – түсiк шаранасымен бiрге немесе түсiктiң 
ұлтабары (екi жағынан байланып), арнайы түтiкке алынған жүрегiнiң қаны 
(түтiктiң аузы дәнекерленедi), бауырының, өкпесiнiң, көк бауырының 
бөлiктерi.
2.
Малдан iш тастаудан басқа клиникалық белгiлер байқалса: сүт, несеп, 
нәжiс, жыныс жолдарынан алынған ағынды, абсцесстен алынған iрiң т.б. 
3.
Лабораториялық зерттеуге материал алу мақсатымен арнайы сойыл-
ған малдан–ұлпа, жыныс органдары, желiнi, қуығы, бездерi.
Алынған патологиялық материал су өтпейтiн пергамент немесе целло-
фан қағаздарымен оралып темiр жәшiкке салынып, жолдама қағазбен бiрге 
мал дәрiгерлiгi лабораториясына жiберiледi. 
18-тәжірибелік сабақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет