Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


-сурет. Бірнеше түліке ортақ  инфекциялық аурулар



Pdf көрінісі
бет68/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 
19-сурет. Бірнеше түліке ортақ 
инфекциялық аурулар. 
 
А 
– туберкулез қоздырушысы (Циль-
Нильсен бойынша боялған);
Ә - 
доңыз 
топалаңында лимфа түйіндерінің қанта--
лауы мен некроздануы;
 Б 
– пастереллезде 
эпикардтағы нүктелі қанталаулар;
В 
– 
доңыз аусылында танау-дағы афталар мен 
эрозиялар;
 Г 
– тұяқ айырындағы жарақат-
тар;
Ғ
– аусылда сиырдың желін үрпісін-
дегі жарақаттар. 
П а т а н а т о м и я л ы қ б а л а у. 
Туберкулезден ада мал шаруашылық-
тарында аллергиялық тексеру кезiнде 
туберкулинге оң реакция берген мал арнайы сойылып, патанатомиялық 
зерттеу жүргiзiледi. Егер туберкулинге оң аллергиялық реакция берген 
малдың саны көп болса, союға клиникалық белгiлерi туберкулезге тән малды 
алу қажет. 
П а т а н а т о м и я л ы қ з е р т т е у. Малдың терiсiн сыпырғаннан 
бастап көзге көрiнетiн өзгерiстерге мән берiледi. Алдымен бастағы: жақ, 
жұтқыншақ сонан кейiн кеңiрдек, өкпеаралық (алдыңғы, ортаңғы, артқы) 
лимфа түйiндерi және өкпе ағзасы тiлiнiп қаралады. 
Құрсақ қуысын жарғанда: шажырқай, лимфа түйiндерi, бауыр, көк 
бауыр, аш iшектер, көк ет, ал желiндi тексергенде желiн үстi, сыртқы шап 
түйiндерi қаралады. Сонымен қатар көкiрек пердесi, жауырын алды, қабырға 
аралық, шап еттерiнiң арасындағы лимфа түйiндерi тексерiледi. 
Тексеру барысында өзгерiске ұшыраған ағзалардан бактериологиялық 
және гистологиялық зерттеулерге сынамалар алынады. Егерде тексерiлген 
ағзаларда туберкулезге тән ошақтар анықталмаса, онда өзгерiске жиi 
ұшырайтын: жұтқыншақ, кеңiрдек, өкпеаралық шажырқай, лимфа түйiндерi, 
өкпенiң ортаңғы бөлiгiн алуға болады. Материал арнайы шыны ыдыстарға 
салынып, жолдама қағазбен бiрге тез арада малдәрiгерлiк лабораториясына 
жiберiлуi тиiс. Гистологиялық зерттеуге алынған материал iшiнде 10% - ды 
формалин ерiтiндiсi (10 см
3
40% - ды формальдегид және 90 см
3
су) бар 
ауызы нығыз тығынмен жабылған шыны ыдысқа салынады. Ыдыстағы 
формалин ерiтiндiсi алынған материалдан 10 есе көп болуы керек. Лабора-


114 
тория шалғай жерлерде орналасқан жағдайда, бактериологиялық зерттеуге 
алынған материал 30%-ды глицериннiң ерiтiндiсiмен консервацияланады. 
Туберкулезден ада мал шаруашылықтарында туберкулинге оң реакция 
берiп арнайы сойылған малға патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргiз-
генде туберкулезге тән ошақтар анықтамаса, онда жоғарыда көрсетiлген 
ағзалардан лабораториялық зерттеуге материал алынады. Алынған материал 
бактериологиялық әдiстiң толық жүйесiмен тексерiлiп, туберкулез микобак-
териясының бар жоғы анықталады. 
Патанатомиялық тексеру барысында iшкi ағзаларда туберкулезге тән 
ошақ табылса, онда лабораториялық зерттеу микобактерияның түрiн анықтау 
мақсатымен жүргiзiледi. Туберкулездiң түбегейлi балауы қоректiк ортада 
өсiрiлiп, одан бөлiнiп алынған туберкулез микобактериясының таза өсiндiсiн 
алу немесе биологиялық әдiстiң оң нәтижесi (теңiз тышқаны патматериалды 
жұқтырғанда туберкулезге тән белгiлер берсе) арқылы анықталады. Сонымен 
қатар туберкулездiң түпкiлiктi балауы патанатомиялық зерттеу кезiнде iшкi 
ағзаларда туберкулезге тән ошақтардың табылуымен де расталынады. 
А л л е р г и я л ы қ б а л а у әдiсi организмнiң баяу типтi сезiмталды-
ғына негiзделген. Малды туберкулинмен жаппай тексергенде туберкулезге 
берiлетiн аллергиялық реакциямен қатар, парааллергиялық (6-кесте), яғни 
жалған реакция берiледі. Атипикалық микобактерияларға берiлетiн параал-
лергиялық реакцияны нақтылы туберкулез микобактериясына берiлетiн 
телiмдi аллергиялық реакциядан ажырату қиындық тудырады. Сондықтан 
аурудан ада мал шаруашылықтарында туберкулезге түбегейлi балау қою 
үшiн барлық әдiстер кешендi түрде қолданылуы қажет. 
С е р о л о г и я л ы қ б а л а у. Соңғы жылдардағы ғылыми еңбектерде 
туберкулездi балауға комплементтi байланыстыру реакциясымен қатар: 
гемагглютинация, Сайдулдин реакциялары, иммунды – ферменттi талдау әр 
түрлi антигендермен қойылып, практикаға ұсынылды. Қазiргi кезде туберку-
лезге қарсы жүргiзiлетiн күрес шараларына арналған нұсқауда туберкулездi 
балауға қосымша әдiс ретiнде комплементтi байланыстыру реакциясы 
бекiтiлген. 
Балау әдiстерi 
Туберкулез 
Парааллергиялық реакция 



Iндеттанулық 
Туберкулез қоздырушысының 
бастауы анықталады. Олар: 
табынға сырттан келген мал, сау 
малдың ауру малмен жанасуы, 
туберкулезбен ауыратын 
адамдардың мал күтуi, сүт өңдеу 
мекемелерiнен алынатын көк 
сүттiң дұрыс залалсызданбауы т.б. 
Туберкулездiң бастауы 
анықталмайды. 


115 
Клиникалық 
Жем-шөптiң сапалы болуына 
қарамастан табында арықтаған 
немесе өкпе ауруларына тән 
белгiлерi бар малдың болуы. 
Клиникалық белгiлер 
байқалмайды. 
Аллергиялық 
1. Туберкулинге оң аллергиялық
реакция берген малды қайталап 
тексергенде оның бастапқы оң 
нәтижесi сақталады. 
Аллергиялық реакияцияның 
нәтижесi малды қайталап 
тексергенде бастапқы 
нәтижесiмен ұласпайды. 
2. Туберкулиндi көзге тамызғанда 
және терi iшiне енгiзгенде, 
олардың оң нәтижелерi көбiнесе 
бiрдей болады. 
Аллергиялық реакция 
бiржақты, көбiнесе терi iшiне 
жiберген туберкулинге 
нәтижелi. 
3. Сиырға сүт қоректiлер, құс және 
атипикалық микобактериялардың 
қосындысынан дайындалған 
аллергендердi қолданғанда, әсiресе 
сүт қоректiлер аллергенiне 
нәтижелi реакция бередi /саны 
және сапасы жағынан/ 
Аллергиялық реакция сүт 
қоректiлер туберкулинiне 
қарағанда құс туберкулинiмен 
атипикалық 
микобактериялардың 
қосындысынан дайындалған 
аллергенге нәтижелi. 
4. Туберкулезге шалдыққан 
малдың туберкулинге беретiн 
аллергиялық реакциясы, малдың 
қоңы көтерiлгенде әсiресе жаз, күз 
айларында нәтижелi. 
Малдың қоңы көтерiлгенде 
парааллергиялық реакция 
берiлмейдi. 
Патанотомиялық 
Туберкулинге оң реакция берген 
малды арнайы сойып 
патанотомиялық зерттеу 
жүргiзгенде туберкулезге тән 
ошақтар табылады. 
Туберкулез ошақтары 
табылмайды. Кейбiр, малдың 
өкпесiнде, бауырында құрт 
ауруларының ошақтары 
анықталады. 
Бактериологиялық 
Туберкулез микобактериясы 
арнайы қоректiк ортада өседi және 
оның таза өсiндiсiн бөлiп алуға 
болады. 
Арнайы қоректiк ортада 
туберкулез микобактериясына 
ұқсамайтын өсiндiлер өседi, 
немесе қоректiк орта таза 
күйiнде қалады. 
6-кесте. Туберкулез және парааллергиялық реакция
кезiндегi айырмашылықтар. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у г е м а т е р и а л а л у. 
Туберкулинге оң аллергиялық реакция берiлiп сойылған малдардан алынған 
патологиялық материалдармен қатар, тiрi малдан да (егер туберкулезге тән 
клиникалық белгiлер байқалса) материал алынып, лабораториялық зерттеуге 
жiберiледi. Соңғысынан алынатын сүт, қақырық , несеп, нәжiс, қан сарысуы 


116 
лабораториялық әдiстермен зерттелгенде туберкулезге оң нәтиже берiлмесе 
онда материал белгiлi бiр уақыттардан кейін қайталанып алынып зерттелуi 
қажет. Материалдарды алу тәртiбi әртүрлi. Зерттеу материалдарын алу реттi-
лiктерi төмендегідей. Сүт, сауған кезде сиырдың әр емшегiнен алынады. 
Алдымен желiндi жылы сумен сабындап жуып, таза сүлгiмен құрғатып, 
желін үрпiсін 70%-ды спиртпен сүртедi. Қолды да осы жолмен тазарту керек. 
Желіннің әр үрпісінен сауынның басында және аяғында 20-25см
3
сүт 
алынады. 
Қ а қ ы р ы қ мал жөтелген кезде стерильденген дәкеге алынады. Қажет 
болса жануарды еріксiз жөтелтедi. Сораны танау iшiнен қасықпен қырып 
алуға болады. Материал бұл жолдармен алынбаса, онда кеңiрдектен арнайы 
танау мен кеңiрдектен сора алуға арналған зонд арқылы, ал аса бiр қажет 
жағдайда кеңiрдектi жарып (трахеотомия) алады. 
Н е с е п – мал ерiктi түрде зәр щығарғанда немесе стерильденген катетр 
арқылы қуықтан 150-200см
3
мөлшерiнде алынады. 
Н ә ж i с – тiк iшектен 30-50г мөлшерiнде алынып, стерильденген шыны 
сауытқа салынып, аузы тығындалады. 
Қ а н алу және оның сарысуын лабораториялық зерттеуге жiберу тәртiбi 
бруцеллез ауруында көрсетiлгендей. 
Т у б е р к у л е з д i д а у а л а у ж ә н е о д а н а р ы л у ш а р а л а- 
р ы н ы ң н е г i з г i п р и н ц и п т е р i. Туберкулезге қарсы жүргiзiлетiн 
жалпы шараларға: малды дұрыс азықтандыру, оларды жынысы мен жасына 
қарай бөлiп ұстау, аналық мал табынын тек қана шаруашылықтағы төлмен 
немесе асыл тұқымды мамандандырылған мал шаруашылықтарынан ғана 
алынған малмен толықтыру, фермаларда санитариялық реттiлiктi сақтау, 
туберкулезбен ауыратын адамдарды мал күтуге жiбермеу. Ал арнайы шара-
ларға: аллергиялық, серологиялық балау, мал қораларын дезинфекциялау 
жатады.
Бұл ауруға қарсы жасалатын арнайы шара – жануарларды туберку-
линмен тексеру. Аллергиялық әдiстiң маңыздылығы – малдың барлығын 
жаппай туберкулезге тексеруге болады. Дауалау мақсатымен жүргiзiлетiн 
аллергиялық тексеруге шаруашылық есебiндегi және жеке меншiктегi мал 
толығымен қамтылуы қажет. Жеке меншiктегi мал мен құстың дер уақытта 
туберкулезге тексерiлуi үшiн жүргiзiлетiн ұйымдастыру жұмысына шаруа-
шылық орналасқан ауылдық әкiмшiлiк көмек көрсетуi тиiс. Жұқпалы ауру-
лардың алдын алу мақсатымен жүргiзiлетiн дауалау шараларының жылдық 
жоспарын жасағанда арнайы түсiнiктемелерге, нұсқауларға және аурудың 
ауданадағы iндет ахуалына сәйкес малды туберкулезге тексеру мерзiмдерi 
көрсетiледi.


117 
1.Табын әр екi айда I рет туберкулезге 
зерттелiп отырылады. Ауру деп та-
былғандары 15 күн аралығында етке 
өткiзiледi. 
2. Жөтелiп немесе арықтап жем-шөп 
бойына жұқпай жүрген және кәрі мал- 
жарамсыз деп саналып етке өткізіледі. 
7. Сүт залалсыздандырылады. 
7
Сауын сиыр табындары тек қана қол-
дан ұрықтандырылады.
7
Жаз айларында мал лагерге шығары-
лып, фермаға ветсанитариялық шара-
лар жүргiзiледi, қора-жай санацияланады.
6.Кезектi зерттеулерде табыннан ауру мал 
анықталмаса, онда ол 6 ай бақылауға алы- 
нады. Бұл мерзiмде екi реттен әр 3 айда
зерттелiп, ауру мал анықталмаса, табын- 
нан шектеу алынады. 
1.Табындағы, барлық мал тез арада етке
өткiзiлуi қажет. 
2.Сүт қайнатылып залалсыздандырылады. 
3.Малды зерттеу, ұрықтандыру жұмыстары
тоқтатылады. 
4.Туберкулезге тән клиникалық белгілі бар 
мал бірден сойылады. 
5. Мал толық етке өткеннен кейiн, қора-жай 
тазаланып, күрделi жөндеулер жүргiзiлiп, 
санитариялық шаралар қолданылады. 
20-сурет. Сиыр фермасында туберкулезден арылу 
шараларының схемасы. 
Сиыр фермасында туберкулездiң iндеттiк жағдайына байланысты 
жүргiзiлетiн сауықтыру шаралары 20-суретте көрсетiлген. 
Мал дәрiгерi ауруды дауалау шараларын ұйымдастырып жүргiзумен 
қатар, мал шаруашылығы орналасқан мекен – жайдың туберкулезден мал 
және адамдар арасындағы iндеттiк жағдайына көңiл аударуы керек. Туберку-
лездiң түбегейлi балауы анықталған жағдайда ол туралы шаруашылықтың 
басшысына, ауданның бас мал дәрiгерiне, санитариялық-эпидемиология 
станциясына хабарлануы тиiс.
Туберкулез анықталған мекен-жай аурудан ада (таза, сау) емес деп 
жарияланып, карантин қойылып, аудандық мал дәрiгерлiгi станциясында 
сақталатын iндет тiркеу журналына (№1 вет), iндет картасына түсiрiледi.
Туберкулез орын алған шаруашылықта iндеттанулық зерттеуге негiз-
делiп, аурудан арылу шаралары жоспарланады. Iндеттанулық талдау жаса-
ғанда iндет процесiнiң негiзгi буындары дұрыс анықталса, яғни туберкулезге 
iндеттанулық балау қойылса, онда одан арылу мақсатымен жүргiзiлетiн 
арнайы күрес шараларын ауру қоздырушысының бастауын, таралу жолдарын 
жоюға тиiмдi түрде бағыттауға болады. 
Табында, туберкулезге 
шал
дыққан малдың саны
25%-
дан аспаса
Табында, туберкулезге 
шалдыққан малдың саны 
25%-дан артық
болса
Шектеу 


118 
12-зертханалық сабақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет