Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет67/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Індеттік жағдай
. «Алипов Теңізбай» сиыр фермасында 500 сиыр малы 
бар. Ферма қоршалған, ішкі және сыртқы санитариялық режимдер толық 
сақталған. Фермадағы мал: өсіру технологиясына, жасына, жынысына байла-
нысты жеке қораларда ұсталады. 10 км қашықтықта орналасқан «Алматы» 
шаруашылығында аусылға тән белгілер алғаш рет байқалғанда, аурулары 
оқшауланып, емделіп, сауларына А, О, Азия-1 штамдарынан даярланған вак-
цина қолданылған. Келесі күндері фермадағы барлық 1000 сиыр аусылға тән 
белгілермен жіті ауырып, 100 сиыр еріксіз сойылған.
«Алипов Теңізбай» сиыр фермасына індеттанулық зерттеу жүргізгенде 
барлық мал топтарында аусылдың жоқ екені анықталды. Ферма иесінде 
аусылға қарсы көрші шаруашылықта вакцина егілгеннен кейін мал ауырды 
деген ой қалыптасқан, сондықтан малды егуге қарсы пікір айтылуда.
Т а п с ы р м а : 
а) «Алматы» шаруашылығында аусылға тән белгілер байқағанда 
ауырғандарын оқшаулап, вакцина қолданғандары дұрыс па?
Дауалау шаралары 
Сауықтыру шаралары 
Аусылдан сау емес пункт 
Iндет ошағы 
Қатер төнген аймақ 


111 
ә) «Алматы» шаруашылығында инфекцияның зілді байқалуының 
себептерін анықтап, талдау жүргізіңіз.
б) «Алипов Теңізбай» сиыр фермасында жүргізілген індеттанулық 
зерттеу нәтижесі бойынша аусылға қарсы вакцина қолдануға бола ма? Болса 
жүргізілетін жалпы және арнайы шаралардың схемасын құрыңыз. 
17- тәжірибелік сабақ. 
Туберкулездi балау, одан арылу шаралары 
К е р е к т i қ ұ р а л д а р. Трахеотубус, инелер, сүт катетрi, танау қуысы 
мен кеңiрдектен сора алуға арналған зонд, 2 - грамдық шприц, туберкулин, 
Купер қайшысы, инесiз иньекторлар, туберкулиндi терi iшiне енгiзуге 
арналған арнайы инелер, қандауыр, қысқыш, патологиялық материал, сора, 
қақырық, сүт, қан сарысуы, несеп, нәжiс алатын стерильденген тығыны бар 
шыны ыдыстар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ ветеринария 
клиникасында немесе мал фермаларында жүргiзiледi. Студенттер 
туберкулездi iндеттанулық, клиникалық, аллергиялық балау әдістемелерімен 
танысып, туберкулиндi көзге тамызуды, терi iшiне арнайы инемен және 
инесiз инъекторлар арқылы енгiзудi, трахеотубустың көмегiмен сора, катетр 
арқылы сүт алу әдiстерiн меңгередi. Туберкулинге оң реакция берiп, арнайы 
сойылған малға патанатомиялық тексеру жүргiзу, бактериологиялық, 
гистологиялық зерттеулерге материал алуды және оны лабораторияға жiберу 
тәртiбiн үйренедi. Малды туберкулезге клиникалық әдiстердi қолданып 
тексередi. 
Ауру қоздырушысы – микобактериялар (Mycobacterium). Олардың 3 түрі 
бар: 1) M. tuberculosis (адамдікі); 2) M. bovis (сиырдікі); 3) M.avium (құстікі). 
Циль-Нилсен әдісімен ашық – қызыл түске, ал басқа микрофлоралар көк 
түске боялады (19-сурет). 
Микобактериялар торшаларында майлы заттардың болуына байланысты 
бактерия сыртқы ортаға төзімді. Мысалы, микробтың патогендігі қида – 7 ай, 
кепкен кепеде – 1 жылға дейін, топырақта – 2 жылға дейін, өзен суында – 2 
айға дейін, тоңазытылған етте – 1 жылға дейін, майда – 45 күн, ірімшікте – 
45-100 күнге дейін, сүтте – 10 күн сақталады.
Т у б е р к у л е з д i б а л а у ә д i с т е р i н е қ ы с қ а ш а
с и п а т т а м а. Туберкулез созылмалы турде жасырын өтетiн жұқпалы ауру 
болғандықтан оған қарсы қолданылатын күрес шараларының iшiндегi 
негiзгiсi – ауруға шалдыққан малды дер уақытында анықтап, оны табыннан 
оқшаулап, етке өткiзу. Көп жылдардан берi туберкулездi балау үшiн ауыл 
шаруашылық жануарлары жаппай аллергиялық әдiспен тексерiлiп келедi. 
Бiрақ соңғы жылдарда аллергиялық әдiс басқа да өкпе ауруларына және 
туберкулездiң қоздырушысы емес, яғни атипикалық микробактерияларға 
жалған және парааллергиялық реакция беретiнi, сонымен қатар нақтылы 
туберкулезге шалдыққан малдың туберкулинге аллергиялық реакция 


112 
көрсететiн қабiлетiнiң төмендейтiндiгi (әсiресе аллергендi көзге тамызғанда) 
байқалып жүр. Осы себептерге байланысты, қазiргi кезде туберкулезден ада 
мал шаруашылықтарында ауруды дауалау мақсатымен малды және құсты 
аллергиялық әдiспен тексеру кезiнде туберкулинге оң реакция бергендерiн 
балаудың толық жүйесiмен (iндеттанулық, клиникалық, ажыратып балауға 
ұсынылған 
аллергендермен 
қосымша 
аллергиялық, 
серологиялық, 
патанатомиялық, бактериологиялық әдiстер) тексередi. Солардың нәтижесi 
бойынша туберкулезге түбегейлi балау қояды. 
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Туберкулезге iндеттанулық талдау 
жүргiзгенде алдымен шаруашылыққа сырттан малдың қабылданғаны, 
қабылданған жағдайда олардың карантиндiк мерзiмде ұсталғаны және мал 
алынған 
шаруашылықтардың 
туберкулезден 
iндет 
ахуалы 
анықталады.Карантиндiк мерзiмдегi бiр қабат аллергиялық тексеруде ауру 
малдың толық анықталмайтыны ескерiлiп, сырттан алынған мал қайталанып, 
мұқият түрде тексерiлудi қажет етедi. 
Туберкулез микобактериясы фермада iстейтiн адамдардың жеке 
меншiгiндегi малы, құсы, сонымен қатар сүт өңдеу мекемелерiнен алынатын 
көк сүт арқылы жұғуы ықтимал. Ауруды қоздырушы микобактерия ақырғы 
жолмен таралғанда, туберкулез алдымен төл арасында бой көрсетедi. 
Туберкулез микобактериясының адам мен сиырға тән типтерi, осы 
ауруға шалдыққан адамдар арқылы да таралатыны ескерiлiп, мал 
фермаларында ғана емес сонымен қатар шаруашылық орналасқан 
мекендердегi адамдар арасындағы туберкулездiң эпидемиялық ахуалы
анықталады. Осы өңiрде 
туберкулез емханасы немесе санаториясы болса, оның тазалық 
жағдайына мән берiлiп, маңынан жем-шөптiң дайындалғандығын және ол 
жерлерге мал өрiсiнiң, суатының қатынасын бiлу қажет. 
Туберкулезден арылған мал шаруашылықтарында 2-4 жыл өткеннен 
кейін, ауру әсiресе сол жылдары алынған төлдерден құралған табында 
қайталайтыны, практикада байқалып жүр. Сондықтан ауруға iндеттанулық 
талдау жасағанда, аудандық мал – дәрiгерлiгi станциясындағы iндеттi тiркеу 
журналынан шаруашылықтың туберкулезден өткен жылдардағы iндеттiк 
ахуалымен танысып, сол жылдары жүргiзiлген дауалау шараларының 
құжаттарын қарап, әсiресе аллергиялық тексерулердiң уақтылы, жоспарлы 
түрде жүргiзiлгендiгiн, оған барлық малдың қамтылғандығын анықтаған жөн. 
К л и н и к а л ы қ б а л а у. Туберкулезге тән клиникалық белгiлер 
(өкпенiң, iшектiң, желiннiң зақымдалуы) қазiргi кезде өте сирек кездеседi. 
Көбiнесе ауруға шалдыққан малдың арықтап, күйiнiң төмендегенi байқалады. 
Мұндай жағдай көбiнесе туберкулездiң ашық түрiмен ауырған малда болады. 
Арықтаған малдың туберкулинге аллергиялық реакция бермеуi де мүмкiн. 
Осыған байланысты туберкулезден таза табындарда арықтап, жем – шөп 
бойына жұқпай жүрген малды толық клиникалық тексеруден өткiзiп, 
олардың сүтiн (сауын сиыр болса), кеңiрдегiнен жағынды алып, қажет болса 


113 
несебiн, нәжiсiн бактериологиялық зерттеуден өткiзiп отырған жөн. 
Клиникалық әдiс арқылы көбiнесе көбiнесе туберкулездiң ашық, жұғымтал 
түрiмен ауыратын мал анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет