Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет63/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

1-ойынның шарты.
«Ровненский» шаруа қожалығы Жамбыл қаласынан 
4 шықырым қашықтықта орналасқан. Шаруашылықтың негізгі бағыты көкө-
ніс өсіру. Сүтті сиыр мен жылқы өсіру қосалқы шаруашылық болып санала-
ды. 2005 жылдың 2 қаңтарында 3620 сиыр, 460 жылқы тіркелген. Олар 
«Құмжота», «Жылқы зауыты», «Богара» елді мекендерінде жайғасқан. 
Олардың ара қашықтығы бір-бірінен 30-40 км, өзеннің бойында орналасқан.
Шаруашылық соңғы 5 жылда барлық инфекциялық аурулардан сау деп 
саналған. Барлық сиыр фермасы толық қоршалған, ішкі территория зоналарға 
бөлінген. Мал қораларына ветеринариялық-санитариялық жібергіш арқылы 
өтеді. Ветеринариялық объектілер (ветеринариялық-санитариялық жібергіш, 
қасапхана, дауалық карантиндеу бөлімі, жем және шөп қоймалары, олардағы 
өңдеу цехтары) сиыр қораларының маңында орналасқан. Фермаға транспорт-
тың тек дезинфекциялық тосқауыл (2%-ды формальдегид ерітіндісімен 
толтырылған) арқылы өтуі қарастырылған. Шаруашылықта малдың қозға-
лысы қатаң зоотехникалық есеп бойынша қадағаланады. Өндірістік зонада 
барлық ветеринариялық-санитариялық реттілік сақталған, арнайы шаралар 
нұсқауда бекітілген тәртіптерге сәйкестірілген, сұйық қи транспортер 
арқылы арнайы территорияға шығарылып отырылады. Сиырды сауу, сүтті 
алғашқы өңдеу (пастеризациялау, суыту) малды азықтандыру, суғару 
жүйелері толық механикаландырылған. Мал жаз айларында лагерге шыға-
рылып, жылдың басқа мерзімінде фермада ұсталады. Ферма мал азығымен 
толық қамтамасыз етілген.
I н д е т т i к ж а ғ д а й. Негiзгi аналық мал орналасқан “Богара” елдi 
мекенiнде 4 сиыр аяқ астынан ауырып, ерiксiз сойылған. Олардың ұшаларын 
зерттегенде топалаңға тән өзгерiстер анықталған. Бұдан 10 жыл бұрын бұл 
жерде топалаң ауруының болғаны белгiлi болды. 


100 
Т а п с ы р м а. Ойынға қатысушылардың әрқайсысының ойын шар-
тында көрсетілген объектілер бойынша атқаратын қызметін тағайындаулары 
қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет