96
Өлекседегi топалаңға тән белгiлер: iш кебу, ауыз, танау, артқы тесiктер-
ден аққан қанды көбiк байқалса, өлексенi жарып патология-анатомиялық
зерттеу жүргiзуге тыйым салынады. Кей жағдайда өлекседен бұндай белгiлер
байқалмауы мүмкiн. Көбiнесе аяқ астынан ауырған мал пышаққа iлiнедi.
Топалаңда еркiсiз сойылған малдың қаны ұйымайды, үлпершек ағзалар
ісініп, лимфа түйіндері қанталап, некрозданады (20-сурет). Әсiресе өзгерiске
көк бауыр (талақ) ұшырайды (көлемi ұлғаяды, кескенде қара қоңыр түстес
қою қан ағады, ұлпаның әдеттегi, яғни сау малдағыдай ақ және қызыл түстi
реңi сақталмайды).
Доңызда бұл ауру ангинозды формада байқалады. Бірақ ангина және
фарингитке тән белгілерді клиникалық байқау әркез мүмкін емес, сондықтан
ұшаны ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде баста ангинозды қа-
бынулар кездессе топалаңға күдіктену қажет.
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у.
Лабораторияға өлексенiң жатқан
жағының құлақ кесiндiсiнен арнайы шын түтiкке
қан тамшылары алынып,
аузы балқытылып дәнекерленедi немесе құлақтың кесiндiсi жiберiледi.
Мiндеттi түрде құлақ кесiндiсiнiң орны күйдiрiлуi қажет. Ерiксiз сойылған
малдың iшкi үлпершек ағзаларының өзгерiске ұшыраған бөлiктерi, мiндеттi
түрде көк бауыр немесе оның бiр бөлiгi, шошқаның жұтқыншақ, жақ асты
сөл түйiндерi маңындағы қанталаған жерлерiмен қоса алынып, целофан
қапқа немесе
пергамент қағазына оралып, арнайы темiр қорапқа салынып,
жолдама қағазбен бiрге шұғыл түрде лабораториялық зерттеуге жiберiледi.
Жiберiлген материалдардан арнайы төсеніш әйнекке жағынды алынып,
анилин бояуларымен боялып, микроскоп арқылы қаралады. Дара немесе
тiзбектелiп, қатар орналасқан Грам оң таяқшаларының көрiнуi топалаңға
күдiк туғызады.
Топалаңның нақтылы балауы арнаулы қоректiк ортада бөлiнiп алынған
ауру қоздырушысының таза өсiнiмен анықталады. Ол үшiн бактериоло-
гиялық тәсiлдiң толық жүйесi қолданылады.
Топалаңның адамға бұл iндетпен ауырған жануарлардың терiсiнен және
одан жасалынған бұйымдардан жұғатындығына байланысты, терi,
өңдеу
мекемелерiне түспес бұрын преципитация (Асколи) реакциясымен (ПР)
топалаңға тексерiлуi шарт. Бұл реакцияны Асколи деген ғалым ұсынған.
Т е р i н i п р е ц и п и т а ц и я р е а к ц и я с ы м е н т е к с е р у. Т е-
р i н i т е к с е р у г е д а й ы н д а у. Қоймаларда жиналған терiнiң
жарамсыз пұшпағынан алынып, автоклавта қыздырылған кесiндiсiнiң 2-3
грамы 15-20 см
3
фенолданған физиологиялық ерiтiндiде 1 тәулiк мөлшерiнде
бұқтырылып, оның сүзiндiсi зерттеледi. Егер де терiнi тез арада тексеру
қажет болса, терi пұшпағынан алынып, дайындалған кесiндiге физиоло-
гиялық ерiтiндi құйып, қайнағанға дейiн қыздырып, сүзiндiнi
қолдануға
болады. Бiрiншiсiн суық (баяу), екiншiсiн – преципитация әдісінің ыстық
(жедел) тәсiлi деп атайды.
97
Р е а к ц и я н ы қ о ю р е т т i л i г i. Iшiнде топалаңға оң 0,3см
3
қан
сарысуы бар Уленгут пробиркасына Пастер түтiгi арқылы 0,3 см
3
зерттеуге
даярланған сүзiндiнi топалаңға оң сарысудың беткi қабатына немесе астына
жiбередi.
Реакция дұрыс қойылған жағдайда топалаңға оң сарысу мен сүзiндiнiң
аралығында шекара сызық қалуы қажет, яғни ерiтiндiлер бiр-бiрiмен
араласпай қабаттасып орналасуы шарт.
Мiндеттi түрде реакцияның дұрыс қойылғандығын бiлу үшiн, оң және
терiс бақылаулар қойылады. Оң бақылау биофабрикалық жағдайда даярлан-
ған топалаң антигенi мен оң сарысумен, ал терiс бақылау антиген және сау
малдың қан сарысуымен қойылады.
Реакцияның нәтижесi 10-15 минут аралығында есепке алынады. Егер де
топалаңға оң қан сарысуы мен терi пұшпағынан дайындалған сүзiндiнiң
аралығындағы шекара сызықта ақ жолақ сақина түзiлсе – реакция оң деп
есептеледi, яғни терi
топалаңмен ауырған жануардiкi, керiсiнше ақ жолақ
сақина түзiлмесе – реакцияның терiс болғаны (сау жануардың терiсi).
Реакцияның оң және терiс бақылауларында өздерiне сәйкес оң немесе терiс
нәтижелер алынуы тиiс.
Преципитация реакциясымен терiнiң сүзiндiсi ғана емес, топалаңға
толық бактериологиялық зерттеу жүргiзгенде өлекседен немесе ерiксiз
сойылған малдан алынған патологиялық материалдың (ет, iшкi ағзалар
кесiндiлерi) сүзiндiсi де тексерiледi. Екi жағдайда да зерттеу материал-
дарынан сүзiндiлердi даярлау, реакцияны қою
және оның нәтижесiн есепке
алу тәртiптерi бiрдей.
Шаруашылық немесе басқада ветеринариялық объектілерде (ұшаларды
сараптау, кеден лабораторияларында т. б.) жағындыны микроскопиялау мүм-
кіндігі болып, Грам және капсуланы анықтайтын әдістердің бірімен бояғанда
капсуласы бар, тізбектелген таяқшалар анықталса, толық бактериологиялық
зерттеу нәтижесін тоспай, індеттің таралмауына қарсы шаралар орындалуы
қажет.
15- тәжірибелік сабақ.
Достарыңызбен бөлісу: