Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет65/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

 Аусылды балау әдістері 
 
К е р е к т i ж а б д ы қ т а р. Көрнектi құралдар (слайдылар, плакаттар), 
материал алуға арналған ыдыстар, ветеринариялық термос, поливаленттi 
вакциналар. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра зертханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы ауруды балау әдiстерiне талдау 
жасалынып, аусылдың басқа аурулардан айырмашылықтарына мән берiледi. 
Студенттер патологиялық материал алу, оны лабораториялық зерттеуге 
жiберу тәртiбiмен танысады. 
Инфекцияның өте тез тарайтын болғандықтан, одан арылу мақсатымен 
жүргiзiлетiн күрестiң нәтижелiгi, бұл iндеттi дер уақытында балап, шұғыл 
тиiстi шара қолдануға байланысты. Практикалық жағдайда аусылды 
клиникалық белгiлер арқылы балау көп қиындық тудырмайды. Әйтсе де, 
қайсыбiр жағдайда аусылдың басқа жұқпалы аурулармен қабаттаса өршуiне 
байланысты оның клиникалық белгiлерi айқын бiлiнбейдi. Сондықтан аусыл-
дан ада мал шаруашылықтарында зерттеу кешендi түрде (iндеттанулық, 
клиникалық, лабораториялық балау) жүргiзiлуi қажет.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Аусылға iндеттанулық зерттеу 
жүргiзгенде оның қоздырушы вирусы: жол немесе әуе көлiгiмен 
тасымалданған азық-түлiк, сырт өңiрден қатынасқан адамдар (егер сол 
мекендер аусылдан ада болмаса), жыл құстары, жабайы жануарлар, аңдар 
және аусылға төзiмдi үй жануарлары мен құстары (жылқы, ит, мысық, тауық, 
үйрек, қаз) арқылы таралатыны ескерiледi. 
Қоздырушы сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің көрінуіне 
3-4 күн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сүт және спермалары 
арқылы тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген малдардың 
жұтқыншағы мен мұрын қуысының қосылған жерінде вирус 9 айдан 
(қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады. Аурудың жасырын 
кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады. 
К л и н и к а л ы қ б а л а у. Аусылға тән клиникалық белгiлер жұп тұяқ-
тылардың iшiнде, әсiресе с и ы р д а айқын байқалады. Аурудың бастапқы 


106 
кезеңiнде малдың дене қызуы қалыпты мөлшерден тыс көтерiлiп (вирустың 
қан арқылы бүкiл денеге таралуына байланысты), азыққа тәбетi төмендейдi.
Аурудың келесi кезеңiнде үлкендi-кiшiлi күлдiреуiктер ауыз қуысында, 
тұяқтың көбесiнде, желiнде, үрпiде пайда болады. Күлдiреуiктердiң пайда 
болуымен малдың температурасы түседi. Соңынан күлдiреуiктер мөлдiр 
сұйыққа толып, жарылып, олардың орны жараға айналады. Ауыз iшiндегi 
жарақаттардың зардабынан сөл түйiндерiнен мөлшерден тыс бөлiнген 
сiлекей ауыздан көпiршiп ағады. Тiлдегi жаралар асқынғанда, тiл ауыздан 
салақтап шығады. Сауын сиырдың желiн үрпісі жарақаттанып (20-сурет), 
сүтi азайып, тез iридi. Ауру қатерсiз түрде өтiп, тиiстi ем қолданылса
жараның бетi қабыршықтанып жазылады. 
Б ұ з а у, т а й ы н ш а л а р д а аусыл өте зiлдi түрде өтедi. Олардың 
дене қызуы күрт көтерiлiп, 12-30 сағат iшiнде шығынға ұшырайды.
Қ о й м е н е ш к i д е аусыл жеңiл түрде өтедi. Ауырған малдың дене 
қызуы көтерiлiп, 2-3 тәулiктiң iшiнде күлдiреуiктер ерiнге, езуге, ауыз қуы-
сына, тұяқ арасына, желiнге шығып жарылады. Ұсақ малдың әсiресе ернi, 
езуi жарақаттанады. Сиырдағыдай ауыздан сiлекей шұбырып, тiлi салақта-
майды. Тұяқ астындағы жарақаттардың асқынуына байланысты малдың 
ақсағаны байқалады. 
Д о ң ы з аусылмен жеңiл түрде ауырады. Күлдiреуiктер көбiнесе 
тұмсық ұшына, құйрық маңына, тұяқ арасына шығады. Тұяқ арасындағы 
күлдiреуiктер жарылып, орны асқынып жараға айналып (20-сурет), ауырған 
шошқа аяғын баса алмай, тiзерлеп қозғалады. Аусылға шалдыққан торайлар-
дың iшi өтiп, олар iндеттiң бастапқы күндерiнде шығынға ұшырайды.
А у с ы л д ы ң б а с қ а а у р у л а р д а н а й ы р м а ш ы л ы ғ ы. 
Сиырдың аусылын басқа жұқпалы аурулардан iндеттанулық талдау және 
клиникалық белгiлерi бойынша ажырату қажет. 
Қойдың аусылын сарыптан (некробактериоз) iндеттанулық талдау 
жасап, клиникалық белгiлерi арқылы ажыратады. Сарып кезiнде ауыз 
қуысының жарақаттануы өте сирек кездеседi және де оның аусылдағыдай 
везикула, афта түзетiн кезеңдерi болмайды. Аусыл басқа жұқпалы 
аурулармен қатарласа жүргенде оларды айыру қиындық тудырады. Ондай 
жағдайда биологиялық, серологиялық әдiстер қолданылады. 
Доңыздың аусылын энтеровирус қоздыратын денесiн толарсақ басатын 
аурудан ажырату қажет. Бұл аурумен тек шошқа ғана ауырады. Сероло-
гиялық реакциямен тексергенде аусылдың оң сарысуымен реакция терiс 
нәтиже көрсетедi және энтеровирус шошқаның бүйрек ұлпасынан, ал аусыл-
ды қоздырушы вирус iрi қараның бүйрек ұлпасынан алынып жасалған 
қоректiк ортада ғана өседi. Сонымен қатар биологиялық жануарлар (теңiз 
тышқаны, ақ тышқан, қоян) энтеровирусқа төзiмдi. 
Жылқы тек қана ауыздың күлдiреулi қабынуымен: доңыз денесiн толар-
сақ басатын терi ауруымен: iрi қара ауыздың күлдiреулi қабынуы, аусылмен 


107 
ауырады. Iрi қарада бiрiншiсiнiң вирусын терi iшiне енгiзгенде, ал 
екiншiсiнiкiн тiлге жiбергенде ғана ауруды қоздыруға болады. 
Кейде мал жаппай уланған жағдайда, ауыздың сiлекей қабықтары жара-
қаттанады. Уланғанды, табындағы малдардың жаппай температурасын өл-
шеп, олардың өрiсiн тексерiп, т.б. деректерге сүйене отырып ажыратады. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у. Аусылды қоздырушы вирусты 
және оның типiн анықтау үшiн ауруға шалдыққан малдың жарақаттанған 
жерлерiнен жарылмаған күлдiреуiктердi қырып, немесе өлексенiң ойық 
жарасын, аймағындағы эпителий тканiмен бiрге алып iшiнде глицерин мен 
суперфосфат ерiтiндiлерi тең мөлшерде бар шыны ыдысқа (сырты қабат- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет