87474320427 169
зеңбіректерден жауған жойқын оқтар дәл аттарыныц маңдай алдынан кеп гүрс- гүрс жарылған.
Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер жүрек жігіттер ат-матымен омақаса жер қауып, заматта арттарында
келе жатқан жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе жатқан қалың қол еріксіз кейін
шегінді. Абылай бұйрығымен жігіттер тағы шапқан. Бұл жолы да жүзге таяуы қаза тауып, қалғаны
кейін серпілді. Зеңбіректі Цеван-Доржиды бұлай ала алмайтынын білген Абылай, енді шабуыл шебін
басқаша қүрды. Зеңбіректерге тікелей шаппай, оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды
бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға шығып, ең батыр деген үш жүзге тарта ер жігіттерінен айрылған
әскер не істерін білмей, тағы дағдарып қалды. Бұған Абылай:
3.
- Япырмай, осыншама, қазақтан жауға шабар бір еркек кіндікті тумаған ба? - деді қатты дауыстап.
- Қайсың барсың? Осы кезде топ ішінен «Абылай!» деген дауыс шықты. Бүл ұран салған Абылайдың
он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, зеңбіректерге қарай атой салды. Бірақ бұдан бұрын
гүрсілдеген тажалдардан әбден үркіп қалған астындағы басы қатты кертөбел, бала жігітті жау шебіне
емес, бір бүйірдегі жиде тоғайына қарай ала жөнелді. Жұрт тағы тына қалды. Дәл осы кезде,
Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігітгерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи түрған төбеге қарай,
басында үкілі
камшат бөркі бар, ақбоз атты бір қыз бала «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастан,
суырыльш шыға берді. Ақбоз ат көсіле сермеп келеді. Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар
болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай
алмады, лап қойды.
4.
- Абылай! - Атығай! - Ақжол! - Қарақожа! - Қабанбай! - Абылай! Абылай! «Қабанбай» аты
аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында келеді.
Зеңбіректер ортадағы
топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ
жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты әскері келіп үлгергенше, түйелі зеңбіректерді түйе-мүйесімен
таптап кетті. Ақ болат сауыты жарқылдап, Жалынқұйрығын көсілте Абылайдың өзі де шапты. Төбе
басындағы қонтайшы көк шатырын жинай бастады. Сөйткенше болған жоқ,
Жоңғардың шаян
құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді...
5.
Осылай жоңғар мен қазақ арасындагы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл казақ елінің
жоңғар қонтайшыларын мүлдем жеңіп, атамекен жерінен қуудын ең алғашқы айқасы еді. Абылай өз
шатырына келгеннен кейін, бағанағы қалмақ зеңбіректеріне
жападан-жалғыз карсы шауып, бүгінгі
жеңіске жол салған қызды іздетті. Бұл Қабанбай батыр мен қазақтың батыр қызы Гауһардан туған жас
Назым екен. Бүлдіршіндей жас қыздың осыншама ерлік көрсеткеніне риза болтан Абылай, беліндегі
сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай басқарған осы соғыс екі айға созылды.
13.
Автор қазақ халқының ержүректілігін қалай жеткізгісі келді?
A)
Қабанбай әрекеті арқылы
B)
Қыз әрекеті арқылы
C)
Батыр Баян әрекеті аркылы
D)
Қанай әрекеті арқылы
E)
Қолбасылар әрекеті арқылы
14.
Абылай неге жауынгерлеріне ренжіді?
A)
Әскерлері соғыс алаңынан қорықты
B)
Жауынгерлері алға жылжи алмады
C)
Шабуылды
жаңаша жоспарламады
D)
Әскерлер бас амандығын ойлады
E)
Қан төгіс қырғын қыза түсті
15.
Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні
A)
Жаудың шабуылға шығуы
B)
Жау шебінің мықтылыты
C)
Жаудың жеңілісі
D)
Хан сыйлығы
E)
Жау зеңбірегінің жеңісі
16.
Абылай неге қызға белбеуін сыйға тартты?
A)
Ерлігіне риза болғандықтан
B)
Шыққан тегіне риза болғандықтан
C)
Шабандоздығына риза болғандықтан
D)
Қыздың жастығына сүйсінгендіктен
E)
Қабанбайдың қызы болғандықтан
17.
Ақбоз атты
қыздың ұраны
A)
«Абылай!»
B)
«Ағытай!»
C)
«Қарақожа!»
D)
«Ақжол!»
E)
«Қабанбай!»
18.
Неліктен қазақ жауынгерлері тығырыққа тірелді?
A)
Қалмақтың қаруы басым болды
B)
Қорғандары болмады
C)
Дұрыс ұйымдаса алмады
D)
Қолбасшылары болмады
E)
Аттары
шабан болды
19.
Мәтіндегі негізгі ой қандай?
A)
Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу
87474320427 170
B)
Соғыс әдістерін үйрету
C)
Қазақ батырларын таныстыру
D)
Жоңғардың соғыс күшін суреттеу
E)
Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу
20.
Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі
A)
Соғыс әдіс-тәсілін білмеді
B)
Астындағы аты үрікті
C)
Аты үйретілмеген болды
D)
Қолында қаруы болмады
E)
Жауға жалғыз беттей алмады
Достарыңызбен бөлісу: